Нашар көретіндерге
KZ
KZ

ForteBank пен Самұрық-Қазынаның ынтымақтастығы артуда

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ Астана қаласы 01.10.2018 ForteBank пен Самұрық-Қазынаның ынтымақтастығы артуда «ForteBank» АҚ және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ келісімге қол қойды, оның шегінде ForteBank Самұрық-Қазына, «Қазақстан Темiр Жолы» ұлттық компаниясы» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының борышқорлық облигацияларын сатып алады және «Самұрық-Қазына» Тобының компанияларына өзінің операциялық қызметтерін ұсынады. «Самұрық-Қазынамен ұзақ мерзімді серіктестігімізді әрі қарай жалғастыруға қуаныштымыз және серіктестігіміз экономиканың нақты секторын кредиттеу бойынша стратегиялық жобалардың тиімді іске асырылуына ықпал ететіндігіне сенімдіміз. ForteBank-тің капиталының жеткіліктілігі және елдегі өтімділігі бойынша озық орнын сақтай отырып, 2018 жылы барлық қаржы және операциялық көрсеткіштері бойынша айтарлықтай өскенін көрсетеді. Самұрық-Қазына, Қазақстан Темiр Жолы және Қазатомөнеркәсіппен жасалған бұл мәміле Қазақстанның корпоративтік сегментінде ForteBank орнының ерекшелігін арттырады», - деп ForteBank Басқармасының Төрағасы Гурам Андроникашвили айтып өтті. Самұрық-Қазына Fortebank-пен бекіткен шарты шегінде өзінің 220 млрд. теңге мөлшеріндегі депозитін ForteBank-тің ұзақ мерзімді облигацияларына айырбастады. Өз кезегінде ForteBank Самұрық-Қазына мен Қазақстан Темiр Жолының 150 млрд. теңге мөлшеріндегі облигацияларын және «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының 200 млн. АҚШ долларына дейінгі облигацияларын сатып алуда. Қазақстан Темiр Жолы және Самұрық-Қазынамен мәмілелер аяқталды, Қазатомөнеркәсібімен мәміле жақын арада аяқталатын болады. _________________________________________________________________________________ ForteBank еліміздің ең тұрақты, өтімді және жақсы капиталдандырылған банктерінің бірі, бізге 2 000 000 аса клиент сенеді, біздің 19 филиалымыз және 100-ге жуық бөлімшеміз бар. Банктің мобильді қосымшасы Markswebb ресейлік аналитикалық агенттігінің нұсқасы бойынша Қазақстандағы №1 және ТМД бойынша 10 үздіктің қатарында деп танылды. ForteBank 2017 жылы The Banker нұсқасы бойынша «Қазақстанның жыл банкі» және «Global Finance» нұсқасы бойынша Қазақстанның үздік банкі болып танылды.

01.10.2018 г.

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Астана қаласы

Астана қаласы

01.10.2018

01.10.2018

ForteBank пен Самұрық-Қазынаның ынтымақтастығы артуда

ForteBank пен Самұрық-Қазынаның ынтымақтастығы артуда

«ForteBank» АҚ және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ келісімге қол қойды, оның шегінде ForteBank Самұрық-Қазына, «Қазақстан Темiр Жолы» ұлттық компаниясы» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының борышқорлық облигацияларын сатып алады және «Самұрық-Қазына» Тобының компанияларына өзінің операциялық қызметтерін ұсынады.

«ForteBank» АҚ және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ келісімге қол қойды, оның шегінде ForteBank Самұрық-Қазына, «Қазақстан Темiр Жолы» ұлттық компаниясы» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының борышқорлық облигацияларын сатып алады және «Самұрық-Қазына» Тобының компанияларына өзінің операциялық қызметтерін ұсынады.

«Самұрық-Қазынамен ұзақ мерзімді серіктестігімізді әрі қарай жалғастыруға қуаныштымыз және серіктестігіміз экономиканың нақты секторын кредиттеу бойынша стратегиялық жобалардың тиімді іске асырылуына ықпал ететіндігіне сенімдіміз. ForteBank-тің капиталының жеткіліктілігі және елдегі өтімділігі бойынша озық орнын сақтай отырып, 2018 жылы барлық қаржы және операциялық көрсеткіштері бойынша айтарлықтай өскенін көрсетеді. Самұрық-Қазына, Қазақстан Темiр Жолы және Қазатомөнеркәсіппен жасалған бұл мәміле Қазақстанның корпоративтік сегментінде ForteBank орнының ерекшелігін арттырады», - деп ForteBank Басқармасының Төрағасы Гурам Андроникашвили айтып өтті.

