Нашар көретіндерге
KZ
KZ

Выберите месяц

26.02.2021 г.

Хабарлама: 2021 жылғы 29 наурызда "ForteBank" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтеді

**Хабарлама: 2021 жылғы 29 наурызда "ForteBank" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтеді** **"ForteBank" АҚ (бұдан әрі – "Банк") оның атқарушы органының (Басқарманың) орналасқан жері: ** Қазақстан Республикасы, Z05P1P0/010017, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 8/1, өз акционерлеріне Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" заңының (бұдан әрі – "Акционерлік қоғамдар туралы" заң) 35-бабының 1-тармағының, 37-бабының 3-тармағының 3) тармақшасының және 41-бабының негізінде Банк Директорлар кеңесінің бастамасымен (2021 жылғы 4 ақпандағы № 3 отырыс хаттамасы) шақырылып жатқан Банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) өткізілетіндігі туралы хабарлайды. Жиналыс **2021 жылғы 29 наурызда** Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 10.00-ден бастап келесі мекенжайда өткізіледі: Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 8/1, 8-қабат, "Astana" мәжіліс залы. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2021 жылғы 29 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 09.00-ден бастап 09.45-ке дейін жүргізіледі. Жиналысқа қатысуға құқы бар Банк акционерлерінің тізімі 2021 жылғы 15 наурыз Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 00.00-гі жағдайы бойынша жасалады. Кворум болмаған жағдайда, Банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы 2021 жылғы 30 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 10.00-ден бастап сол мекенжай бойынша қайтадан өткізіледі. Қайтадан өткізілетін Банктің акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу 2021 жылғы 30 наурызда Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 09.00-ден бастап 09.45-ке дейін жүргізіледі. **Жиналыстың күн тәртібі:** 1. Банктің 2020 жылы үшін жылдық қаржылық есебін бекіту туралы. 2. Банктің 2020 жылғы таза табысын үлестіру тәртібін бекіту, Банктің бір қарапайым акциясына есептегендегі дивиденд мөлшері туралы. 3. Банктің Директорлар кеңесінің өткен қаржылық жыл бойынша есеп беруі туралы. 4. Акционерлердің Банктің және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне қатысты жолдаулары және оны қарастырудың нәтижелері туралы. 5. Директорлар кеңесі және Банк Басқармасы мүшелерінің 2020 жыл үшін сыйақысының мөлшері және құрамы туралы. 6. Банктің Директорлар кеңесі мүшелерінің сыйақы мөлшерін белгілеу туралы. 7. Директорлар кеңесі өкілеттіктерінің сандық құрамы және мерзімі туралы. 8. Директорлар кеңесінің мүшелерін – Банктік тәуелсіз директорын сайлау, оның өкілеттігінің мерізім және сыйақы деңгейі туралы. 9. Банктің Есеп комиссиясының мүшелерін сайлау, өкілеттіктерінің сандық құрамы және мерзімі туралы. "Акционерлік қоғамдар туралы" заңның 43-бабы 4-тармағының 1) тармақшасында сәйкес, егер мұндай толықтырулар туралы Банк акционерлеріне жиналыс өткізілетін күннен кемінде 15 күн бұрын хабарланған болса, Акционерлердің жиналысының күн тәртібіне қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан да көп процентін дербес немесе басқа акционерлермен жиынтықта иеленген акционер немесе директорлар кеңесі ұсынған толықтырулар енгізілуі мүмкін. "Акционерлік қоғамдар туралы" заңның 44-бабының 4-тармағына сәйкес, жиналыстың күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдар акционерлер танысуы үшін Банк Басқармасы орналасқан жерде жиналыс өткізілетін күннен 10 күнтізбелік күн бұрын дайын әрі қол жетімді болады. Банк акционерінің сұранысы болған кезде жиналыстың күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдар оған сұраныс алынғаннан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жіберіледі, бұл ретте құжаттар көшірмелерін жасауға және құжаттарды жеткізуге кеткен шығындарды акционер көтереді. Жиналысты өткізуге қатысты қосымша ақпаратты келесі телефон арқылы біле аласыз: +7 (7172) 59 99 99, ішкі 10200. Осы арқылы Банк акционерлеріне жиналыс өткізудің келесі тәртібін танысуға ұсынамыз: Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" заңының 17-бабының 5-тармағына сәйкес оффшорлық аймақтарда тіркелген, тізбесін уәкiлеттi орган белгілейтін заңды тұлғалар (Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар қызметінің және микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдар қызметтерінің мақсаттары үшін оффшорлық аймақтардың тізбесін бекіту туралы» 2020 жылғы 24 ақпандағы №8 қаулысын қараңыз) Қазақстан Республикасының резидент банктерінің дауыс беретiн акцияларын тiкелей немесе жанама иелене және (немесе) пайдалана алмайды және (немесе) оларға билiк ете алмайды. Аталған баптың 5-1 тармағына сай