08.02.2021 г.
"ForteBank" АҚ Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы
**Нұр-Сұлтан, 2021 ж. 08 ақпан **– "ForteBank" акционерлік қоғамы, орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05P1P0/010017, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 8/1, (әрі қарай – "Банк") Бектұров Рүстем Сәбитұлының Директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттігі өзінің бастамасы бойынша мерзiмiнен бұрын 2021 жылғы 05 ақпанан бастап тоқтатылды (Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" заңының 55-бабының 4-тармағына сәйкес).20.01.2021 г.
ForteBank Asiamoney нұсқасы бойынша Қазақстанның үздік банкі болып танылды
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ Нұр-Сұлтан қ. 20.01.2021 ж. ForteBank Asiamoney нұсқасы бойынша Қазақстанның үздік банкі болып танылды ForteBank екінші рет Euromoney Institutional Investor PLC тобының бір бөлігі болып табылатын Asiamoney басылымының нұсқасы бойынша Қазақстандағы Жыл банкі болды. Әдеттегідей, Asiamoney сыйлығын беру туралы шешімді қаржы ұйымдарының қызметін терең талдау және жергілікті капитал нарықтарын зерттеу материалдары негізінде Euromoney редакторы бастаған беделді қаржы талдаушыларының тобы қабылдайды. Сонымен қатар, клиенттер мен серіктестердің нақты пікірлері ескеріледі. **Asiamoney халықаралық сарапшылары** пандемиялық ахуалға байланысты дағдарыс кезеңінде өз клиенттеріне қолдау көрсетуде ForteBank процестерінің сапалы қайта құрылуын жоғары бағалады. ForteBank мемлекеттің карантин кезеңінде қиындықтарға тап болған клиенттерді қайта құрылымдау жөніндегі бастамасын белсенді қолдады. Заңды тұлғалар үшін ForteBank Сovid-19-дан зардап шеккен салаларды қолдау бағдарламаларының бірегей қатысушысы болып табылады, жылдық 6% жеңілдікпен несиелендіріледі. **ForteBank Басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили** марапаттау рәсімінде пікір білдіре отырып: "Біз Asiamoney басылымына 2020 жылғы күрделі кезеңдегі жұмысымызды жоғары бағалағаны үшін алғысымызды білдіреміз. Пандемиядан туындаған қиын уақытқа қарамастан, ForteBank өз клиенттеріне қолдау көрсетуді және сапалы инновациялық қызметтерді ұсынуды жалғастыруда", - деді. ForteBank бірнеше рет халықаралық іскерлік басылымдардың беделді марапаттарына ие болған. The Banker және Global Finance, беделді халықаралық басылымдары үш жыл бойы ForteBank-тің "Қазақстандағы үздік банк" сыйлығын иеленді. ForteBank - елдегі ең тұрақты, өтімді және жақсы капиталдандырылған банктердің бірі. 2018-2020 жылдары ForteBank Global Finance нұсқасы бойынша Қазақстанның ең үздік банкі және 2019 жылы Asiamoney нұсқасы бойынша Қазақстанның ең үздік банкі деп танылды, сонымен қатар 2017, 2018 және 2020 жылдары The Banker журналының «Қазақстандағы Жыл банкі» сыйлығын алды. AQR нәтижелері ForteBank-тің жоғары сенімділігі мен тұрақтылығын растады. Банктің 20 филиалы және 100-ге жуық бөлімшесі бар.