Нашар көретіндерге
KZ
KZ

Техникалық жұмыстар

**Құрметті клиенттер, ** Банктік жүйелерге техникалық толықтыру жұмыстарын жүргізуге байланысты, жеке тұлғаларға арналған Интернет пен Мобильді банкинг 2020 жылғы «11» маусым күні сағат 23-45-ден бастап сағат 00-00-ге дейін уақытша жұмыс істемейтіні туралы хабарлаймыз. Осы туындаған ыңғайсыздық үшін Сізден кешірім сұраймыз және де Сіз түсінушілікпен қарайды деп ойлаймыз. **Құрметпен, ForteBank. **

11.06.2020 г.

Құрметті клиенттер,

Құрметті клиенттер,

Банктік жүйелерге техникалық толықтыру жұмыстарын жүргізуге байланысты, жеке тұлғаларға арналған Интернет пен Мобильді банкинг 2020 жылғы «11» маусым күні сағат 23-45-ден бастап сағат 00-00-ге дейін уақытша жұмыс істемейтіні туралы хабарлаймыз.

Банктік жүйелерге техникалық толықтыру жұмыстарын жүргізуге байланысты, жеке тұлғаларға арналған Интернет пен Мобильді банкинг 2020 жылғы «11» маусым күні сағат 23-45-ден бастап сағат 00-00-ге дейін уақытша жұмыс істемейтіні туралы хабарлаймыз.

Осы туындаған ыңғайсыздық үшін Сізден кешірім сұраймыз және де Сіз түсінушілікпен қарайды деп ойлаймыз.

Осы туындаған ыңғайсыздық үшін Сізден кешірім сұраймыз және де Сіз түсінушілікпен қарайды деп ойлаймыз.

Құрметпен, ForteBank.

Құрметпен, ForteBank.

Похожие новости

Похожие новости

05.06.2020 г.

"ForteBank" АҚ Басқармасы құрамының өзгеруі туралы ақпарат

**Нұр-Сұлтан қ., 2020 ж. 05 маусым**– «ForteBank» акционерлік қоғамы, орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05P1P0/010017, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 8/1, (бұдан әрі – «Банк») Банк Басқармасы құрамының өзгеруі туралы хабарлайды. Банктің Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 04 маусымдағы шешіміне сәйкес (отырыстың № 18 хаттамасы) **2020 жылғы 04 маусымнан бастап**: - Басқарма мүшесі – Банк Басқарма төрағасының орынбасары Адиль Умирбаевич Батырбековтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды (соңғы жұмыс күні 2020 жылғы 03 маусым). - Пирматов Бекжан Олжаевич – Банк Басқармасының мүшесі – Банк Басқарма төрағасының орынбасары болып cайланды; - Сарсебеков Нурлан Жумабекович – Банк Басқармасының мүшесі – Банк Басқарма төрағасының орынбасары болып cайланды.

27.05.2020 г.