Акционерлердің жиналысына қатысатын акционер, егер оның өз акционерлерінің (қатысушылардың) тіркелген елі туралы ақпарат банкте жоқ болса, өтінішті табыс етеді, онда осындай акционерлердің (қатысушылардың) осы баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің талаптарын орындағаны туралы көрсетеді. Өтінішті табыс етпеген акционер акционерлердің жиналысына қатысуға жіберілмейтіні көзделген. Осыған байланысты тіркеу кезінде жиналысқа қатысушылар өздерінің жиналысқа қатысу және жиналыста қаралатын мәселелер бойынша дауыс беру құқығын растайтын құжаттарды берулері қажет. Жиналыс ашылғанға дейін келген акционерлерді (олардың өкілдерін) тіркеу жүргізіледі. Өзімен бірге жеке куәлігі болуы тиіс. Акционердің өкілі оның жиналысқа қатысу және дауыс беру өкілеттігін растайтын сенімхатты немесе сенімхатсыз акционердің атынан әрекет ету немесе оның мүддесін таныту құқығын растайтын құжатты беруі тиіс. Күндізгі тәртіпте өткізілетін Акционерлердің жиналысына келген акционер (акционердің өкілі) тіркелуі керек. Тіркеуден өтпеген акционер (оның өкілі) кворумды анықтауда есептелмейді және дауыс беруге қатыса алмайды. Жиналыс кворум болған жағдайда белгіленген уақытта ашылады. Жиналыста жиналыс төрағасы мен хатшысы сайланады, дауыс беру түрі – ашық немесе құпия (бюллетень бойынша) анықталады. «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңның 50-бабының 1-тармағына сәйкес акционерлердің жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыс беру келесі жағдайларды қоспағанда, «бір акция - бір дауыс» қағидаты негізінде жүзеге асырылады: Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда бір акционерге берілген акциялар бойынша дауыстардың ең көп санын шектеу; Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау кезінде кумулятивті дауыс беру; акционерлердің жиналысында дауыс беруге құқығы бар әрбір тұлғаға акционерлердің жиналысын өткізудің процедуралық мәселелері бойынша бір дауыс беру құқығын беру. Кумулятивті дауыс беру жағдайында акциялар бойынша берілген дауыстарды акционер Директорлар кеңесінің бір кандидаты үшін толық көлемде бере алады немесе ол директорлар кеңесіне бірнеше кандидаттар арасында бөле алады. Ең көп дауыс берілген кандидаттар директорлар кеңесіне сайланды деп танылады. Төрағаның күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға қатысуға құқығы бар адамдардың сөз сөйлеуіне, мұндай сөздер акционерлердің жиналысының регламентін бұзуға әкеп соғатын немесе осы мәселе бойынша жарыссөз тоқтатылған жағдайларды қоспағанда, бөгет жасауға құқығы жоқ. Акционерлердің жиналысы өзінің жұмысында үзіліс жариялау туралы және жұмыс мерзімін ұзарту туралы, оның ішінде акционерлердің жиналысының күн тәртібіндегі жекелеген мәселелердің қаралуын келесі күнге ауыстыру туралы шешім қабылдауға құқылы. Акционерлердің жиналысын күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, олар бойынша шешімдер қабылданғаннан кейін ғана жабық деп жариялауға болады. "Акционерлік қоғамдар туралы" заңның 52-бабының 1-тармағына сәйкес акционерлердің жиналысының хаттамасы жиналыс жабылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жасалып, қол қойылуға тиіс. Жиналыс "Акционерлік қоғамдар туралы" заңның 35-37, 39-48, 50-52 және 54 баптарына, Банк және банк қызметтері туралы заңның 17-бабының 5 және 5-1 тармақтарына және Банк Жарғысының 15-бабына сәйкес өткізіледі. Жиналыстың күн тәртібіндегі «Директорлар кеңесінің мүшесін - Банктің тәуелсіз директорын сайлау, оның сыйақы деңгейі және оның өкілеттігінің мерзімі туралы» мәселеге сәйкес, 2021 жылғы 15 наурыз сағат 18.00-ге дейінгі мерзімде Банкке Директорлар кеңесінің мүшелігіне кандидаттарды ұсынуды сұраймыз. Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 44-бабының 2-тармағына сәйкес, Банк Директорлар кеңесінің мүшелігіне ұсынылған кандидаттар туралы ақпарат мыналарды қамтуы керек екенін хабарлаймыз: 1) тегі, аты, сондай-ақ, қажет болса, әкесінің аты; 2) білімі туралы ақпарат; 3) Банкке үлестес екендігі туралы ақпарат; 4) соңғы үш жылдағы жұмыс орындары мен атқарған лауазымдары туралы ақпарат; 5) кандидаттың біліктілігін, жұмыс тәжірибесін растайтын өзге де мәліметтер. Банктің Директорлар кеңесінің құрамына сайлауға ұсынылған тұлға «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында, «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 54-бабында белгіленген басшы қызметкерлерге қойылатын талаптарға сай болуы керек. Тәуелсіз директор лауазымына сайлауға ұсынылған тұлға «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңның 1-бабының 20) тармақшасының талаптарына да сәйкес келуі керек. Банк акционерлерін Банктің акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына қатысуға шақырамыз.