«Самұрық-Қазынамен ұзақ мерзімді серіктестігімізді әрі қарай жалғастыруға қуаныштымыз және серіктестігіміз экономиканың нақты секторын кредиттеу бойынша стратегиялық жобалардың тиімді іске асырылуына ықпал ететіндігіне сенімдіміз. ForteBank-тің капиталының жеткіліктілігі және елдегі өтімділігі бойынша озық орнын сақтай отырып, 2018 жылы барлық қаржы және операциялық көрсеткіштері бойынша айтарлықтай өскенін көрсетеді. Самұрық-Қазына, Қазақстан Темiр Жолы және Қазатомөнеркәсіппен жасалған бұл мәміле Қазақстанның корпоративтік сегментінде ForteBank орнының ерекшелігін арттырады», - деп ForteBank Басқармасының Төрағасы Гурам Андроникашвили айтып өтті.

Самұрық-Қазына Fortebank-пен бекіткен шарты шегінде өзінің 220 млрд. теңге мөлшеріндегі депозитін ForteBank-тің ұзақ мерзімді облигацияларына айырбастады. Өз кезегінде ForteBank Самұрық-Қазына мен Қазақстан Темiр Жолының 150 млрд. теңге мөлшеріндегі облигацияларын және «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының 200 млн. АҚШ долларына дейінгі облигацияларын сатып алуда. Қазақстан Темiр Жолы және Самұрық-Қазынамен мәмілелер аяқталды, Қазатомөнеркәсібімен мәміле жақын арада аяқталатын болады.

Самұрық-Қазына Fortebank-пен бекіткен шарты шегінде өзінің 220 млрд. теңге мөлшеріндегі депозитін ForteBank-тің ұзақ мерзімді облигацияларына айырбастады. Өз кезегінде ForteBank Самұрық-Қазына мен Қазақстан Темiр Жолының 150 млрд. теңге мөлшеріндегі облигацияларын және «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының 200 млн. АҚШ долларына дейінгі облигацияларын сатып алуда. Қазақстан Темiр Жолы және Самұрық-Қазынамен мәмілелер аяқталды, Қазатомөнеркәсібімен мәміле жақын арада аяқталатын болады.

ForteBank еліміздің ең тұрақты, өтімді және жақсы капиталдандырылған банктерінің бірі, бізге 2 000 000 аса клиент сенеді, біздің 19 филиалымыз және 100-ге жуық бөлімшеміз бар. Банктің мобильді қосымшасы Markswebb ресейлік аналитикалық агенттігінің нұсқасы бойынша Қазақстандағы №1 және ТМД бойынша 10 үздіктің қатарында деп танылды. ForteBank 2017 жылы The Banker нұсқасы бойынша «Қазақстанның жыл банкі» және «Global Finance» нұсқасы бойынша Қазақстанның үздік банкі болып танылды.

ForteBank еліміздің ең тұрақты, өтімді және жақсы капиталдандырылған банктерінің бірі, бізге 2 000 000 аса клиент сенеді, біздің 19 филиалымыз және 100-ге жуық бөлімшеміз бар. Банктің мобильді қосымшасы Markswebb ресейлік аналитикалық агенттігінің нұсқасы бойынша Қазақстандағы №1 және ТМД бойынша 10 үздіктің қатарында деп танылды. ForteBank 2017 жылы The Banker нұсқасы бойынша «Қазақстанның жыл банкі» және «Global Finance» нұсқасы бойынша Қазақстанның үздік банкі болып танылды.

Похожие объявления

Похожие объявления

04.04.2018 г.

