Нашар көретіндерге
KZ
KZ

ForteBank бір доллар үшін 388 теңге бағамын белгілейді

**БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ** Нұр-Сұлтан қаласы 2020 жылғы 27 мамыр **ForteBank бір доллар үшін 388 теңге бағамын белгілейді ** Бұндай тосынсый көрермендерді Forte Digital Week-тің екінші күні күтіп тұрды. Өзіміздің өнімдік команданың күшімен жасалған Forte-нің жаңа қосымшасы жаңа сервистермен толықты. *«Forte-нің жаңа қосымшасында біз мобильді қосымшаның концепциясын толық өзгертіп, дизайнын қайта жасап, үйреншікті төлем жасау және ақша аудару сервистерін жақсартып қана қойған жоқпыз, оны цифрлық экожүйенің жаңа өнімдерімен және сервистерімен толықтырдық. Енді банктің мобильді қосымшасы Forte цифрлық экожүйесіне басты кіреберіс» *- деп баяндады ІТ блогінің басшысы **Нұрлан Сарсебеков**. Үйреншікті сервистерден бөлек қосымша жаңа өнімдермен толықты, солардың бірі ForteForex өнімі. *«Forte командасы күнделікті өмірде үйреншікті нәрсеге айналған валюта айырбатау сервисін детальді талдау жасады. Біздер мүлдем бірегей тәсілін жүзеге асырдық деп үміттенеміз. Қазақстан нарығында жеке тұлғаларға арналған бұндай шешімдерді кездестірген жоқпыз» -*, деп баяндады қазынашылық басшысы **Асыл Даутбаев**. ForteForex сауда алаңы — бұл банктің барлық клиенті валютаны өзінің бағамы бойынша сатып ала алатын және сата алатын қосымша. Енді айырбастау орындарынан және банктерден ең жақсы бағамды іздеудің қажеті жоқ. Forte клиенттері енді делдалсыз, «спрэдсіз» және басқа да қосымша шығынсыз бір-бірімен валютаны өздері саудалайды! *«Толық автоматтандырылған ForteForex алаңы бірнеше секунд ішінде мобильді телефон экранында бірнеше батырманы басу арқылы клиенттерімізге келісімге келіп, бір-бірімен мәміле жасауға мүмкіндік береді. Платформадағы барлық мәміле құпия түрде өтеді. Сіздер бұл сервистен барынша рақат көрсін деп біз комиссияны 0 теңге етіп қойдық»*, — деп бөлісті **Асыл**. Жаңа өнімді іске қосу құрметіне банк өзінің барлық клиентіне арнайы бағам түріндегі тосынсый дайындады. *«Ертең сағат 11:00-де ForteForex платформасына кіріп, бір сағат ішінде өзінің алғашқы өтінімін жасаған клиенттердің барлығына банк 100 АҚШ долларын ескі бағам – бір доллар үшін 388 теңгемен сатады»*, — деп мәлімдеді ForteBank Басқарма Төрағасы **Гурам Андроникашвили**. Саудаға қатысу үшін Forte-нің жаңа қосымшасын жүктеп, басты бетте ForteForex қыстырмасына кіріп, онда қысқаша оқудан өтіп, ең тиімді мәмілелер жасауға кірісуге болады. Таныстырылымның соңында көрермендерге жақын айларда іске қосылатын, жинағыңызды көбейтуге және операцияларда үнемдеуге мүмкіндік беретін ForteFamily отбасына арналған банк карталары жаңа пакетті ұсынысының анонсы көрсетілді. GOLD немесе PLATINUM сыйлықақылы картасын шығара отырып сіздің жақындарыңыз да сондай картаны тегін ала алады. Пакетті ұсыныста депозиттер бойынша ең үздік талаптар бар, ата-аналар үшін еліміздегі ең жоғарғы мөлшерлеме бойынша депозит қолжетімді болады, ал Forte қосымшасы арқылы коммуналды төлемдерді төлей отырып, коммуналды төлем сомасының 10-нан 100%-ке дейінгі мөлшерін сыйға алуға болады. Соманың бір бөлігін сіз үшін Банк төлейді. ForteFamily іске қосылған кезде сыйлықтар ұтысы басталады. Forte карта бойынша транзакция жасайтын клиенттер арасында жаңа Toyota автокөлігі ойнатылады! Ал бүгін forteweek.com сайтында өз мәліметтерін қалдырған барлық көрермендерге банк Forte картасы бойынша жарты жыл тегін қызмет көрсетуді сыйлайды. Ертең Forte Digital Week-тің соңғы күні болады, өткізіп алмаңыз, алда әлі көптеген қызық бар! Forte-нің жаңа қосымшасын жүктеп алу үшін сілтеме https://apps.apple.com/kz/app/forte/id1501520153. https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.forte.app.store