19.02.2021 г.

Техникалық жұмыстар

Құрметті клиенттер, Банктік жүйелерге техникалық толықтыру жұмыстарын жүргізуге байланысты, жеке тұлғаларға арналған Интернет пен Мобильді банкингтің 2021 жылғы «23» ақпан күні сағат 02:00-ден бастап сағат 03:30-ға дейін уақытша жұмыс істемейтіні туралы хабарлаймыз. Осы туындаған ыңғайсыздық үшін Сізден кешірім сұраймыз және де Сіз түсінушілікпен қарайды деп ойлаймыз. Құрметпен, ForteBank.

15.02.2021 г.

Техникалық жұмыстар

Құрметті клиенттер, Банктік жүйелерге техникалық толықтыру жұмыстарын жүргізуге байланысты, жеке тұлғаларға арналған Интернет пен Мобильді банкингтің 2021 жылғы «18» ақпан күні сағат 04:00-ден бастап сағат 06:00-ге дейін уақытша жұмыс істемейтіні туралы хабарлаймыз. Осы туындаған ыңғайсыздық үшін Сізден кешірім сұраймыз және де Сіз түсінушілікпен қарайды деп ойлаймыз. Құрметпен, ForteBank.

10.02.2021 г.

Инженерлік жұмыстар

** Құрметті клиенттер! ** Техникалық жұмыстарға байланысты 12 ақпанда ** 16-00 ден 18-00 ** аралығында Банктің өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарында қызметтер қол жетімді болмайтынын ескертеміз. Құрметпен, ForteBank

08.02.2021 г.

Ағымдағы банктік шот шарттарын орындаудан бас тарту туралы хабарлама

«ForteBank АҚ-та ағымдағы банктік шоттары бар құрметті жеке тұлға клиенттері! «ForteBank» АҚ (бұдан әрі - Банк) Сізге «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 29-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, банк клиенттің банктік шотында 1 (бір) жылдан астам уақыт ақша болмаса, банктік шот шартын орындаудан бас тартуға (ағымдағы банктік есепшотты жабуға) құқығы бар екендігін хабарлайды. Жеке тұлғаның банктік (ағымдағы / арнайы ағымдағы) шоты (Жалпы талаптар) туралы шарттың 2.2. тармағының 4) тармақшасына сәйкес, клиенттің шотында бір жылдан астам уақыт ақша болмаған жағдайда, Банк көрсетілген уақыт өткен соң, клиенттің жеке хабарламасынсыз шотты жабады. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Банк осы арқылы Сізге ақша қалдығы 0 (нөл) теңгені құрайтын ағымдағы банктік шоттардың жабылатыны (ағымдағы банктік шот шарттарының тоқтатылуы) туралы хабарлайды. Сондай-ақ, егер Сізде ағымдағы банктік шотта бір жылдан астам уақыт бойы қозғалыссыз тұрған шотта ақша болса, Банк осындай шотты жүргізгені үшін Банктің тарифтеріне сәйкес комиссия алатынын хабарлайды. Банк комиссия сомасын шоттан алған соң, ағымдағы банктік шотта ақша қалмағанда, шотыңыз Жеке тұлғаның банктік (ағымдағы / арнайы ағымдағы) шоты (Жалпы талаптар) туралы шарттың 2.2. тармағының 4) тармақшасында белгіленген талаптарға сәйкес жабылады. **Бұл Хабарламаның жарияланған күні: 2021 жылғы 8 ақпан**
1
4
6
36
ForteBank-ті таңдағаныңызға рахмет!Бізге хабарласыңыз, көмектесуге қуаныштымыз.



Барлық құқықтар сақталған © Forte 2024