"ForteBank" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысындағы дауыс беру қорытындысы туралы

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ "ForteBank" АҚ (Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05P1P0/010017, Астана қаласы, Достық к-сі, 8/1, (бұдан әрі – "Банк") 2018 жылғы 02 сәуірде Астана уақытымен сағат 10.00-ден 11.00 дейін келесі мекенжайда өткен: Қазақстан Республикасы, Z05P1P0/010017, Астана қаласы, Достық көшесі, 8/1, 8-қабат, "Semey" мәжіліс-залы, Банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысындағы (бұдан әрі – "Жиналыс") дауыс беру қорытындысы туралы хабарлайды. Бекітілген күн тәртібіне сәйкес Жиналыста келесі мәселелер қаралды және дауыс беру нәтижелері бойынша келесідей шешімдер қабылданды. * * * Күн тәртібінің 1-мәселесі бойынша "Банктің 2017 жылы үшін жылдық қаржылық есебін бекіту туралы" Қосымша тіркелген, "ForteBank" АҚ-ның 2017 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған аудиттелген жылдық қаржылық есебі бекітілсін. * * * Күн тәртібінің 2-мәселесі бойынша "Банктің 2017 жылғы таза табысын үлестіру тәртібін бекіту, Банктің бір қарапайым акциясына есептегендегі дивиденд мөлшері туралы" 1. "ForteBank" АҚ-ң 2017 жылғы үлестірілмеген табыс бөлігін үлестірудің келесі тәртібі бекітілсін: – 2017 жылғы дивидендтерді төлеуге 7 750 000 000,00 (жеті миллиард жеті жүз елу миллион) теңгеден аспайтындай мөлшердеге сома бөлінсін; – Банктің билігінде дивидендтерді төлегеннен қалған, таза табыс сомасы қалдырылсын. 2. "ForteBank" АҚ-ң бір жай акциясына 0,085 теңге (сегіз бүтін оннан бес тиын) мөлшерінде есептеумен, онымен қоса Қазақстан Республикасы заңнамасында анықталған тәртіпте төлеуге тиісті салық сомасымен дивиденд мөлшері бекітілсін. Әрбір акционерге төленетін дивидендтердің жалпы сомасы бүтін тиынға дейін нақты анықталады (дөңгелектеу математикалық дөңгелектеу ережесі бойынша орындалады). Математикалық дөңгелектеу ережесі дегеніміз бүтіннен кейінгі сан 0-ден 4-ке дейін болса, бүтін мәні өзгермейді және бүтіннен кейінгі сан 5-тен 9-ға дейін болса, бүтін бір бірлікке көбейеді. 3. Дивидендтерді алуға құқы бар акционерлердің тізімі 2018 жылғы 05 сәуірде Астана уақытымен 00 сағат 00 минуттағы жағдайы бйынша тіркеп бекітілсін. 4. "ForteBank" АҚ-ң жай акциялары бойынша дивидендті төлеуді бастау күні - 2018 жылғы 6 сәуірден бастап анықталсын. 5. Төлеу тәртібі – бір жолғы бір төлеммен бекітілсін. 6. "ForteBank" АҚ-ң жай акциялары бойынша дивидендті төлеу нысаны – Банк акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесіндеге акционерлердің деректемелері бойынша қолма-қол ақшасыз тәртіпте бекітілсін. Деректемелер: атауы "ForteBank" АҚ, тіркеу туралы куәлік № 4241-1900-АО, орналасқан мекенжайы: Z05P1P0 (010017), Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі, 8/1, БСН 990740000683, БСК IRTYKZKA, ЖСК KZ23125KZT1001300204 "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі" РММ-де. *** Күн тәртібінің 3-мәселесі бойынша "Банктің Директорлар кеңесінің өткен қаржы жылына есеп беруі туралы" "ForteBank" АҚ Директорлар кеңесінің өткен қаржы жылына есебі бекітілсін. * * * Күн тәртібінің 4-мәселесі бойынша "Акционерлердің Банктің және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне қатысты жолдаулары және оны қарастырудың нәтижелері туралы" Банк 2017 жыл ішінде өзінің акционерлерінен "ForteBank" АҚ акциялары бойынша дивидендті есептеу және төлеу мәселелері бойынша, сондай-ақ Банктің акционерлеріне тиесілі акцияларды сату мәселелері туралы 46 өтініштер болғанын, "ForteBank" АҚ аталған өтініштерді қарау нәтижелері бойынша акционерлеріне тиісті түсініктемелермен хаттарды жібергені туралы "ForteBank" АҚ Басқармасының ақпараты ескерілсін. * * * Күн тәртібінің 5-мәселесі бойынша "Директорлар кеңесі мүшелерінің және Банк Басқармасының 2017 жылы үшін сыйақысының мөлшері және құрамы туралы" Қосымшада тіркеген Директорлар кеңесі мүшелерінің және Банк Басқармасының 2017 жылғы сыйақы мөлшері және құрамы туралы ақпараты ескерілсін. * * * Жиналысқа оның өткізілген уақыты бойы ұсынылған Банктің дауыс беруші жай акцияларының жалпы саны – 73 714 244 310 (жай акциялардың жалпы санының 97,3864 %). PRESS RELEASE ON VOTING RESULTS AT THE ANNUAL GENERAL