Нашар көретіндерге
KZ
KZ

Выберите месяц

27.05.2020 г.

ForteMarket серіктестері үшін комиссияны жояды және жаңа сатып алушыларға 10 000 теңге сыйлайды

**БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ** Нұр-Сұлтан қаласы 2020 жылғы 28 мамыр **ForteMarket серіктестері үшін комиссияны жояды және жаңа сатып алушыларға 10 000 теңге сыйлайды ** Forte Digital Week-тің соңғы күні бизнес және кәсіпкерлерге Forte-мен көбірек табыс табуға көмектесу жолдары туралы айтылды. Компания үшін банкті таңдау ол әрқашан сенім туралы әңгіме. Кәсіпкерлер бұл мәселеге барлық банктегі детальдарды салыстыра отырып, үлкен мұқияттылықпен қарайды. Шоттар қаншалықты жылдам ашылады, ақша аудару және алу үшін комиссиялар қандай, интернет-банкингі қаншалықты ыңғайлы, бөлімшелерде жақсы қызмет көрсетіледі ме, валютада төлем қабылдауға болады ма осының барлығы өте маңызды. *«Осыдан 5 жыл бұрын Forte актив саны бойынша бантердің отыздығының ішінде болды, ірі компаниялар бізбен жұмыс істеуді ұйғарады деу мүмкін емес секілді көрінген. Алайда, біз сол күнге жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық. Бүгінгі күні біз еліміздегі үшінші ең ірі банкпіз және ірі компаниялармен жұмыс жасаймыз. Өткен жылы бизнес шоттарды басқаруға арналған жаңа интернет-банкингіні іске қостық. Қазіргі күні оның біздің клиенттеріміздің көңілінен шыққандығын көреміз – бір жылдан аз уақыт ішінде оған 16 000 астам кәсіпкерлер ауысты»*, — деп бөлісті жобалық офис басшысы **Елдос Қырбасов**. Осы жылдан бастап кәсіпкерлер бизнес үшін шот ашуға өтінімді бөлімшеге келмей-ақ бере алады. Ал жаңартылған интернет-банкингіде шоттарыңыздағы валютаны қазынашылық ұсынған дербес бағам бойынша айырбастауға болады. Кәсіпкерлерге бұның барлығын қолдану тиімді болуы үшін банк өзінің жаңа тарифтік пакеттерімен таныстырды, оған барлығы кіреді: карта, шот, эквайринг, ақша аудару және басқалары. *«Өткен жылы шығарылған және кәсіпкерлердің көңілінен шыққан тағы бір қолайлы өніміміз — ForteKassa, бұл сіздің сауда орныңызды автоматтандыратын, кассаны, қызмтекерлерді, қойманы бақылауға, түсімді көруге, жеке кабинетте аналитиканы қарауға мүмкіндік беретін құрылғы. Бұның барлығы үшеуі біреуінде – кассалық аппарат, чектер принтері және POS-терминал. Саудагерлер үшін мінсіз шешім»*, — деп баяндады **Елдос**. Бұл құрылғы қазақстандық кәсіпкерлер арасында танымалдылыққа ие болды, ал осы жылы ол жаңа функциялармен толықты: аралас төлем, кассалық аймақта жеңілдіктер, мобильді қосымшада тауарды қабылдау. Жақында Forte оның кішірейтілген нұсқасы – ForteKassa смарт-терминалын шығарды. Үлкен нұсқасы секілді функционалды, орнатылған штрих-код сканері бар. Өзіңізбен бірге алып жүруге ыңғайлы болуы үшін сөмкеге оңай сыяды. *«Көп қызметкер жұмыс жасайтын және әрқайсысы төлем қабылдауы тиіс бизнестер үшін әрқайсысына POS-терминал сатып алмас үшін біз қарапайым әрі көркем шешім қабылдадық. Бұл NFC-модуль арқылы смартфоныңызды жанасусыз төлемдер қабылдайтын құрылғыға айналдыратын Tap on Phone технологиясы. Бұл ірі желілер үшін де, мысалы, такси, жеткізу, мейрамханалар саласы, үлкен кассаны қажет етпейтін шағын бизнестер үшін де, мысалы, шаштараздар немесе гүл сатушылар үшін де қолайлы»*, — деп түсіндірді **Елдос**. Бір жылдан аса уақыт бұрын Forte экожүйесі Forte Market цифрлы дүкенмен толықты, онда ұсақ электроникадан үй жиһазына дейін мыңдаған тауарлар сатылады. Бүгінгі күні бұл алаңда 100-ден аса санатта 100 мың дана тауар ұсынатын 200-ден астам сатушы бар. Бұл жерден сіз үй техникасын, гаджеттерді, автоаксессуарларды, спорт заттарын және басқа да көптеген тауарларды онлайн сатып ала аласыз. *«Қазір біздің басты назар аударатынымыз – отандық кәсіпкерлерді қолдау, сондықтан біздің маркетплейсте «Қазақстанда жасалған» деген арнай бөлімін пайда болды. ForteMarket-тің барлық серіктестері үшін 2020 жылдың шілде айының соңына дейін тауар сатылымынан комиссия алмаймыз — бұл карантин кезеңінде бизнесті дамытуға жақсы ынталандыру болады және кәсіпкерлерге үнемделген қаражатты бизнестерін дамытуға бағыттауға көмектеседі»*, - деді ForteMarket басшысы **Дмитрий Комиссар**. Сондай-ақ, бизнесті дамыту үшін кәсіпкерлерге Forte-нің маркетингілік ресурстары беріледі – сайтта жарнама орналастыру, пуш-хабарлама, әлеуметтік желілерде және басқа каналдарда жарнамалау. Барлығы олардың бизнесі туралы неғұрлым көп адам білуі үшін жасалады. Таныстырым соңында әдеттегідей барлығын тосынсый күтіп тұрды – Forte барлық клиентке маусым айының соңына дейін кез келген саудаға 10 000 теңгеге ForteWeek промокодын сыйлады.

