ForteOpen теннис турнирі алғаш рет Астанада өтті
Алматыда дәстүрге айналған ForteOpen теннис турнирі алғаш рет Астана қаласында өтіп, көптеген қатысушылар мен жанкүйерлерді жинады. Турнирге Қазақстан, Өзбекстан, Украина, Ресей елдерінен 65-тен аса әуесқой спортшысы қатысты. Жарыс ерлер арасында жеке және жұптық түрде өтті. Жүлде қоры 3 млн 540 мың теңгені құрады. «Әлеуметтік жобаларды, сонымен қатар балалар спортын дамытуға бағытталған жобаларды қолдау қызметіміздің маңызды бөлігі болып табылады. Теннис турнирлерін өткізу біз үшін игі дәстүрге айналуда. Осы жылы біз Алматыда турнирді үш мәрте өткіздік, ал осы демалыс күндері ForteOpen алғаш рет Астанада өтіп, бұл есте қаларлық оқиға бәрімізге ерекше көңіл-күй сыйлады», - деп айтып өтті ForteBank Басқармасының Төрағасы Гурам Андроникашвили. Турнирден түскен қаражаттың бәрі балалар теннисін дамытуға жұмсалады. Ағымдағы жылдың қараша айында үлкен тенниспен кәсіби айналысатын балаларға арналған республикалық турнир өтетін болады. «Біз болашақ чемпиондарды тәрбиелеудеміз. Біздің балалар жақында өткен Азия жарыстары мен басқа турнирлерде қанжығаларына үш медаль байлады. Бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасын табатындығына сенемін, федерация бұл үшін көп күш жұмсап, аянбай еңбек ететін болады», - деп айтып өтті Қазақстан Теннис федерациясының атқарушы директоры Юрий Польский. Турнирге қатысушы Сергей Сычёв Астанаға Орск қаласынан келген. Ол кәсіби футболшы, ал тенниске көптен бері аса әуесқойлық танытып жүр. «ForteBank турниріне алғаш қатысып отырмын. Астана қаласында өтетін ауқымды турнирлерге төрт жыл бойы келіп жүрмін. Әрдайым осылай тамаша жағдай жасалады, жылы шыраймен қарсы алады. Өзіме жақсы достар таптым. Астаналық әуесқой теннис туралы біліп, өзім үшін жаңалық ашқаныма ризамын. Қарапайым әуесқой спортшының осындай теннис орталығында ойнауы өте сирек кездесетін жағдай. Мен, тіпті, Бірінші Президент турнирінде ойнау құрметіне де ие болдым», - деп қуанышымен бөлісті Сергей Сычёв.
15.10.2018 г.
Алматыда дәстүрге айналған ForteOpen теннис турнирі алғаш рет Астана қаласында өтіп, көптеген қатысушылар мен жанкүйерлерді жинады. Турнирге Қазақстан, Өзбекстан, Украина, Ресей елдерінен 65-тен аса әуесқой спортшысы қатысты. Жарыс ерлер арасында жеке және жұптық түрде өтті. Жүлде қоры 3 млн 540 мың теңгені құрады.
«Әлеуметтік жобаларды, сонымен қатар балалар спортын дамытуға бағытталған жобаларды қолдау қызметіміздің маңызды бөлігі болып табылады. Теннис турнирлерін өткізу біз үшін игі дәстүрге айналуда. Осы жылы біз Алматыда турнирді үш мәрте өткіздік, ал осы демалыс күндері ForteOpen алғаш рет Астанада өтіп, бұл есте қаларлық оқиға бәрімізге ерекше көңіл-күй сыйлады», - деп айтып өтті ForteBank Басқармасының Төрағасы Гурам Андроникашвили.
Турнирден түскен қаражаттың бәрі балалар теннисін дамытуға жұмсалады. Ағымдағы жылдың қараша айында үлкен тенниспен кәсіби айналысатын балаларға арналған республикалық турнир өтетін болады.
«Біз болашақ чемпиондарды тәрбиелеудеміз. Біздің балалар жақында өткен Азия жарыстары мен басқа турнирлерде қанжығаларына үш медаль байлады. Бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасын табатындығына сенемін, федерация бұл үшін көп күш жұмсап, аянбай еңбек ететін болады», - деп айтып өтті Қазақстан Теннис федерациясының атқарушы директоры Юрий Польский.
