Нашар көретіндерге
KZ
KZ
  • Forte
  • /
  • Новости
  • /
  • ForteBank активтерін көбейтті және Қазақстанның үздік банктерінің 3-не кірді

ForteBank активтерін көбейтті және Қазақстанның үздік банктерінің 3-не кірді

Нарық активтерінің 4,5%-ке өсуі аясында Банк активтері 18,1%-ке өсті және 1 776,7 млрд теңгені құрады. Осы арқылы 2019 жылдың 1 қаңтарында ForteBank 2 сатыға көтеріліп, активтерінің көлемі бойынша Қазақстанның үздік ЕДБ-нің 3-не кірді. Өтімділік деңгейі нарықтағы ең жоғарғылардың бірі күйінде қалды, ағымдағы өтімділік коэффициенті К4 (ағымдағы айналым активтерінің қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы) 154%, ал норматив 30%-тен кем болмауы тиіс). ForteBank Moody’s Investors Service және Standard & Poor’s әлемдік рейтинг агенттіктері рейтингілерінің өзгеруі болжамын тұрақтыдан позитивтіге қайта қарастырған Қазақстанның санаулы банктерінің бірі. ForteBank халықаралық беделді басылымдарда танылуда. The Banker пікірі бойынша екінші жыл қатарынан ForteBank «Қазақстанның жыл банкі» марапатына ие болды. Сонымен қатар 2018 жылы «The International Banker» банкке «Бөлшек бизнестегі ең үздік инновациялық банк» марапатын берді. Бұл жаңалыққа ForteBank Басқармасының Төрағасы Гурам Андроникашвили түсініктеме берді. «Егер алдыңғы жылдың қорытындысымен салыстырсақ, біз өткен жылға қарағанда 45-50% жоғарымыз. Бұл жерде 2 құраушы фактор бар – бөлшек бизнесте, сонымен қатар ШОБ-та жаңа клиенттерді тарту бойынша белсенді жұмыс. Бұл ретте жоғары сапалы қызмет көрсету және банк нарығындағы турбуленттілік клиенттерді ForteBank-ке жүгінуге итермелейді. Бұл комиссиялық табыстың айтарлықтай өсуіне және еркін өтімділікке әкеледі. Бұдан басқа кепілсіз кредит беруге баса назар аудара отырып, бөлшек кредит беруді қайта іске қостық, сонымен қатар ForteX валюталық онлайн алаңды дамытуды жалғастырудамыз және заңды тұлға клиенттердің қолма-қол ақшасыз конвертациясынан түсетін табысты айтарлықтай ұлғайттық».

31.01.2019 г.

Нарық активтерінің 4,5%-ке өсуі аясында Банк активтері 18,1%-ке өсті және 1 776,7 млрд теңгені құрады.

Нарық активтерінің 4,5%-ке өсуі аясында Банк активтері 18,1%-ке өсті және 1 776,7 млрд теңгені құрады.

Осы арқылы 2019 жылдың 1 қаңтарында ForteBank 2 сатыға көтеріліп, активтерінің көлемі бойынша Қазақстанның үздік ЕДБ-нің 3-не кірді.

Осы арқылы 2019 жылдың 1 қаңтарында ForteBank 2 сатыға көтеріліп, активтерінің көлемі бойынша Қазақстанның үздік ЕДБ-нің 3-не кірді.

Өтімділік деңгейі нарықтағы ең жоғарғылардың бірі күйінде қалды, ағымдағы өтімділік коэффициенті К4 (ағымдағы айналым активтерінің қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы) 154%, ал норматив 30%-тен кем болмауы тиіс).

ForteBank Moody’s Investors Service және Standard & Poor’s әлемдік рейтинг агенттіктері рейтингілерінің өзгеруі болжамын тұрақтыдан позитивтіге қайта қарастырған Қазақстанның санаулы банктерінің бірі.

ForteBank халықаралық беделді басылымдарда танылуда.

ForteBank халықаралық беделді басылымдарда танылуда.

The Banker пікірі бойынша екінші жыл қатарынан ForteBank «Қазақстанның жыл банкі» марапатына ие болды. Сонымен қатар 2018 жылы «The International Banker» банкке «Бөлшек бизнестегі ең үздік инновациялық банк» марапатын берді.

Бұл жаңалыққа ForteBank Басқармасының Төрағасы Гурам Андроникашвили түсініктеме берді.

Бұл жаңалыққа ForteBank Басқармасының Төрағасы Гурам Андроникашвили түсініктеме берді.

