29.03.2018 г.
«Global Finance» журналының хабарлауынша, ForteBank Қазақстанның ең үздік банкі атанды
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ Астана қаласы 28.03.2018 ж. «Global Finance» журналының хабарлауынша, ForteBank Қазақстанның ең үздік банкі атанды 2018 жылғы 19 наурызда Нью-Йоркте «Global Finance» журналы өзінің жыл сайынғы әлемнің ең үздік банктерін марапаттаудың 25-ші рәсімі туралы хабарлады. Жыл сайын «Global Finance» 150-ден астам елдегі қаржы институттарына зерттеу жүргізіп, қарқынды өсу, инновациялық технологияны дайындау және енгізу, сонымен қатар стратегиялық жобаларды жүзеге асыру белгілеріне қарай үздіктерін таңдайды. «Global Finance» талдаушы сарапшыларының пікірінше ForteBank-ті жеңімпаз ретінде анықтаған негізгі факторлар – нарықтық ұстанымдарын күшейтуі, негізгі қаржы көрсеткіштерінің өсуі, бизнестің жаңа бағыттарын және IT-технологияны дамытуы. «Осы жылы сервисі күшті әрі бизнес-нәтижелері өте жақсы банктер лауреат атанды. Global Finance журналының марапатына ие болу біз үшін үлкен мәртебе. Бұл ForteBank-ті еліміздегі ең үздік банк ретінде таныған екінші марапат. Өткен жылдың желтоқсанында «The Banker» журналы ForteBank-ті Қазақстандағы ең үздік банк деп таныды. Бұл банк командасының бірнеше жылғы жұмысының нәтижесі, біз клиенттеріміз үшін озық технологияларды енгізе отырып, бөлшек бизнестегі, ШОБ және корпоративтік бизнестегі нарықтық ұстанымдарымызды үнемі жақсартып отырамыз. Банк капиталының жеткіліктігі мен өтімділігі бойынша нарықтағы көшбасшылық позициясын сақтауда және 2017 жылы барлық қаржылық әрі операциялық көрсеткіштер бойынша айтарлықтай өсті, оны халықаралық сарапшылар да байқады», - деді ForteBank Басқармасының Төрағасы Гурам Андроникашвили. ForteBank активтерінің көлемі бойынша Қазақстаннның ең ірі бес банктерінің қатарына кіреді және капиталдандыру мен өтімділік деңгейі бойынша алғашқы 10 ЕДБ арасында көшбасшылық позицияға ие. 2017 жылғы қорытынды бойынша ForteBank негізгі қаржылық көрсеткіштер бойынша сапалы өсімге қол жеткізді: +23,5% жыл басынан бастап активтердің өсімі; +13,2% банктің кредиттік қоржынының өсімі; +19,2% банктің депозиттік қоржынының өсімі; +47,9% 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы комиссиялық табыстың өсімі; +59,7% жыл басынан бастап POS-терминалдар санының өсімі; +31,7% жыл басынан бастап белсенді карталар санының өсімі; жыл басынан бері мобильді және интернет банкингті қолданушылар саны 3 есе өсті. Moody’s агенттігі «ForteBank» АҚ-ның рейтингі бойынша болжамын «тұрақтыдан» «позитивтіге» дейін жақсартты. S&P Global Ratings агенттігі «ForteBank» АҚ-ның рейтингін ұлттық шәкіл бойынша «kzBB-ден» «kzBB+»-ке дейін көтерді. «ForteBank» АҚ-ның рейтингтері бойынша болжамын «Тұрақтыдан» «Позитивтіге» ауыстырды және банк эмитентінің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингтерін «В/В» деңгейінде растады.14.03.2018 г.