26.05.2020 г.

ForteBank жаңа ForteMobile мобильді байланысының іске қосылатындығы туралы жариялады

**БАСПАСӨЗ БАҒДАРЛАМАСЫ** Нұр-Сұлтан қаласы 2020 жылғы 26 мамыр **ForteBank жаңа ForteMobile мобильді байланысының іске қосылатындығы туралы жариялады** «Сәлем! Сөйлесе аласыз ба?» Жыл сайын өтетін Forte-нің жаңа өнімдері мен сервистерін таныстыру осы жолы дәл осы сөйлеммен басталды. Осы жылы Forte таныстырылымды жаңа форматта жасады және оны Forte Digital Week деп атады. Қазақстандықтар өмірді оңайлататын банктің жаңа өнімдерімен және сервистерімен онлайн-режимде танысты. Forte экожүйесі үнемі жаңа қызметтермен және сервистермен толықтырылып отырады, ал бейбанктік өнімдер қатары кеңейіп келеді. *«ForteMarket цифрлық дүкенінде ұсақ электроникадан үй жиһазына дейін тауарлардың мыңдаған түрлері сатылады, ForteTravel — бұл туристік турлар мен әуе билеттерін сатып алу қызметі, Forte клиенттеріне басқа да көп нәрселер таныс болды»*, - деп айтады ForteBank Басқармасының Төрағасы **Гурам Андроникашвили.** — Және бүгін мен сіздерге банк өнімдеріне жатпайтын бірегей өнімімізді ұсынғым келеді, оның көмегімен сөйлесу ыңғайлы — *бұл біздің жаңа мобильді байланысымыз ForteMobile*». Forte-ден эксклюзивті мобильді байланыс екі тарифпен, яғни «Gold» және «Platinum» тарифтерімен ұсынылады, олардың атаулары төлем карточкалары түрлерінен алынған. *«Біз серіктесіміз Beeline Қазақстан-мен бірлесіп сіздер үшін күшті ұсыныстар жасадық. Біздің тарифтерімізбен сіздерде минут және интернет жетіспеушілігі туындамайды. Ал егер сіз біздің банктік өнімдерді белсенді қолдансаңыз, онда ерекше бонустар мен сервистерге ие боласыз»* - деп айтып өтті жоба менеджері **Алена Ахметова.** Тарифтер шығыс қоңырауларға тегін минуттардың көп мөлшерінен, интернет-трафик көлемінен, сондай-ақ әлеуметтік желілерге, мессенджерлерге, KAZNET және басқа сервистерге лимитсіз трафиктен құралады. Тарифтердің тағы бір құндылығы - ForteMobile мен серіктесіміз Beeline Қазақстан арасында қоңырау шалу тегін әрі шектеусіз. Жаңа мобильді байланыста басқа ешкімде жоқ бір сервис бар — роумингте банктің қолдау қызметіне тегін қоңырау шалу. Айтпақшы, қосымша да интернет трафиктерін тарифтеусіз тегін жұмыс жасайды. Бұл сіз сапар үшін карта бойынша лимитіңізді ұлғайтқыңыз келгенде немесе жақындарыңызға ақша аударғыңыз келген жағдайда керек. ForteMobile-мен кез келген елден ForteBank-ке қоңырау шалып, оператормен уақытты есептемей, қанша сөйлескіңіз келсе, сонша сөйлесе аласыз. Ол үшін +7 705 921-21-21 телефон нөмірі бойынша қоңырау шалсаңыз болады. Егер клиент айына 100 000 теңге және одан көп сомаға сауда жасап, ақысын ForteBank төлем карточкасымен төйлесе, онда клиент тағы бір жақсы бонусқа ие болады – мобильді байланыс үшін абоненттік төлем нөлге айналады. ForteMobile нөмірін ресімдеуді немесе өзіңіздегі нөмірді ForteMobile-ге ауыстыруды Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы банктің кез келген бөлімшесінде жүзеге асыра аласыз. Тағы бір жақсы жаңалық – ForteMobile сим-картасы мен ForteBank төлем карточкасынан құралған жинақтың лимиттелген жиынтығы, бұл ретте абоненттік нөмір мен карточка нөмірі сәйкес келеді. Forte бұл жобаны іске қосуға орай кішігірім сыйлық әзірледі. ForteMobile сим-картасына https://mobile.forte.kz/ сайтында тапсырыс берген адамдарға сол сим-картаны жеткізіп береміз. Ертең сағат 15:00-де Forte Digital Week-тің екінші күні өтеді, онда көптеген қызықты жаңалықтар мен сыйлықтар болады.

