Техникалық жұмыстар
Құрметті клиенттер, Банктік жүйелерге техникалық толықтыру жұмыстарын жүргізуге байланысты, жеке тұлғаларға арналған Интернет пен Мобильді банкинг 2020 жылғы «14» қантар күні сағат 05:00-ден бастап сағат 05:30-ға дейін уақытша жұмыс істемейтіні туралы хабарлаймыз. Осы туындаған ыңғайсыздық үшін Сізден кешірім сұраймыз және де Сіз түсінушілікпен қарайды деп ойлаймыз. Құрметпен, ForteBank.
10.01.2020 г.
Құрметті клиенттер,
Банктік жүйелерге техникалық толықтыру жұмыстарын жүргізуге байланысты, жеке тұлғаларға арналған Интернет пен Мобильді банкинг 2020 жылғы «14» қантар күні сағат 05:00-ден бастап сағат 05:30-ға дейін уақытша жұмыс істемейтіні туралы хабарлаймыз.
Осы туындаған ыңғайсыздық үшін Сізден кешірім сұраймыз және де Сіз түсінушілікпен қарайды деп ойлаймыз.
Құрметпен, ForteBank.
Похожие новости
Похожие новости
31.12.2019 г.
Банктік шот шарттарын орындаудан бас тарту туралы хабарлама
«ForteBank» АҚ-ның 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап 2016 жылғы 10 қыркүйекке дейінгі кезеңде ашылған, төлем карточкалары арқылы қолданылатын жеке тұлғаларға арналған ағымдағы шоттары бар клиенттері үшін. Осы хабарлама орналастырылған кейін 3 ай өткен соң, егер Сіздің шоттарыңызда бір жылдан аса ақша болмаса, онда Банк оларды жабады. Біз бұны ҚР «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес жасауымызға тура келеді. 29-бабының 1-тармағының 1-тармақшасы: клиенттің банктік шотында 1 (бір) жылдан аса ақша болмаған жағдайда, банктік шот шартын орындаудан бас тартуға құқылы. 29-баптың 7-тармағы: клиенттің банктік шотында ақша болмаған жағдайда, Банк банктік шот шартын орындаудан бас тарту туралы хабарланған күннен бастап 3 (үш) ай өткеннен кейін банктік шот шартын бұзады және банктік шоттарды жабуды жүзеге асырады, егер өзге тәртіп банктік шот шартында қарастырылмаса. Егер сұрақтарыңыз болса, 7575 нөміріне қоңырау шалыңыз30.12.2019 г.
ForteBank кәсіпкерлікті қаржыландыру үшін ЕҚҚДБ-дан $60 млн тартады
ForteBank ЕҚҚДБ-дан қаражат тарту арқылы микро-, шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыру бағдарламасының қатысушысы болды. Бұл бағдарлама банктің Қазақстан кәсіпорындарын тиімдірек талаптарда белсенді кредиттеуіне мүмкіндік береді. Жалпы қаржыландыру пакеті кәсіпкерлерді қаржыландыруға арналған 50 млн АҚШ долларының теңгелей баламасы мөлшеріндегі және әйелдер кәсібін дамытуға арналған 10 млн АҚШ долларының теңгелей баламасы мөлшеріндегі 3 жылғы кредиттен тұрады. Тиісті келісімдерге 2019 жылғы 27 желтоқсанда ForteBank-тің бас офисінде қол қойылды. «Қазақстандағы шағын және орта бизнесті қолдау – ForteBank-тің стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Біз Еуропа қайта құру және даму банкімен ынтымақтастығымыз жалғасатынына қуаныштымыз. Бұл банктің ЕҚҚДБ-дан тартқан екінші қарызы және біз бұл жолы қаражат қосымша кепілдіксіз тартылғанына ризамыз. 60 млн АҚШ долларының теңгелей баламасы мөлшеріндегі алғашқы қарыз 2016 жылы алынды және ол қазіргі уақытта сәтті іске асуда. ForteBank микро-, шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыру бағдарламасы бойынша 409 қарыз алушыны және «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасы бойынша 96 қарыз алушыны қаржыландырды. ForteBank бұл саланы қаржыландыруды белсенді дамытуды жалғастыратын болады», - деп атап өтті ForteBank Басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили. 2018 жылдың қорытындысы бойынша ForteBank активтерінің мөлшері бойынша Қазақстаннның ең ірі үш банкінің қатарына кірді және капиталдандыру және өтімділік деңгейі бойынша көшбасшылық орынға ие. Ресейлік Markswebb аналитикалық агенттігінің пікірі бойынша ForteBank мобильді қосымшасы Қазақстандағы № 1 және ТМД-дағы үздік ондықтың бірі болып танылды. Global Finance және Asiamoney пікірі бойынша ForteBank екінші жыл қатарынан «Қазақстанның жыл банкі» деп аталды.30.12.2019 г.
Мобильді банкингідегі операциялар кезінде интернет трафикті қолдануға қатысты
Құрметті клиенттер, Beeline абоненттерінің «Мобильді банкинг нөлдік баланста қолжетімді» деген қызметі бар, ол кезде интернет трафигі шығындалмайтын, енді бұл қызмет аталған абоненттер үшін 2020 жылғы «01» қаңтардан бастап қолжетімсіз болатыны туралы хабарлаймыз. Осы қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсінгеніңіз үшін алғыс білдіреміз. Құрметпен, ForteBank.