27.05.2020 г.

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Нұр-Сұлтан қаласы 2020 жылғы 27 мамыр

Нұр-Сұлтан қаласы 2020 жылғы 27 мамыр

ForteBank бір доллар үшін 388 теңге бағамын белгілейді

ForteBank бір доллар үшін 388 теңге бағамын белгілейді

Бұндай тосынсый көрермендерді Forte Digital Week-тің екінші күні күтіп тұрды. Өзіміздің өнімдік команданың күшімен жасалған Forte-нің жаңа қосымшасы жаңа сервистермен толықты.

Бұндай тосынсый көрермендерді Forte Digital Week-тің екінші күні күтіп тұрды. Өзіміздің өнімдік команданың күшімен жасалған Forte-нің жаңа қосымшасы жаңа сервистермен толықты.

«Forte-нің жаңа қосымшасында біз мобильді қосымшаның концепциясын толық өзгертіп, дизайнын қайта жасап, үйреншікті төлем жасау және ақша аудару сервистерін жақсартып қана қойған жоқпыз, оны цифрлық экожүйенің жаңа өнімдерімен және сервистерімен толықтырдық. Енді банктің мобильді қосымшасы Forte цифрлық экожүйесіне басты кіреберіс» - деп баяндады ІТ блогінің басшысы Нұрлан Сарсебеков.

«Forte-нің жаңа қосымшасында біз мобильді қосымшаның концепциясын толық өзгертіп, дизайнын қайта жасап, үйреншікті төлем жасау және ақша аудару сервистерін жақсартып қана қойған жоқпыз, оны цифрлық экожүйенің жаңа өнімдерімен және сервистерімен толықтырдық. Енді банктің мобильді қосымшасы Forte цифрлық экожүйесіне басты кіреберіс» - деп баяндады ІТ блогінің басшысы Нұрлан Сарсебеков.

Үйреншікті сервистерден бөлек қосымша жаңа өнімдермен толықты, солардың бірі ForteForex өнімі.

Үйреншікті сервистерден бөлек қосымша жаңа өнімдермен толықты, солардың бірі ForteForex өнімі.

«Forte командасы күнделікті өмірде үйреншікті нәрсеге айналған валюта айырбатау сервисін детальді талдау жасады. Біздер мүлдем бірегей тәсілін жүзеге асырдық деп үміттенеміз. Қазақстан нарығында жеке тұлғаларға арналған бұндай шешімдерді кездестірген жоқпыз» -, деп баяндады қазынашылық басшысы Асыл Даутбаев.

«Forte командасы күнделікті өмірде үйреншікті нәрсеге айналған валюта айырбатау сервисін детальді талдау жасады. Біздер мүлдем бірегей тәсілін жүзеге асырдық деп үміттенеміз. Қазақстан нарығында жеке тұлғаларға арналған бұндай шешімдерді кездестірген жоқпыз» -, деп баяндады қазынашылық басшысы Асыл Даутбаев.