ForteBank бір доллар үшін 388 теңге бағамын белгілейді

Бұндай тосынсый көрермендерді Forte Digital Week-тің екінші күні күтіп тұрды. Өзіміздің өнімдік команданың күшімен жасалған Forte-нің жаңа қосымшасы жаңа сервистермен толықты. *«Forte-нің жаңа қосымшасында біз мобильді қосымшаның концепциясын толық өзгертіп, дизайнын қайта жасап, үйреншікті төлем жасау және ақша аудару сервистерін жақсартып қана қойған жоқпыз, оны цифрлық экожүйенің жаңа өнімдерімен және сервистерімен толықтырдық. Енді банктің мобильді қосымшасы Forte цифрлық экожүйесіне басты кіреберіс» *- деп баяндады ІТ блогінің басшысы **Нұрлан Сарсебеков**. Үйреншікті сервистерден бөлек қосымша жаңа өнімдермен толықты, солардың бірі ForteForex өнімі. *«Forte командасы күнделікті өмірде үйреншікті нәрсеге айналған валюта айырбатау сервисін детальді талдау жасады. Біздер мүлдем бірегей тәсілін жүзеге асырдық деп үміттенеміз. Қазақстан нарығында жеке тұлғаларға арналған бұндай шешімдерді кездестірген жоқпыз» -*, деп баяндады қазынашылық басшысы **Асыл Даутбаев**. ForteForex сауда алаңы — бұл банктің барлық клиенті валютаны өзінің бағамы бойынша сатып ала алатын және сата алатын қосымша. Енді айырбастау орындарынан және банктерден ең жақсы бағамды іздеудің қажеті жоқ. Forte клиенттері енді делдалсыз, «спрэдсіз» және басқа да қосымша шығынсыз бір-бірімен валютаны өздері саудалайды! *«Толық автоматтандырылған ForteForex алаңы бірнеше секунд ішінде мобильді телефон экранында бірнеше батырманы басу арқылы клиенттерімізге келісімге келіп, бір-бірімен мәміле жасауға мүмкіндік береді. Платформадағы барлық мәміле құпия түрде өтеді. Сіздер бұл сервистен барынша рақат көрсін деп біз комиссияны 0 теңге етіп қойдық»*, — деп бөлісті **Асыл**. Жаңа өнімді іске қосу құрметіне банк өзінің барлық клиентіне арнайы бағам түріндегі тосынсый дайындады. *«Ертең сағат 11:00-де ForteForex платформасына кіріп, бір сағат ішінде өзінің алғашқы өтінімін жасаған клиенттердің барлығына банк 100 АҚШ долларын ескі бағам – бір доллар үшін 388 теңгемен сатады»*, — деп мәлімдеді ForteBank Басқарма Төрағасы **Гурам Андроникашвили**. Саудаға қатысу үшін Forte-нің жаңа қосымшасын жүктеп, басты бетте ForteForex қыстырмасына кіріп, онда қысқаша оқудан өтіп, ең тиімді мәмілелер жасауға кірісуге болады. Таныстырылымның соңында көрермендерге жақын айларда іске қосылатын, жинағыңызды көбейтуге және операцияларда үнемдеуге мүмкіндік беретін ForteFamily отбасына арналған банк карталары жаңа пакетті ұсынысының анонсы көрсетілді. GOLD немесе PLATINUM сыйлықақылы картасын шығара отырып сіздің жақындарыңыз да сондай картаны тегін ала алады. Пакетті ұсыныста депозиттер бойынша ең үздік талаптар бар, ата-аналар үшін еліміздегі ең жоғарғы мөлшерлеме бойынша депозит қолжетімді болады, ал Forte қосымшасы арқылы коммуналды төлемдерді төлей отырып, коммуналды төлем сомасының 10-нан 100%-ке дейінгі мөлшерін сыйға алуға болады. Соманың бір бөлігін сіз үшін Банк төлейді. ForteFamily іске қосылған кезде сыйлықтар ұтысы басталады. Forte карта бойынша транзакция жасайтын клиенттер арасында жаңа Toyota автокөлігі ойнатылады! Ал бүгін forteweek.com сайтында өз мәліметтерін қалдырған барлық көрермендерге банк Forte картасы бойынша жарты жыл тегін қызмет көрсетуді сыйлайды. Ертең Forte Digital Week-тің соңғы күні болады, өткізіп алмаңыз, алда әлі көптеген қызық бар! Forte-нің жаңа қосымшасын жүктеп алу үшін сілтеме [https://apps.apple.com/kz/app/forte/id1501520153](https://apps.apple.com/kz/app/forte/id1501520153) [https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.forte.app.store](https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.forte.app.store)

27.05.2020 г.

ForteMarket серіктестері үшін комиссияны жояды және жаңа сатып алушыларға 10 000 теңге сыйлайды