2018 жылғы 12 наурызда болған "ForteBank" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысындағы дауыс беру қорытындысы туралы
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ 2018 жылғы 12 наурызда болған "ForteBank" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысындағы дауыс беру қорытындысы туралы «ForteBank» АҚ (Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010017, Астана қаласы, Достық к-сі, 8/1, (әрі қарай – «Банк») 2018 жылғы 12 наурызда астана уақытымен сағат 10.00-ден 11.00 дейін келесі мекенжайда өткізілген: Қазақстан Республикасы, 010017, Астана қаласы, Достық к-сі, 8/1, 8-ші қабат, "Semey" мәжіліс-залы, Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысындағы (әрі қарай – «Жиналыс») дауыс беру қорытындысы туралы хабарлайды. Жиналыстың бекітілген күн тәртібіне сәйкес, жиналыста «Банктің Директорлар Кеңесінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін анықтау, оның мүшелерін сайлау, сыйақының мөлшерін және төлеу талаптарын анықтау, сондай-ақ Банктің Директорлар Кеңесінің мүшелеріне өз міндеттерін орындағаны үшін шығындардың орнын толтыру мәселелері» қаралды Жиналыстағы дауыс беру қорытындысы бойынша келесі шешімдер қабылданды: – Банктің Директорлар Кеңесінің құрамы бес адамнан тұратын, оның өкілеттігі Банк акционерлерінің 2021 жылы болатын жылдық жалпы жиналысы өткізілгенде аяқталатын мерзіммен анықталды; – Банктің акционері Б.Ж. Утемуратовтың мүддесінің өкілдері ретінде, Банктің Директорлар Кеңесінің мүшелері болып М.Ауэзов, А.Утемуратов және Т.Исатаев сайланды; – Банктің Директорлар кеңесінің мүшелері - Банктің тәуелсіз директорлары болып Р. Бектуров, Х. Пандза сайланды; – "ForteBank" АҚ Директорлар Кеңесінің мүшелеріне сыйақыны және олардың шығындарының орнын толтыру саясатында анықталған мөлшерде және тәртіпте, Банктің Директорлар Кеңесінің мүшелеріне ай сайынғы тіркелген сыйақының мөлшері анықталды, онымен қоса өзге де төлемдер тағайындалды, сондай-ақ Банктің Директорлар Кеңесінің мүшелеріне шығындардың орнын толтырулар анықталды. Анықтамалық. Жиналыстың жүргізілу барысында ұсынылған, Банктің дауыс беруші қарапайым акцияларының жалпы саны 73 714 243 282 (Банктің дауыс беруші қарапайым акцияларының жалпы санының 97,3864 %). PRESS RELEASE On voting results at the Extraordinary General Meeting of ForteBank JSC shareholders held on March 12, 2018 ForteBank JSC (Management Board is located at: 8/1, Dostyk str., Astana city, 010017, Republic of Kazakhstan) (hereinafter the “Bank”) hereby announces the voting results at the Extraordinary General Meeting of the Bank Shareholders (hereinafter the “Meeting”) held on March 12, 2018 from 10.00 to 11.00 by Astana standard time, at the following address: “Semey” Conference Room, 8th floor, 8/1, Dostyk str., Astana city, 010017, Republic of Kazakhstan. According to the approved agenda, the following issue was considered at the Meeting: “On determining of the number of members, the term of office of the Board of Directors of the Bank, electing of members thereof, determining of the amount and terms of payment of remuneration, as well as reimbursing of expenses to the members of the Board of Directors of the Bank for the performance of their duties.” Based on the results of voting at the Meeting, the resolutions were passed as follows: – the composition of the Board of Directors of the Bank has been determined in the number of five persons with a term of office that expires at the time of the annual general meeting of shareholders of the Bank in 2021; – Mr. M. Auezov, Mr. A. Utemuratov and Mr. T. Issatayev were elected as members of the Board of Directors of the Bank, as representatives of interests of Mr. B. Utemuratov, a shareholder of the Bank; – Mr. R. Bekturov and Mr. H. Pandza were elected as members of the Board of Directors of the Bank – Independent Directors of the Bank; – the amount of monthly fixed remuneration of the members of the Board of Directors of the Bank has been determined, and it was established that other payments, as well as reimbursement of expenses to the members of the Board of Directors of the Bank, shall be carried out in the amount and in the manner set by the Policy of Remuneration of members of the Board of Directors of ForteBank JSC, and reimbursement of expenses thereof. For reference. Total common voting shares of the Bank represented at the Meeting during the whole time thereof – 73,714,243,282 (97.3864 % of the total common voting shares of the Bank).14.03.2018 г.