ForteForex сауда алаңы — бұл банктің барлық клиенті валютаны өзінің бағамы бойынша сатып ала алатын және сата алатын қосымша. Енді айырбастау орындарынан және банктерден ең жақсы бағамды іздеудің қажеті жоқ. Forte клиенттері енді делдалсыз, «спрэдсіз» және басқа да қосымша шығынсыз бір-бірімен валютаны өздері саудалайды!

ForteForex сауда алаңы — бұл банктің барлық клиенті валютаны өзінің бағамы бойынша сатып ала алатын және сата алатын қосымша. Енді айырбастау орындарынан және банктерден ең жақсы бағамды іздеудің қажеті жоқ. Forte клиенттері енді делдалсыз, «спрэдсіз» және басқа да қосымша шығынсыз бір-бірімен валютаны өздері саудалайды!

«Толық автоматтандырылған ForteForex алаңы бірнеше секунд ішінде мобильді телефон экранында бірнеше батырманы басу арқылы клиенттерімізге келісімге келіп, бір-бірімен мәміле жасауға мүмкіндік береді. Платформадағы барлық мәміле құпия түрде өтеді. Сіздер бұл сервистен барынша рақат көрсін деп біз комиссияны 0 теңге етіп қойдық», — деп бөлісті Асыл.

«Толық автоматтандырылған ForteForex алаңы бірнеше секунд ішінде мобильді телефон экранында бірнеше батырманы басу арқылы клиенттерімізге келісімге келіп, бір-бірімен мәміле жасауға мүмкіндік береді. Платформадағы барлық мәміле құпия түрде өтеді. Сіздер бұл сервистен барынша рақат көрсін деп біз комиссияны 0 теңге етіп қойдық», — деп бөлісті Асыл.

Жаңа өнімді іске қосу құрметіне банк өзінің барлық клиентіне арнайы бағам түріндегі тосынсый дайындады.

Жаңа өнімді іске қосу құрметіне банк өзінің барлық клиентіне арнайы бағам түріндегі тосынсый дайындады.

«Ертең сағат 11:00-де ForteForex платформасына кіріп, бір сағат ішінде өзінің алғашқы өтінімін жасаған клиенттердің барлығына банк 100 АҚШ долларын ескі бағам – бір доллар үшін 388 теңгемен сатады», — деп мәлімдеді ForteBank Басқарма Төрағасы Гурам Андроникашвили.

«Ертең сағат 11:00-де ForteForex платформасына кіріп, бір сағат ішінде өзінің алғашқы өтінімін жасаған клиенттердің барлығына банк 100 АҚШ долларын ескі бағам – бір доллар үшін 388 теңгемен сатады», — деп мәлімдеді ForteBank Басқарма Төрағасы Гурам Андроникашвили.

Саудаға қатысу үшін Forte-нің жаңа қосымшасын жүктеп, басты бетте ForteForex қыстырмасына кіріп, онда қысқаша оқудан өтіп, ең тиімді мәмілелер жасауға кірісуге болады.

Саудаға қатысу үшін Forte-нің жаңа қосымшасын жүктеп, басты бетте ForteForex қыстырмасына кіріп, онда қысқаша оқудан өтіп, ең тиімді мәмілелер жасауға кірісуге болады.

Таныстырылымның соңында көрермендерге жақын айларда іске қосылатын, жинағыңызды көбейтуге және операцияларда үнемдеуге мүмкіндік беретін ForteFamily отбасына арналған банк карталары жаңа пакетті ұсынысының анонсы көрсетілді.

Таныстырылымның соңында көрермендерге жақын айларда іске қосылатын, жинағыңызды көбейтуге және операцияларда үнемдеуге мүмкіндік беретін ForteFamily отбасына арналған банк карталары жаңа пакетті ұсынысының анонсы көрсетілді.

GOLD немесе PLATINUM сыйлықақылы картасын шығара отырып сіздің жақындарыңыз да сондай картаны тегін ала алады. Пакетті ұсыныста депозиттер бойынша ең үздік талаптар бар, ата-аналар үшін еліміздегі ең жоғарғы мөлшерлеме бойынша депозит қолжетімді болады, ал Forte қосымшасы арқылы коммуналды төлемдерді төлей отырып, коммуналды төлем сомасының 10-нан 100%-ке дейінгі мөлшерін сыйға алуға болады. Соманың бір бөлігін сіз үшін Банк төлейді.

