Нашар көретіндерге
KZ
KZ
  • Forte
  • /
  • Новости
  • /
  • «FORTEBANK» АҚ АКЦИОНЕРЛЕРІНІҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫНДАҒЫ ДАУЫС БЕРУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ

«FORTEBANK» АҚ АКЦИОНЕРЛЕРІНІҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫНДАҒЫ ДАУЫС БЕРУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ

#

30.10.2020 г.

#

#

Похожие новости

Похожие новости

15.10.2020 г.

#

29.09.2020 г.

Валюталық ипотекалық қарыздарды айырбастау

Хабарландыру Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңының 34-бабына сәйкес «ForteBank» АҚ қарыз алушыға және (немесе) кепіл берушіге Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы аясында жеке тұлғалардың шетел валютасында берілген ипотекалық қарыз бойынша шетел валютасындағы қарызды Ұлттық Банктің 2015 жылғы 18 тамыздағы ресми бағамы бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына ауыстырған кезде ақшалай міндеттемесінің (берешегінің) бір жақты тәртіпте төмендетілгенін хабарлайды. Осы хабарландыру жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде қарыз алушыдан және (немесе) кепіл берушіден жазбаша қарсылықтың болмауы Банкпен қарыз алушының және (немесе) кепіл берушінің Банктің шетел валютасындағы ипотекалық қарыз бойынша ақшалай міндеттемені (берешекті) шетел валютасындағы негізгі борыш сомасын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына ауыстыру арқылы төмендетуіне келісімі ретінде қарастырылады. Бұнымен келіспеген жағдайда қарыз алушы және (немесе) кепіл беруші көрсетілген мерзімде «ForteBank» АҚ-ның өз қаласындағы филиалына тиісті жазбаша өтінішпен жүгінуі керек. Анықтама телефоны: 7575.

15.09.2020 г.

Хабарлама: 2020 жылғы 16 қазанда "ForteBank" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді

"ForteBank" АҚ (бұдан әрі – "Банк") оның атқарушы органының (Басқарманың) орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05P1P0/010017, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 8/1, өз акционерлеріне Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" заңының (бұдан әрі – "Акционерлік қоғамдар туралы" заң) 35 бабының 1 тармағының, 37 бабы 2 тармағының 1) тармақшасының және 41 бабының негізінде Банк Директорлар кеңесінің бастамасымен (2020 жылғы 15 қыркүйекте № 30(з) сырттай дауыс беру хаттамасы) шақырылып жатқан, Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) өткізілетіндігі туралы хабарлайды. Жиналыс **2020 жылғы 16 қазанда** Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 10.00-ден бастап келесі мекенжайда өткізіледі: Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 8/1, 8-қабат, "Astana" мәжіліс-залы. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу **2020 жылғы 16 қазанда** Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 09.00-ден бастап 09.45-ке дейін жүргізіледі. Жиналысқа қатысуға құқы бар Банк акционерлерінің тізімі **2020 жылғы 18 қыркүйекте** Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 00.00-гі жағдайы бойынша жасалады. Кворум болмаған жағдайда, Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы **2020 жылғы 19 қазанда** Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағ. 10.00-ден бастап сол мекенжай бойынша қайтадан өткізіледі. Қайтадан өткізілетін Банктің акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу **2020 жылғы 19 қазанда** Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 09.00-ден бастап 09.45-ке дейін жүргізіледі. **Жиналыстың күн тәртібі:** 1. Корпоративтік басқару кодексіне енгізілетін № 3 түзетуді бекіту туралы. "Акционерлік қоғамдар туралы" заңның 43-бабы 4 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіне мұндай толықтырулар туралы қоғам акционерлеріне жылдық жалпы жиналыс өткізілетін күнге дейін 15 күннен кешіктірілмей хабарланған жағдайда, қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан да көп пайызын дербес немесе басқа акционерлермен жиынтықта иеленген акционер немесе директорлар кеңесі ұсынып, толықтыруы мүмкін. "Акционерлік қоғамдар туралы" заңның 44-бабының 4-тармағына сәйкес жиналыстың күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдар акционерлер танысуы үшін Банк Басқармасы орналасқан жерде жиналыс өткізілетін күннен 10 күнтізбелік күн бұрын дайын әрі қол жетімді болады. Банк акционерінің сауал салуы болған кезде жиналыстың күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдар оған сауал салу алынғаннан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жіберіледі, егер Жарғыда басқасы қарастырылмаса, бұл ретте құжаттар көшірмелерін жасауға және құжаттарды жеткізуге кеткен шығындарды акционер көтереді. Жиналыс өткізуге байланысты қосымша ақпаратты келесі телефон арқылы біле аласыз: +7 (7172) 59 99 99, ішкі 10200. Осы арқылы Банк акционерлеріне жиналыс өткізудің келесі тәртібін танысуға ұсынамыз: Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" заңының 17-бабының 5-тармағына сәйкес "оффшорлық аймақтарда тіркелген, тізбесін уәкiлеттi орган белгілейтін заңды тұлғалар (Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар қызметінің және микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдар қызметтерінің мақсаттары үшін оффшорлық аймақтардың тізбесін бекіту туралы» 2020 жылғы 24 ақпандағы №8 қаулысын қараңыз) Қазақстан Республикасының резидент банктерінің дауыс беретiн акцияларын тiкелей немесе жанама иелене және (немесе) пайдалана алмайды және (немесе) оларға билiк ете алмайды". Аталған баптың 5-1 тармағына сай "Акционерлердің жалпы жиналысына қатысатын акционер, егер оның өз акционерлерінің (қатысушылардың) тіркелген елі туралы ақпарат банкте жоқ болса, өтінішті табыс етеді, онда осындай акционерлердің (қатысушылардың) осы баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің талаптарын орындағаны туралы көрсетеді". Осы тармақтың екінші абзацында "көрсетілген өтінішті табыс етпеген акционер акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға жіберілмейтіні көзделген". Осыған байланысты тіркеу кезінде жиналысқа қатысушылар өздерінің жиналысқа қатысу және жиналыста қаралатын мәселелер бойынша дауыс беру құқығын растайтын құжаттарды берулері қажет. Жиналыс ашылғанға дейін келген акционерлерді (олардың өкілдерін) тіркеу жүргізіледі. Өзімен бірге жеке куәлігі болуы тиіс. Акционердің өкілі оның жиналысқа қатысу және дауыс беру өкілеттігін растайтын сенімхатты немесе сенімхатсыз акционердің атынан әрекет ету немесе оның мүддесін таныту құқығын растайтын құжатты беруі тиіс. Тіркеуден өтпеген акционер (оның өкілі) кворумды анықтауда есептелмейді және дауыс беруге қатыса алмайды. Жиналыс кворум болған жағдайда белгіленген уақытта ашылады. Жиналыста жиналыс төрағасы мен хатшысы сайланады, дауыс беру түрі – ашық немесе құпия (бюллетень бойынша) анықталады. "Акционерлік қоғамдар туралы" заңның 50-бабының 1-тармағына сәйкес акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіндегі сұрақтары бойынша дауыс беру "бір акция - бір дауыс" принципі бойынша жүзеге асырылады, акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында дауыс беру құқығы бар әрбір тұлғаға акционерлерінің жалпы жиналысын өткізудің процедуралық сұрақтары бойынша бір дауыс беруді қоспағанда. Төрағаның күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға қатысуға құқығы бар адамдардың сөз сөйлеуіне, мұндай сөздер акционерлердің жалпы жиналысының регламентін бұзуға әкеп соғатын немесе осы мәселе бойынша жарыссөз тоқтатылған жағдайларды қоспағанда, бөгет жасауға құқығы жоқ. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өзінің жұмысында үзіліс жариялау туралы және жұмыс мерзімін ұзарту туралы, оның ішінде акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіндегі жекелеген мәселелердің қаралуын келесі күнге ауыстыру туралы шешім қабылдауға құқылы. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысын күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, олар бойынша шешімдер қабылданғаннан кейін ғана жабық деп жариялауға болады. "Акционерлік қоғамдар туралы" заңның 52-бабының 1-тармағына сәйкес акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының хаттамасы жиналыс жабылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жасалып, қол қойылуға тиіс. Жиналыс "Акционерлік қоғамдар туралы" заңның 35-37, 39-48, 50-52 баптарына, Банк және банк қызметтері туралы заңның 17-бабының 5 және 5-1 тармақтарына және Банк Жарғысының 15-бабына сәйкес өткізіледі. Банк акционерлерін Банктің акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға шақырамыз.
ForteBank-ті таңдағаныңызға рахмет!Бізге хабарласыңыз, көмектесуге қуаныштымыз.



Барлық құқықтар сақталған © Forte 2024