Банктің Директорлар Кеңесінің Төрағасын сайлау туралы
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ «ForteBank» АҚ (Басқарманың орналасқан жері – Қазақстан Республикасы, 010017, Астана қ., Достық көш., 8/1, бұдан әрі – «Банк») Банктің Директорлар Кеңесінің 2018 жылғы 12 наурыздағы шешіміне сәйкес (жиналыстың № 6 хаттамасы), Банктің Директорлар Кеңесінің Төрағасы болып Мағжан Мұратұлы Әуезов сайланды. PRESS RELEASE ForteBank JSC (Management Board is located at: bldg. 8/1, Dostyk str., Astana city, 010017, Republic of Kazakhstan, hereinafter referred to as the “Bank”) hereby informs that in accordance with the Resolution of the Board of Directors of the Bank dated March 12, 2018 (Minutes of the Meeting No.6), Mr. Magzhan Muratovich Auezov was elected as the Chairman of the Board of Directors of the Bank.09.02.2018 г.
«ForteBank» АҚ Басқармасының құрамындағы өзгерістер туралы
Астана қаласы 09.02.2018 ж. БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ «ForteBank» АҚ Басқармасының құрамындағы өзгерістер туралы «ForteBank» АҚ Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 9 ақпандағы шешімімен Мағжан Әуезовтың кандидатурасы Директорлар кеңесінің мүшесі одан әрі Директорлар кеңесінің Төрағасы лауазымына ұсынылуына байланысты оның Банктің Басқарма Төрағасы ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды. Банктің Директорлар кеңесі «ForteBank» АҚ Басқарма Төрағасы ретінде бұған дейін Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары лауазымында болған Гурам Андроникашвилиді тағайындады. Бұған дейін «Банк Kassa Nova» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымында болған Жұмабек Мамұтов «ForteBank» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. «Бір жылдық жұмысы кезінде Мағжан Әуезов алдына қойылған мақсаттарды орындап, ForteBank-ті еліміздің ең үздік 5 банкінің қатарына қосты. Келесі кезеңде ол өзінің қаржы саласындағы жетік білімімен Директорлар кеңесіндегі жаңа рөлінде банктің стратегиялық мақсаттарына ден қояды. Гурам Андроникашвилиді Басқарма Төрағасы лауазымына тағайындауға оның халықаралық қаржы институттарындағы үлкен тәжірибесі және банк құрылғаннан бері оны дамытуға белсенді қатысуы негіз болды. Оның мақсаты – ForteBank-ті Қазақстанның банктік секторындағы көшбасшы ретінде қарқынды дамуын жалғастыру», - деп түсіндірді «ForteBank» АҚ мажоритарлы акционері Болат Өтемұратов. Банк туралы жалпы ақпарат «ForteBank» АҚ – 2015 жылы «Альянс Банк» АҚ, «Темiрбанк» АҚ және «ForteBank» АҚ бірігуі нәтижесінде құрылған Қазақстанның ең ірі банктерінің бірі. Банктің еліміздің барлық аймақтары мен қалаларында 19 филиалы және 102 бөлімшесі, сонымен қатар 850-ден аса банкоматтан және сауда және сервистік кәсіпорындарында 10 000-ға жуық POS-терминалдан тұратын кең терминалдық және эквайрингтік желісі бар. Банкте 3 500-нен астам маман жұмыс істейді. Байланыс үшін: ForteBank баспасөз қызметі Эльвира Пелтола Тел.: +7 (7172) 59 99 99 (ішкі 10868, 10975) +77057195595 E-mail: epeltola@fortebank.com