Forte Digital Week-тің соңғы күні бизнес және кәсіпкерлерге Forte-мен көбірек табыс табуға көмектесу жолдары туралы айтылды. Компания үшін банкті таңдау ол әрқашан сенім туралы әңгіме. Кәсіпкерлер бұл мәселеге барлық банктегі детальдарды салыстыра отырып, үлкен мұқияттылықпен қарайды. Шоттар қаншалықты жылдам ашылады, ақша аудару және алу үшін комиссиялар қандай, интернет-банкингі қаншалықты ыңғайлы, бөлімшелерде жақсы қызмет көрсетіледі ме, валютада төлем қабылдауға болады ма осының барлығы өте маңызды. *«Осыдан 5 жыл бұрын Forte актив саны бойынша бантердің отыздығының ішінде болды, ірі компаниялар бізбен жұмыс істеуді ұйғарады деу мүмкін емес секілді көрінген. Алайда, біз сол күнге жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық. Бүгінгі күні біз еліміздегі үшінші ең ірі банкпіз және ірі компаниялармен жұмыс жасаймыз. Өткен жылы бизнес шоттарды басқаруға арналған жаңа интернет-банкингіні іске қостық. Қазіргі күні оның біздің клиенттеріміздің көңілінен шыққандығын көреміз – бір жылдан аз уақыт ішінде оған 16 000 астам кәсіпкерлер ауысты»*, — деп бөлісті жобалық офис басшысы **Елдос Қырбасов**. Осы жылдан бастап кәсіпкерлер бизнес үшін шот ашуға өтінімді бөлімшеге келмей-ақ бере алады. Ал жаңартылған интернет-банкингіде шоттарыңыздағы валютаны қазынашылық ұсынған дербес бағам бойынша айырбастауға болады. Кәсіпкерлерге бұның барлығын қолдану тиімді болуы үшін банк өзінің жаңа тарифтік пакеттерімен таныстырды, оған барлығы кіреді: карта, шот, эквайринг, ақша аудару және басқалары. *«Өткен жылы шығарылған және кәсіпкерлердің көңілінен шыққан тағы бір қолайлы өніміміз — ForteKassa, бұл сіздің сауда орныңызды автоматтандыратын, кассаны, қызмтекерлерді, қойманы бақылауға, түсімді көруге, жеке кабинетте аналитиканы қарауға мүмкіндік беретін құрылғы. Бұның барлығы үшеуі біреуінде – кассалық аппарат, чектер принтері және POS-терминал. Саудагерлер үшін мінсіз шешім»*, — деп баяндады **Елдос**. Бұл құрылғы қазақстандық кәсіпкерлер арасында танымалдылыққа ие болды, ал осы жылы ол жаңа функциялармен толықты: аралас төлем, кассалық аймақта жеңілдіктер, мобильді қосымшада тауарды қабылдау. Жақында Forte оның кішірейтілген нұсқасы – ForteKassa смарт-терминалын шығарды. Үлкен нұсқасы секілді функционалды, орнатылған штрих-код сканері бар. Өзіңізбен бірге алып жүруге ыңғайлы болуы үшін сөмкеге оңай сыяды. *«Көп қызметкер жұмыс жасайтын және әрқайсысы төлем қабылдауы тиіс бизнестер үшін әрқайсысына POS-терминал сатып алмас үшін біз қарапайым әрі көркем шешім қабылдадық. Бұл NFC-модуль арқылы смартфоныңызды жанасусыз төлемдер қабылдайтын құрылғыға айналдыратын Tap on Phone технологиясы. Бұл ірі желілер үшін де, мысалы, такси, жеткізу, мейрамханалар саласы, үлкен кассаны қажет етпейтін шағын бизнестер үшін де, мысалы, шаштараздар немесе гүл сатушылар үшін де қолайлы»*, — деп түсіндірді **Елдос**. Бір жылдан аса уақыт бұрын Forte экожүйесі Forte Market цифрлы дүкенмен толықты, онда ұсақ электроникадан үй жиһазына дейін мыңдаған тауарлар сатылады. Бүгінгі күні бұл алаңда 100-ден аса санатта 100 мың дана тауар ұсынатын 200-ден астам сатушы бар. Бұл жерден сіз үй техникасын, гаджеттерді, автоаксессуарларды, спорт заттарын және басқа да көптеген тауарларды онлайн сатып ала аласыз. *«Қазір біздің басты назар аударатынымыз – отандық кәсіпкерлерді қолдау, сондықтан біздің маркетплейсте «Қазақстанда жасалған» деген арнай бөлімін пайда болды. ForteMarket-тің барлық серіктестері үшін 2020 жылдың шілде айының соңына дейін тауар сатылымынан комиссия алмаймыз — бұл карантин кезеңінде бизнесті дамытуға жақсы ынталандыру болады және кәсіпкерлерге үнемделген қаражатты бизнестерін дамытуға бағыттауға көмектеседі»*, - деді ForteMarket басшысы **Дмитрий Комиссар**. Сондай-ақ, бизнесті дамыту үшін кәсіпкерлерге Forte-нің маркетингілік ресурстары беріледі – сайтта жарнама орналастыру, пуш-хабарлама, әлеуметтік желілерде және басқа каналдарда жарнамалау. Барлығы олардың бизнесі туралы неғұрлым көп адам білуі үшін жасалады. Таныстырым соңында әдеттегідей барлығын тосынсый күтіп тұрды – Forte барлық клиентке маусым айының соңына дейін кез келген саудаға 10 000 теңгеге ForteWeek промокодын сыйлады.
ForteBank-ті таңдағаныңызға рахмет!Бізге хабарласыңыз, көмектесуге қуаныштымыз.



Барлық құқықтар сақталған © Forte 2024