MEETING OF SHAREHOLDERS of FORTEBANK JSC ForteBank JSC (Management Board is located at: bldg. 8/1, Dostyk str., Astana city, Z05P1P0/010017, Republic of Kazakhstan (hereinafter the “Bank”) hereby announces the voting results at the Annual General Meeting of the Bank Shareholders (hereinafter the “Meeting”) held on April 2, 2018 from 10.00 to 11.00 by Astana standard time, at the following address: Semey Conference Room, 8th floor, bldg. 8/1, Dostyk str., Astana city, Z05P1P0/010017, Republic of Kazakhstan. In accordance with the approved agenda, the following issues were considered at the Meeting, and following resolutions were passed based on the voting results. * * * Issue 1 of the Agenda “On approval of the 2017 annual financial statements of the Bank” To approve the attached audited annual financial statements of ForteBank JSC for the year ended December 31, 2017. * * * Issue 2 of the Agenda “On approval of the order of distribution of the Bank’s 2017 net income, the amount of the dividend per common share of the Bank” 1. To approve the following treatment of a part of undistributed profit of ForteBank JSC for 2017: – the amount up to a maximum of KZT 7,750,000,000.00 (seven billion seven hundred and fifty million tenge) to be allocated for payment of dividends for 2017; – the amount of net income remaining after the payment of dividends to be retained at the disposal of the Bank. 2. To approve the amount of dividend per common share of ForteBank JSC in the amount of KZT 0.085 (eight point five tiyn), including the amount of taxes payable in accordance with theestablished Law of the Republic of Kazakhstan. The total amount of dividends payable to each shareholder must be accurate to the integer tiyn (rounding is performed according to the mathematical rounding rules). The rule of mathematical rounding is the method of rounding, when the value of an integer tiyn (integer tiyns) does not change if the first digit after the rounded one is from 0 to 4, and changes by increasing by one if the first digit after the rounded one is from 5 to 9. 3. To record the list of shareholders eligible to receive dividends as of April 5, 2018, 00:00 by Astana standard time on. 4. To determine the date of commencing of dividend payment on common shares of ForteBank JSC – starting from April 6, 2018. 5. To approve the payment procedure – at a time by one payment. 6. To approve the form of payment of dividends on common shares of ForteBank JSC – in non-cash form to the banking details of shareholders in the system of the Bank share holder registers. Banking details: name ForteBank JSC, Certificate of Incorporation No.4241-1900-AO, location: bldg. 8/1, Dostyk str., Astana city, Republic of Kazakhstan, Z05P1P0 (010017), BIN 990740000683, BIC IRTYKZKA, IIC KZ23125KZT1001300204 with National Bank of the Republic of Kazakhstan Republican State Institution. * * * Issue 3 of the Agenda “On the Report of the Board of Directors of the Bank for the past financial year” To approve the report of the Board of Directors of ForteBank JSC for the expired fiscal year. * * * Issue 4 of the Agenda “On the appeals of shareholders to the actions of the Bank and its officials, and the results of consideration thereof” To take in consideration the information provided by the Management Board of ForteBank JSC that during 2017, the Bank received 46 appeals from its shareholders regarding accrual and payment of dividends on ForteBank JSC shares, as well as on the sale of ForteBank JSC shares owned by its shareholders, and that following the consideration of these appeals, ForteBank JSC sent letters to shareholders with appropriate explanations. * * * Issue 5 of the Agenda “On the amount and composition of remuneration of members of the Board of Directors and the Management Board of the Bank in 2017” To take into consideration the attached information on the amount and composition of remuneration of members of the Board of Directors and the Management Board of the Bank in 2017. * * * Total common voting shares of the Bank represented at the Meeting during the whole time thereof – 73,714,244,310 (97.3864 % of the total outstanding common shares).