GOLD немесе PLATINUM сыйлықақылы картасын шығара отырып сіздің жақындарыңыз да сондай картаны тегін ала алады. Пакетті ұсыныста депозиттер бойынша ең үздік талаптар бар, ата-аналар үшін еліміздегі ең жоғарғы мөлшерлеме бойынша депозит қолжетімді болады, ал Forte қосымшасы арқылы коммуналды төлемдерді төлей отырып, коммуналды төлем сомасының 10-нан 100%-ке дейінгі мөлшерін сыйға алуға болады. Соманың бір бөлігін сіз үшін Банк төлейді.

ForteFamily іске қосылған кезде сыйлықтар ұтысы басталады. Forte карта бойынша транзакция жасайтын клиенттер арасында жаңа Toyota автокөлігі ойнатылады!

ForteFamily іске қосылған кезде сыйлықтар ұтысы басталады. Forte карта бойынша транзакция жасайтын клиенттер арасында жаңа Toyota автокөлігі ойнатылады!

Ал бүгін forteweek.com сайтында өз мәліметтерін қалдырған барлық көрермендерге банк Forte картасы бойынша жарты жыл тегін қызмет көрсетуді сыйлайды.

Ал бүгін forteweek.com сайтында өз мәліметтерін қалдырған барлық көрермендерге банк Forte картасы бойынша жарты жыл тегін қызмет көрсетуді сыйлайды.

Ертең Forte Digital Week-тің соңғы күні болады, өткізіп алмаңыз, алда әлі көптеген қызық бар! Forte-нің жаңа қосымшасын жүктеп алу үшін сілтеме

Ертең Forte Digital Week-тің соңғы күні болады, өткізіп алмаңыз, алда әлі көптеген қызық бар! Forte-нің жаңа қосымшасын жүктеп алу үшін сілтеме

Похожие объявления

Похожие объявления

26.05.2020 г.

ForteBank жаңа ForteMobile мобильді байланысының іске қосылатындығы туралы жариялады