«Егер алдыңғы жылдың қорытындысымен салыстырсақ, біз өткен жылға қарағанда 45-50% жоғарымыз. Бұл жерде 2 құраушы фактор бар – бөлшек бизнесте, сонымен қатар ШОБ-та жаңа клиенттерді тарту бойынша белсенді жұмыс. Бұл ретте жоғары сапалы қызмет көрсету және банк нарығындағы турбуленттілік клиенттерді ForteBank-ке жүгінуге итермелейді. Бұл комиссиялық табыстың айтарлықтай өсуіне және еркін өтімділікке әкеледі. Бұдан басқа кепілсіз кредит беруге баса назар аудара отырып, бөлшек кредит беруді қайта іске қостық, сонымен қатар ForteX валюталық онлайн алаңды дамытуды жалғастырудамыз және заңды тұлға клиенттердің қолма-қол ақшасыз конвертациясынан түсетін табысты айтарлықтай ұлғайттық».

Похожие новости

Похожие новости

11.01.2019 г.

Техникалық жұмыстар

Құрметті клиенттері, Банктің автоматандырылған банктік ақпараттық жүйесіне жоспарлы техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты, 2019 жылғы 12 қаңтарда, 21:30 кейін Заңды тұлғалар үшін Интернет-банкинг қолжетімсіз болады, техникалық жұмыстарды жүргізудің орташа уақыты – 3 сағат. Сіздің аталған күндерге Заңды тұлғалар үшін Интернет-банкингі жүйесіндегі жұмыстарыңызды жоспарлауыңызды сұраймыз. Осы қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз! Құрметпен, ForteBank

10.01.2019 г.

Түркістан қаласындағы филиалы

Құрметті клиенттер, «ForteBank» АҚ Шымкент қаласындағы филиалының Түркістан қаласы, Тәуке хан көшесі, 371 мекенжайдағы бөлімшесінің 2019 жылғы 14 қаңтардан бастап жабылатындығы туралы хабарлаймыз. 2019 жылғы 14 қаңтардан бастап Түркістан қаласы, Тәуке хан көшесі, 371 мекенжайы бойынша «ForteBank» АҚ Түркістан қаласындағы филиалы қызмет жасайды. Қосымша ақпарат алу үшін Банктің Түркістан қаласындағы филиалына немесе 7575 нөмірі бойынша байланыс орталығына хабарласуыңызды сұраймыз.

26.12.2018 г.

Мейрам алдындағы күндері, мейрам күндері және демалыс күндеріндегі жұмыс кестесі және заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің төлем құжаттарын қабылдау тәртібі туралы хабарландыру

Құрметті клиенттер! АО «Forte Bank» сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтайды және мейрам алдындағы күндері, мейрам күндері және демалыс күндеріндегі жұмыс кестесі және заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің төлем құжаттарын қабылдау тәртібі туралы хабарлайды: 2018 жылғы 26 желтоқсанда: | Шетел валютасындағы қолма-қол ақшасыз төлемдер | Төлемдерді қабылдау | | |------------------------------------------------|--------------------------------------------------|---| | EUR, CHF, GBP, SEK, AUD, JPY валюталарында | 27.12.2018 ж. келешектегі валюталау күнімен ғана | | | RUB, CNY және USD валюталарында | қалыпты режимде | | Барлық қалған операциялар қалыпты режимде жүзеге асырылады. 2018 жылғы 27 желтоқсанда төлемдерді қабылдау қалыпты режимде жүзеге асырылады. 2018 жылғы 28 желтоқсанда шетел валютасында төлемдерді қабылдау ағымдағы валюталау күнімен ғана. 2018 жылғы 29 желтоқсанды қоса алғандағы күні басқа банктерге төленетін ұлттық валютадағы төлем құжаттары 2018 жылғы 29 желтоқсаннан кеш емес валюталау күнімен ғана қабылданады. 2018 жылғы 30 және 31 желтоқсан – демалыс күндері. 2019 жылғы 1 және 2 қаңтар – мейрам күндері. 2019 жылғы 03 қаңтар төлемдерді қабылдау қалыпты режимде, Ресей Федерациясында 09.01.2019 ж. дейін мейрам күндері болуына байланысты ресей рубліндегі (RUB) төлемдерді қабылданбайды. Ресей рублінде (RUB) төлемдерді қабылдау 08.01.2019 ж. - 09.01.2019 ж. келешектегі валюталау күнімен басталады. Құрметпен, ForteBank
ForteBank-ті таңдағаныңызға рахмет!Бізге хабарласыңыз, көмектесуге қуаныштымыз.

Барлық құқықтар сақталған © Forte 2024