03.04.2018 г.

ForteBank өз қызметінің 2017 жылғы нәтижелері туралы жариялады

Астана қаласы 03.04.2018 2017 жылы таза табыс 70%-ға, яғни 19.8 млрд теңгеге дейін өсті ForteBank аудиттелген шоғырландырылған қаржы есебіне негізделген, қызметінің 2017 жылғы нәтижелері туралы жариялады. ForteBank 2017 жылдың қорытындысы бойынша барлық негізгі қаржылық және операциялық көрсеткіштер бойынша сапалы өскенін көрсетті. Активтер Активтер нарық бойынша активтердің 5%-ға төмендеуі аясында 19%-ға өсіп, 1 445 млрд теңгені құрады. Кредиттер Кредит қоржыны нарықтың 14%-ға жалпы төмендеуі аясында 8%-ға өсті және 672 млрд теңгені құрады. Кредит қоржынының сапасы жақсарды, ҚР Ұлттық Банкінің әдістемесі бойынша әрекетсіз кредиттердің үлесі бір жыл бұрынғы 7,48%-бен салыстырғанда, 01.01.2018ж. жағдайы бойынша 7,24% құрады. Депозиттер Депозит қоржыны нарықтың 3%-ға төмендеуі аясында 22%-ға өсіп, 981 млрд теңгені құрады. Өтімділік деңгейі нарықтағы ең жоғарылардың бірі болып қала береді, ағымдағы өтімділік К4 коэффиценті (ағымдағы айналым активтерінің қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы), норматив 30% -дан кем болмағанда, 230 % құрайды. Капитал және табыс Таза пайда 2016 жылғы ұқсас көрсеткіштермен салыстырғанда, 70%-ға өсіп, 19,8 млрд теңгені құрады. Банктің меншікті капиталы 9,1% өсіп, 194 млрд теңгені құрады. Капиталдың жеткіліктілік К1 коэффиценті (банктің меншікті капиталының тәуекел деңгейі бойынша өлшенген активтерге қатынасы), норматив 5,5% -дан кем болмағанда, шамамен 19% құрады. «ForteBank қаржылық және операциялық оң нәтижелер көрсетуді жалғастыруда. Банк активтерінің мөлшері 2016 жылы 14%-ға, 2017 жылы 19%-ға өсті, бұл кредит және депозит қоржындарының сапалы өсу есебінен қамтамасыз етіледі. 2017 жылы нарықтық жайғасымдардың күшеюі бірден екі халықаралық Moody’s Investor Service және S&P Global Ratings рейтингі агенттіктерінің банк рейтингілері бойынша болжамының «тұрақты»-дан «жағымды»-ға жоғарлауымен бегіленді. Өткен жылдары үш банкті біріктірудің күрделі процесін сәтті аяқтап, ForteBank 2017 жылы капиталдың жеткіліктілігі және өтімділігі бойынша жетекші орынды сақтап тұр. Қаржы көрсеткіштері тұтас команданың жұмысын және соңғы бірнеше жыл бойы клиенттеріміздің тарапынан банкке деген ерекше сенім білдіруін көрсетеді»,- деп Басқарма Төрағасы Гурам Андроникашвили алынған нәтижелерді мәлімдеді. 2017 жылдың негізгі оқиғалары: · Moody’s агенттігі «ForteBank» АҚ рейтингілері бойынша болжамды «тұрақты»-дан «жағымды»-ға жақсартты; · S&P Global Ratings агенттігі «ForteBank» АҚ рейтингін ұлттық өлшем бойынша «kzBB»-ден «kzBB+» дейін жоғарлатты. «ForteBank» АҚ рейтингілері бойынша жасалған «тұрақты»-дан «жағымды»-ға болжамын қайта қарастырды және «В/В» деңгейінде банк эмитентінің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді рейтингілерін растады; · Markswebb ресейлік аналитикалық агенттігі ForteBank мобильді қосымшасын Қазақстандағы № 1 және ТМД бойынша 10 ең үздіктің қатарында деп таныды; · ForteBank «Kazakhstan Growth Forum K17» халықаралық конференциясында бизнес жүргізудегі инновациялық көзқарас үшін «Банктік трансформация» номинациясында «2017 жылдың Трансформаторы» премиясының иегері атанды; · ForteBank The Banker нұсқасы бойынша «Қазақстандағы жыл банкі» болып танылды; · ForteBank «Global Finance» нұсқасы бойынша ең үздік банк болып танылды.