**БАСПАСӨЗ БАҒДАРЛАМАСЫ** Нұр-Сұлтан қаласы 2020 жылғы 26 мамыр **ForteBank жаңа ForteMobile мобильді байланысының іске қосылатындығы туралы жариялады** «Сәлем! Сөйлесе аласыз ба?» Жыл сайын өтетін Forte-нің жаңа өнімдері мен сервистерін таныстыру осы жолы дәл осы сөйлеммен басталды. Осы жылы Forte таныстырылымды жаңа форматта жасады және оны Forte Digital Week деп атады. Қазақстандықтар өмірді оңайлататын банктің жаңа өнімдерімен және сервистерімен онлайн-режимде танысты. Forte экожүйесі үнемі жаңа қызметтермен және сервистермен толықтырылып отырады, ал бейбанктік өнімдер қатары кеңейіп келеді. *«ForteMarket цифрлық дүкенінде ұсақ электроникадан үй жиһазына дейін тауарлардың мыңдаған түрлері сатылады, ForteTravel — бұл туристік турлар мен әуе билеттерін сатып алу қызметі, Forte клиенттеріне басқа да көп нәрселер таныс болды»*, - деп айтады ForteBank Басқармасының Төрағасы **Гурам Андроникашвили.** — Және бүгін мен сіздерге банк өнімдеріне жатпайтын бірегей өнімімізді ұсынғым келеді, оның көмегімен сөйлесу ыңғайлы — *бұл біздің жаңа мобильді байланысымыз ForteMobile*». Forte-ден эксклюзивті мобильді байланыс екі тарифпен, яғни «Gold» және «Platinum» тарифтерімен ұсынылады, олардың атаулары төлем карточкалары түрлерінен алынған. *«Біз серіктесіміз Beeline Қазақстан-мен бірлесіп сіздер үшін күшті ұсыныстар жасадық. Біздің тарифтерімізбен сіздерде минут және интернет жетіспеушілігі туындамайды. Ал егер сіз біздің банктік өнімдерді белсенді қолдансаңыз, онда ерекше бонустар мен сервистерге ие боласыз»* - деп айтып өтті жоба менеджері **Алена Ахметова.** Тарифтер шығыс қоңырауларға тегін минуттардың көп мөлшерінен, интернет-трафик көлемінен, сондай-ақ әлеуметтік желілерге, мессенджерлерге, KAZNET және басқа сервистерге лимитсіз трафиктен құралады. Тарифтердің тағы бір құндылығы - ForteMobile мен серіктесіміз Beeline Қазақстан арасында қоңырау шалу тегін әрі шектеусіз. Жаңа мобильді байланыста басқа ешкімде жоқ бір сервис бар — роумингте банктің қолдау қызметіне тегін қоңырау шалу. Айтпақшы, қосымша да интернет трафиктерін тарифтеусіз тегін жұмыс жасайды. Бұл сіз сапар үшін карта бойынша лимитіңізді ұлғайтқыңыз келгенде немесе жақындарыңызға ақша аударғыңыз келген жағдайда керек. ForteMobile-мен кез келген елден ForteBank-ке қоңырау шалып, оператормен уақытты есептемей, қанша сөйлескіңіз келсе, сонша сөйлесе аласыз. Ол үшін +7 705 921-21-21 телефон нөмірі бойынша қоңырау шалсаңыз болады. Егер клиент айына 100 000 теңге және одан көп сомаға сауда жасап, ақысын ForteBank төлем карточкасымен төйлесе, онда клиент тағы бір жақсы бонусқа ие болады – мобильді байланыс үшін абоненттік төлем нөлге айналады. ForteMobile нөмірін ресімдеуді немесе өзіңіздегі нөмірді ForteMobile-ге ауыстыруды Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы банктің кез келген бөлімшесінде жүзеге асыра аласыз. Тағы бір жақсы жаңалық – ForteMobile сим-картасы мен ForteBank төлем карточкасынан құралған жинақтың лимиттелген жиынтығы, бұл ретте абоненттік нөмір мен карточка нөмірі сәйкес келеді. Forte бұл жобаны іске қосуға орай кішігірім сыйлық әзірледі. ForteMobile сим-картасына https://mobile.forte.kz/ сайтында тапсырыс берген адамдарға сол сим-картаны жеткізіп береміз. Ертең сағат 15:00-де Forte Digital Week-тің екінші күні өтеді, онда көптеген қызықты жаңалықтар мен сыйлықтар болады.

13.05.2020 г.

"ForteBank" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысындағы дауыс беру қорытындысы туралы

**БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ** "ForteBank" АҚ (бұдан әрі – "Банк") оның атқарушы органының (Басқарманың) орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05P1P0/010017, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 8/1, 2020 жылғы 04 мамырда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 10.00-ден 11.00 дейін келесі мекенжайда өткен: Қазақстан Республикасы, Z05P1P0/010017, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 8/1, 8-қабат, "Astana" мәжіліс-залы, Банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысындағы (бұдан әрі – "Жиналыс") дауыс беру қорытындысы туралы хабарлайды. Бекітілген күн тәртібіне сәйкес Жиналыста келесі мәселелер қаралды және дауыс беру нәтижелері бойынша келесідей шешімдер қабылданды. * * * **Күн тәртібінің 1-сұрағы "Банктің 2019 жылғы жылдық қаржылық есебін бекіту туралы" бойынша** 2019 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін Банктің ұсынылған аудиттелген жылдық қаржылық есебі бекітілсін. * * * **Күн тәртібінің 2-сұрағы "Банктің 2019 жылғы таза табысын үлестіру тәртібін бекіту туралы, Банктің бір жай акциясына төленетін дивиденд мөлшері туралы" бойынша** 1. "ForteBank" АҚ 2019 жылғы таза табысының бір бөлігін үлестірудің келесі тәртібі бекітілсін: - дивидендтерді төлеуге 21 117 000 000,00 (жиырма бір миллиард жүз он жеті миллион) теңгеден аспайтын сома бағытталсын; - дивидендтерді төлеуден қалған таза табыс сомасы Банктің иелігіне қалдырылсын. 2. "ForteBank" АҚ-ның бір жай акциясына төленетін дивиденд көлемі 0,2372 теңге (жиырма үш бүтін жүзден жетпіс екі) мөлшерінде бекітілсін, соның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте төленетін салық сомасы. Бұл ретте әр акционер бойынша төленетін дивидендтердің жалпы сомасы бүтін тиынға дейін нақты белгіленуі тиіс (дөңгелектеу математикалық дөңгелектеу ережесі бойынша орындалады). Математикалық дөңгелектеу ережесі бойынша дөңгелектейтін саннан кейінгі бірінші сан 0-ден 4-ке дейін болса, бұтін тиынның мәні өзгермейді, егер дөңгелектейтін саннан кейінгі бірінші сан 5-тен 9-ға дейін болса, бір бірлікке көбейеді. 3. 2020 жылғы 05 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 00 сағат 00 минуттағы жағдайы бойынша дивиденд алуға құқығы бар акционерлер тізімі тіркелсін. 4. "ForteBank" АҚ-ның жай акциялары бойынша дивиденд төлеудің бастапқы күні – 2020 жылғы 06 мамырдан бастап. 5. Төлем тәртібі – бір мезгілде бір төлеммен болып бекітілсін. 6. "ForteBank" АҚ-ның жай акциялары бойынша дивиденд төлеу нысаны – Банк акцияларын ұстаушылар тізілімі жүйесіндегі акционерлердің деректемелері бойынша қолма-қол ақшасыз тәртіпте болып бекітілсін. Қоғам деректемелері: атауы "ForteBank" АҚ, тіркелгендігі туралы куәлік № 4241-1900-АО, орналасқан жері: Z05P1P0 (010017), Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 8/1, банктік деректемелері: БСН 990740000683, БСК IRTYKZKA, корреспонденттік шот KZ23125KZT1001300204 "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" ММ-де. *** **Күн тәртібінің 3-сұрағы "Банктің Директорлар кеңесінің өткен қаржылық жыл үшін есебі туралы" бойынша** Банктің Директорлар кеңесінің өткен қаржылық жыл үшін есебі бекітілсін.   * * * **Күн тәртібінің 4-сұрағы "Акционерлердің Банктің және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне өтініші және оларды қарастыру қорытындысы туралы" бойынша** Банк Басқармасының 2019 жыл ішінде Банк алған 23 өтініштің ішінде 17-сі өз акционерлерінен Банк акциялары бойынша дивиденд есептеу, төлеу мәселелері бойынша, сонымен қатар Банк акционерлеріне тиесілі акцияларға иелік ету және сату мәселелері бойынша болды, оларға түсініктемемен жауап берілді, акционерлердің Банктің және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне өтініші 2019 жылы болған жоқ деген ақпараты назарға алынсын. * * * **Күн тәртібінің 5-сұрағы "Директорлар кеңесінің және Банк Басқармасының мүшелеріне төленетін сыйақы мөлшері және құрамы туралы" бойынша** 2019 жылы Директорлар кеңесінің және Банк Басқармасының мүшелеріне төленетін сыйақы мөлшері және құрамы туралы ұсынылған ақпарат назарға алынсын. * * * **Күн тәртібінің 6-сұрағы "Банкте аудит жүргізетін және 2020–2022 жылдарда 2020–2022жж. үшін қаржылық есебін шолуды жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды анықтау туралы" бойынша** "Эрнст энд Янг" ЖШС 2020-2022 жылдары 2020-2022 жылдар үшін Банктің қаржылық есебіне аудит және шолу жүргізетін аудиторлық ұйым ретінде белгіленсін. * * * **Күн тәртібінің 7-сұрағы "Банк Жарғысына енгізілетін № 6 өзгертуді бекіту туралы" бойынша** 1. Банк Жарғысына енгізілетін № 6 өзгерту осы шешімнің 1-қосымшасындағы редакцияда бекітілсін, осы шешім қабылданған күннен бастап күшіне енгізілсін. 2. Банк Басқармасының төрағасы Г. Андроникашвилиге (немесе оның міндетін атқарушы тұлғаға) Банк Жарғысына енгізілетін № 6 өзгертуге оның акционерлерінің атынан қол қою және Банк Жарғысына енгізілетін № 6 өзгертуді бекітумен байланысты басқа әрекеттерді орындау өкілеттігі берілсін. * * * *Жиналысқа оның өткізілген уақыты бойы ұсынылған Банктің дауыс беруші жай акцияларының жалпы саны – 73 714 243 282 (жай акциялардың жалпы санының 98,7032%).*

