Нашар көретіндерге
KZ
KZ

Выберите месяц

Все

12.10.2018 г.

Техникалық жұмыстар

Құрметті клиенттер, Банктік жүйелерге техникалық толықтыру жұмыстарын жүргізуге байланысты, жеке тұлғаларға арналған Интернет пен Мобильді банкинг 2018 жылғы «14» қазан күні сағат 03-00-ден бастап сағат 05-00-ке дейінгі уақытша жұмыс істемейтіні туралы хабарлаймыз. Осы туындаған ыңғайсыздық үшін Сізден кешірім сұраймыз және де Сіз түсінушілікпен қарайды деп ойлаймыз. Құрметпен, ForteBank.

12.10.2018 г.

#

11.10.2018 г.

ForteBank Қызылорда қаласында заманауи филиалын ашты

10 қазанда Қызылорда қаласында ForteBank-тің заманауи филиалының ашылу салтанаты өтті. Ашылуға Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев және ForteBank басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили қатысты. «ForteBank еліміздің барлық аймақтарында жаңа үлгідегі жоғары технологиялық бөлімдерін ашуды жалғастыруда. Өткен жылдың мамыр айында біз Қызылорда қаласындағы филиалдың құрылысын бастадық, бүгін сол филиалды ашуға қуаныштымыз. The Financial Brand баспасының нұсқасы бойынша біздің офистеріміз банк бөлімшелерінің ең үздік дизайны қатарында. Біз жаңа сервистер жасай отырып, инновация мен технологияға зор көңіл бөлеміз, кезекке тұруды азайтып, банкпен қарым-қатынас процесін барынша жайлы, қолайлы және пайдалы етуге тырысудамыз», - деп атап өтті ашылу салтантында Гурам Андроникашвили. Қонақтарға экскурсияны ForteBank басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили мен филиал директоры Еркінбек Мұсабаев жүргізді. Олар офистердің тұжырымдамасы мен стилі ұзақ талқыланып, DINN италиялық дизайнерлік компанияның мамандарымен мұқият дайындалғандығын айтты. Бөлімшелердің басты ерекшелігі клиенттерді кезекте тұрудан арылтатын ыңғайлы өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары. Барлық қажетті қызметтерді барлық қолданушылар үшін ашық мобильді қосымша арқылы жасауға болады. Басқа кез келген банктің клиенті бола тұра ForteBank қосымшасын жүктеп, тіркеліп, банктің барлық қызметтерін қолдануға болады. «Елбасының тапсырмасы аясында Қызылорда облысында жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Аймақтағы бизнесті дамытуда еліміздің ең тұрақты әрі қарқынды дамып келе жатқан банктерінің бірі ForteBank те маңызды рөл атқарады», - деп атап өтті Қырымбек Көшербаев. Банк аймақтағы тұрғындарға және компанияларға қызмет көрсету бойынша сенімді қадаммен алдыңғы қатарға шығуда. ForteBank облыстық филиалының клиенттері 30 000 астам жеке тұлғалар және 2000-дай кәсіпкерлер. ForteBank «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының белсенді қатысушысы, ал Қызылорда облысындағы филиалы бөлінген қаражатты игеру бойынша бірнеше рет алғашқы үштікке кірді. 2017 жылдың қорытындысы бойынша филиал облыстағы екінші деңгейдегі банктер арасында рұқсат етілген жобалар саны мен сомасы бойынша екінші орынға ие болды. 2018 жылы филиал 300 млн. теңге сомасына 9 жобаны қаржыландырды. Қазіргі уақытта 1 млрд. теңгеден астам сомаға 12 жоба қарастырылуда және ағымдағы жылдық соңына дейін жүзеге асырылады.

05.10.2018 г.

Техникалық жұмыстар

Құрметті клиенттер, Банктік жүйелерге техникалық толықтыру жұмыстарын жүргізуге байланысты, жеке тұлғаларға арналған Интернет пен Мобильді банкингте карточкаларды шығару және карточкалық шоттар бойынша есептілікті қалыптастыру мүмкіндігі 2018 жылғы «05» қазан күні сағат 16-00-ден бастап 23-00 дейін уақытша жұмыс істемейтіні туралы хабарлаймыз. Осы туындаған ыңғайсыздық үшін Сізден кешірім сұраймыз және де Сіз түсінушілікпен қарайды деп ойлаймыз. Құрметпен, ForteBank.

01.10.2018 г.

ForteBank пен Самұрық-Қазынаның ынтымақтастығы артуда

«ForteBank» АҚ және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ келісімге қол қойды, оның шегінде ForteBank Самұрық-Қазына, «Қазақстан Темiр Жолы» ұлттық компаниясы» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының борышқорлық облигацияларын сатып алады және «Самұрық-Қазына» Тобының компанияларына өзінің операциялық қызметтерін ұсынады. «Самұрық-Қазынамен ұзақ мерзімді серіктестігімізді әрі қарай жалғастыруға қуаныштымыз және серіктестігіміз экономиканың нақты секторын кредиттеу бойынша стратегиялық жобалардың тиімді іске асырылуына ықпал ететіндігіне сенімдіміз. ForteBank-тің капиталының жеткіліктілігі және елдегі өтімділігі бойынша озық орнын сақтай отырып, 2018 жылы барлық қаржы және операциялық көрсеткіштері бойынша айтарлықтай өскенін көрсетеді. Самұрық-Қазына, Қазақстан Темiр Жолы және Қазатомөнеркәсіппен жасалған бұл мәміле Қазақстанның корпоративтік сегментінде ForteBank орнының ерекшелігін арттырады», - деп ForteBank Басқармасының Төрағасы Гурам Андроникашвили айтып өтті. Самұрық-Қазына Fortebank-пен бекіткен шарты шегінде өзінің 220 млрд. теңге мөлшеріндегі депозитін ForteBank-тің ұзақ мерзімді облигацияларына айырбастады. Өз кезегінде ForteBank Самұрық-Қазына мен Қазақстан Темiр Жолының 150 млрд. теңге мөлшеріндегі облигацияларын және «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының 200 млн. АҚШ долларына дейінгі облигацияларын сатып алуда. Қазақстан Темiр Жолы және Самұрық-Қазынамен мәмілелер аяқталды, Қазатомөнеркәсібімен мәміле жақын арада аяқталатын болады.
ForteBank-ті таңдағаныңызға рахмет!Бізге хабарласыңыз, көмектесуге қуаныштымыз.



Барлық құқықтар сақталған © Forte 2024