29.03.2018 г.

«Global Finance» журналының хабарлауынша, ForteBank Қазақстанның ең үздік банкі атанды

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ Астана қаласы 28.03.2018 ж. «Global Finance» журналының хабарлауынша, ForteBank Қазақстанның ең үздік банкі атанды 2018 жылғы 19 наурызда Нью-Йоркте «Global Finance» журналы өзінің жыл сайынғы әлемнің ең үздік банктерін марапаттаудың 25-ші рәсімі туралы хабарлады. Жыл сайын «Global Finance» 150-ден астам елдегі қаржы институттарына зерттеу жүргізіп, қарқынды өсу, инновациялық технологияны дайындау және енгізу, сонымен қатар стратегиялық жобаларды жүзеге асыру белгілеріне қарай үздіктерін таңдайды. «Global Finance» талдаушы сарапшыларының пікірінше ForteBank-ті жеңімпаз ретінде анықтаған негізгі факторлар – нарықтық ұстанымдарын күшейтуі, негізгі қаржы көрсеткіштерінің өсуі, бизнестің жаңа бағыттарын және IT-технологияны дамытуы. «Осы жылы сервисі күшті әрі бизнес-нәтижелері өте жақсы банктер лауреат атанды. Global Finance журналының марапатына ие болу біз үшін үлкен мәртебе. Бұл ForteBank-ті еліміздегі ең үздік банк ретінде таныған екінші марапат. Өткен жылдың желтоқсанында «The Banker» журналы ForteBank-ті Қазақстандағы ең үздік банк деп таныды. Бұл банк командасының бірнеше жылғы жұмысының нәтижесі, біз клиенттеріміз үшін озық технологияларды енгізе отырып, бөлшек бизнестегі, ШОБ және корпоративтік бизнестегі нарықтық ұстанымдарымызды үнемі жақсартып отырамыз. Банк капиталының жеткіліктігі мен өтімділігі бойынша нарықтағы көшбасшылық позициясын сақтауда және 2017 жылы барлық қаржылық әрі операциялық көрсеткіштер бойынша айтарлықтай өсті, оны халықаралық сарапшылар да байқады», - деді ForteBank Басқармасының Төрағасы Гурам Андроникашвили. ForteBank активтерінің көлемі бойынша Қазақстаннның ең ірі бес банктерінің қатарына кіреді және капиталдандыру мен өтімділік деңгейі бойынша алғашқы 10 ЕДБ арасында көшбасшылық позицияға ие. 2017 жылғы қорытынды бойынша ForteBank негізгі қаржылық көрсеткіштер бойынша сапалы өсімге қол жеткізді: +23,5% жыл басынан бастап активтердің өсімі; +13,2% банктің кредиттік қоржынының өсімі; +19,2% банктің депозиттік қоржынының өсімі; +47,9% 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы комиссиялық табыстың өсімі; +59,7% жыл басынан бастап POS-терминалдар санының өсімі; +31,7% жыл басынан бастап белсенді карталар санының өсімі; жыл басынан бері мобильді және интернет банкингті қолданушылар саны 3 есе өсті. Moody’s агенттігі «ForteBank» АҚ-ның рейтингі бойынша болжамын «тұрақтыдан» «позитивтіге» дейін жақсартты. S&P Global Ratings агенттігі «ForteBank» АҚ-ның рейтингін ұлттық шәкіл бойынша «kzBB-ден» «kzBB+»-ке дейін көтерді. «ForteBank» АҚ-ның рейтингтері бойынша болжамын «Тұрақтыдан» «Позитивтіге» ауыстырды және банк эмитентінің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингтерін «В/В» деңгейінде растады.
ForteBank-ті таңдағаныңызға рахмет!Бізге хабарласыңыз, көмектесуге қуаныштымыз.



Барлық құқықтар сақталған © Forte 2024