29.04.2020 г.

ForteBank өз қызметінің 2019 жылғы нәтижесін жариялады

**БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ** Нұр-Сұлтан қаласы 2020 жылғы 28 сәуір **ForteBank өз қызметінің 2019 жылғы нәтижесін жариялады ** ForteBank өз қызметінің аудиттелген шоғырландырылған қаржы есебіне негізделген 2019 жылғы нәтижесін жариялады. 2019 жыл қорытындысы бойынша ForteBank барлық басты қаржылық және операциялық көрсеткіштер бойынша сапалы өсім көрсетуде және Қазақстанның ең ірі банктерінің үштігіне кіреді. **Активтер** Активтер 23%-ке өсті және жыл соңында 2 070 млрд теңгені құрады. Өсім негізінен банктің клиенттік базасының өсімімің және клиенттердің ағымдағы шоттары мен салымдарының айтарлықтай өсімінің арқасында қамтамасыз етілді. **Кредиттер** Кредиттік портфель 14%-ке өсті және 785 млрд теңгені құрады. Банк кредит берудің консервативтік саясатын ұстанады және ол портфельдің сапасына әсер етеді. 90 күннен астам мерзімі өткен кредиттер үлесі 2019 жылы 1%-ке азайды және жыл соңында 6% құрады. Шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту ForteBank үшін маңызды бағыт болып табылады. Банктің кредиттік портфелінің 18% шағын және орта бизнес құрайды. 2019 жылы ForteBank Еуропа Қайта Құру және Даму Банкімен және Азия Даму Банкімен шағын және орта бизнеске кредит беру бағдарламалары бойынша қаржыландыру алу туралы келісім бекітті. Банктің корпоративтік кредиттік портфелі Банктің кредиттік портфелінің 26% құрады, бұл ретте банк 10 ірі қарыз алушыға берген кредит шоғыры кредиттік портфель жиынтығының 14% құрады (2018 жылғы 31 желтоқсандағы жағдайы бойынша 18,4%). **Депозиттер** Депозиттік портфель 24%-ке өсті және 1 337 млрд теңгені құрады. Өтімділік деңгейі нарықтағы ең жоғарғылардың бірі, ағымдағы өтімділік коэффициенті К4 (ағымдағы айналымдағы активтердің қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы) 165% құрайды, норматив 30%-тен кем емес. **Капитал және пайда** 2019 жылы таза пайда 45%-ке өсті және 42 233 миллион теңгені құрады. Екі есеге дерлік өсім таза проценттік табысты 59%-ке және таза комиссиялық табысты 54%-ке өсіру есебінен болды. Банктің таза проценттік маржасы (NIM) 2018 жылғы 4,2%-тен 2019 жылы 5,5%-ке дейін өсті. Банк капиталының рентабельділігі (ROAE) 19,7% құрады, 2018 жылы бұл көрсеткіш 14,8% құрады. Банктің жеке капиталы 15%-ке өсті және 229 млрд теңгені құрады. Капиталдың жеткіліктілік коэффициенті К1 (банктің жеке капиталының тәуекел деңгейі бойынша өлшенген активтерге қатынасы) 17,0% құрады, норматив 7,5%-тен кем емес. *«ForteBank жағымды қаржылық және операциялық нәтижелер көрсетуін жалғастыруда. Депозиттік