Турнирге қатысушы Сергей Сычёв Астанаға Орск қаласынан келген. Ол кәсіби футболшы, ал тенниске көптен бері аса әуесқойлық танытып жүр.
«ForteBank турниріне алғаш қатысып отырмын. Астана қаласында өтетін ауқымды турнирлерге төрт жыл бойы келіп жүрмін. Әрдайым осылай тамаша жағдай жасалады, жылы шыраймен қарсы алады. Өзіме жақсы достар таптым. Астаналық әуесқой теннис туралы біліп, өзім үшін жаңалық ашқаныма ризамын. Қарапайым әуесқой спортшының осындай теннис орталығында ойнауы өте сирек кездесетін жағдай. Мен, тіпті, Бірінші Президент турнирінде ойнау құрметіне де ие болдым», - деп қуанышымен бөлісті Сергей Сычёв.
Похожие новости
Похожие новости
12.10.2018 г.
Техникалық жұмыстар
Құрметті клиенттер, Банктік жүйелерге техникалық толықтыру жұмыстарын жүргізуге байланысты, жеке тұлғаларға арналған Интернет пен Мобильді банкинг 2018 жылғы «14» қазан күні сағат 03-00-ден бастап сағат 05-00-ке дейінгі уақытша жұмыс істемейтіні туралы хабарлаймыз. Осы туындаған ыңғайсыздық үшін Сізден кешірім сұраймыз және де Сіз түсінушілікпен қарайды деп ойлаймыз. Құрметпен, ForteBank.11.10.2018 г.
ForteBank Қызылорда қаласында заманауи филиалын ашты
10 қазанда Қызылорда қаласында ForteBank-тің заманауи филиалының ашылу салтанаты өтті. Ашылуға Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев және ForteBank басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили қатысты. «ForteBank еліміздің барлық аймақтарында жаңа үлгідегі жоғары технологиялық бөлімдерін ашуды жалғастыруда. Өткен жылдың мамыр айында біз Қызылорда қаласындағы филиалдың құрылысын бастадық, бүгін сол филиалды ашуға қуаныштымыз. The Financial Brand баспасының нұсқасы бойынша біздің офистеріміз банк бөлімшелерінің ең үздік дизайны қатарында. Біз жаңа сервистер жасай отырып, инновация мен технологияға зор көңіл бөлеміз, кезекке тұруды азайтып, банкпен қарым-қатынас процесін барынша жайлы, қолайлы және пайдалы етуге тырысудамыз», - деп атап өтті ашылу салтантында Гурам Андроникашвили. Қонақтарға экскурсияны ForteBank басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили мен филиал директоры Еркінбек Мұсабаев жүргізді. Олар офистердің тұжырымдамасы мен стилі ұзақ талқыланып, DINN италиялық дизайнерлік компанияның мамандарымен мұқият дайындалғандығын айтты. Бөлімшелердің басты ерекшелігі клиенттерді кезекте тұрудан арылтатын ыңғайлы өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары. Барлық қажетті қызметтерді барлық қолданушылар үшін ашық мобильді қосымша арқылы жасауға болады. Басқа кез келген банктің клиенті бола тұра ForteBank қосымшасын жүктеп, тіркеліп, банктің барлық қызметтерін қолдануға болады. «Елбасының тапсырмасы аясында Қызылорда облысында жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Аймақтағы бизнесті дамытуда еліміздің ең тұрақты әрі қарқынды дамып келе жатқан банктерінің бірі ForteBank те маңызды рөл атқарады», - деп атап өтті Қырымбек Көшербаев. Банк аймақтағы тұрғындарға және компанияларға қызмет көрсету бойынша сенімді қадаммен алдыңғы қатарға шығуда. ForteBank облыстық филиалының клиенттері 30 000 астам жеке тұлғалар және 2000-дай кәсіпкерлер. ForteBank «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының белсенді қатысушысы, ал Қызылорда облысындағы филиалы бөлінген қаражатты игеру бойынша бірнеше рет алғашқы үштікке кірді. 2017 жылдың қорытындысы бойынша филиал облыстағы екінші деңгейдегі банктер арасында рұқсат етілген жобалар саны мен сомасы бойынша екінші орынға ие болды. 2018 жылы филиал 300 млн. теңге сомасына 9 жобаны қаржыландырды. Қазіргі уақытта 1 млрд. теңгеден астам сомаға 12 жоба қарастырылуда және ағымдағы жылдық соңына дейін жүзеге асырылады.