портфельді сапалы өсірудің арқасында банк активтерінің көлемі 2019 жылы 23%-ке өсті. ForteBank екінші деңгейдегі банктердің активтерінің сапасын тәуелсіз бағалау рәсімінен сәтті өтті. AQR нәтижесі банктің жоғары сенімділігі мен тұрақтылығын және жиі және пруденциялық капитал талаптарына қатысты капиталдың айтарлықтай өсімін растады», - деп түсіндірді басқарма төрағасы **Гурам Андроникашвили**.* 2019 жылы банк 2020-2024 жж. даму стратегиясын бекітті және өз миссиясы ретінде Қазақстандағы сұранысы ең жоғары қызметтер экожүйесі болу деп белгіледі. Өз мақсатын жүзеге асыру үшін ForteBank 2019 жылы One Technologies компаниясының 100% үлесін сатып алу бойынша мәмілені аяқтады. One Technologies компаниясын сатып алу цифрландыру және кленттерге ең жақсы инновациялық қызметтерді ұсыну бойынша өз позициясын күшейту жолындағы ForteBank-тің маңызды қадамы болды. 2019 жылы жеке тұлғаларға арналған интернет банкинг клиенттерінің саны 65%-ке, заңды тұлғалар саны - 36%-ке өсті. Банктің шығарылған карточкалар саны 36%-ке өсті және 1,1 млн-нан асты. ForteBank инновациялық сервис жасауды және банктік емес қызметтер тізімін кеңейтуді жалғастырады. Бұндай өнімдердің алғашқылары – Forte Market цифрлық дүкені, онда ұсақ электроникадан үй жиһазына дейін мыңдаған әртүрлі тауар сатылады және Forte Travel —туристік турлар мен авиабилеттер сатып алу сервисі. **2019 жылдың басты оқиғалары: ** - Moody’s Investors Service (“Moody’s”) агенттігі ForteBank депозиттері бойынша ұзақ мерзімді рейтингіні В3-тен В1-ге өсірді (бірден екі сатыға), болжам «Тұрақты»; - S&P Global Ratings агенттігі ForteBank рейтингін «В»-ден «B+»-ке өсірді, болжам «Тұрақты»; - Fitch Ratings агенттігі ForteBank рейтингі бойынша болжамын «Тұрақтыдан» «Позитивтіге» жақсартты - KassaNova банкінің жай акцияларын 100% сатып алу бойынша мәміле аяқталды; - Кәсіпкерлікті қаржыландыруға ЕҚДБ-дан $60 млн тартылды; - Микро, шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруға Азия Даму Банкінен 31 млрд теңге тартылды; - 2014 жылы 236 570 000 АҚШ доллары сомасына шығарылған 11,75% купонымен және өтеу мерзімі 2024 ж. дейінгі облигацияларды мерзімінен бұрын толық өтеді; - AQR қорытындысы ForteBank-тің жоғары сенімділігі мен тұрақтылығын растады. AQR нәтижесі бойынша түзетулерді қолданған соң капиталдың жеткіліктілік коэффициенті К1 16,6% құрады, норматив 7,5%. БАҚ үшін байланыс нөмірі Байланыс қызметі Эльвира Пелтола Тел.: +7 (7172) 59 99 99 (ішкі 10868) epeltola@fortebank.com
ForteBank-ті таңдағаныңызға рахмет!Бізге хабарласыңыз, көмектесуге қуаныштымыз.



Барлық құқықтар сақталған © Forte 2024