13.05.2020 г.

"ForteBank" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысындағы дауыс беру қорытындысы туралы

**БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ** "ForteBank" АҚ (бұдан әрі – "Банк") оның атқарушы органының (Басқарманың) орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05P1P0/010017, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 8/1, 2020 жылғы 04 мамырда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 10.00-ден 11.00 дейін келесі мекенжайда өткен: Қазақстан Республикасы, Z05P1P0/010017, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 8/1, 8-қабат, "Astana" мәжіліс-залы, Банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысындағы (бұдан әрі – "Жиналыс") дауыс беру қорытындысы туралы хабарлайды. Бекітілген күн тәртібіне сәйкес Жиналыста келесі мәселелер қаралды және дауыс беру нәтижелері бойынша келесідей шешімдер қабылданды. * * * **Күн тәртібінің 1-сұрағы "Банктің 2019 жылғы жылдық қаржылық есебін бекіту туралы" бойынша** 2019 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін Банктің ұсынылған аудиттелген жылдық қаржылық есебі бекітілсін. * * * **Күн тәртібінің 2-сұрағы "Банктің 2019 жылғы таза табысын үлестіру тәртібін бекіту туралы, Банктің бір жай акциясына төленетін дивиденд мөлшері туралы" бойынша** 1. "ForteBank" АҚ 2019 жылғы таза табысының бір бөлігін үлестірудің келесі тәртібі бекітілсін: - дивидендтерді төлеуге 21 117 000 000,00 (жиырма бір миллиард жүз он жеті миллион) теңгеден аспайтын сома бағытталсын; - дивидендтерді төлеуден қалған таза табыс сомасы Банктің иелігіне қалдырылсын. 2. "ForteBank" АҚ-ның бір жай акциясына төленетін дивиденд көлемі 0,2372 теңге (жиырма үш бүтін жүзден жетпіс екі) мөлшерінде бекітілсін, соның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте төленетін салық сомасы. Бұл ретте әр акционер бойынша төленетін дивидендтердің жалпы сомасы бүтін тиынға дейін нақты белгіленуі тиіс (дөңгелектеу математикалық дөңгелектеу ережесі бойынша орындалады). Математикалық дөңгелектеу ережесі бойынша дөңгелектейтін саннан кейінгі бірінші сан 0-ден 4-ке дейін болса, бұтін тиынның мәні өзгермейді, егер дөңгелектейтін саннан кейінгі бірінші сан 5-тен 9-ға дейін болса, бір бірлікке көбейеді. 3. 2020 жылғы 05 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 00 сағат 00 минуттағы жағдайы бойынша дивиденд алуға құқығы бар акционерлер тізімі тіркелсін. 4. "ForteBank" АҚ-ның жай акциялары бойынша дивиденд төлеудің бастапқы күні – 2020 жылғы 06 мамырдан бастап. 5. Төлем тәртібі – бір мезгілде бір төлеммен болып бекітілсін. 6. "ForteBank" АҚ-ның жай акциялары бойынша дивиденд төлеу нысаны – Банк акцияларын ұстаушылар тізілімі жүйесіндегі акционерлердің деректемелері бойынша қолма-қол ақшасыз тәртіпте болып бекітілсін. Қоғам деректемелері: атауы "ForteBank" АҚ, тіркелгендігі туралы куәлік № 4241-1900-АО, орналасқан жері: Z05P1P0 (010017), Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 8/1, банктік деректемелері: БСН 990740000683, БСК IRTYKZKA, корреспонденттік шот KZ23125KZT1001300204 "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" ММ-де. *** **Күн тәртібінің 3-сұрағы "Банктің Директорлар кеңесінің өткен қаржылық жыл үшін есебі туралы" бойынша** Банктің Директорлар кеңесінің өткен қаржылық жыл үшін есебі бекітілсін.   * * * **Күн тәртібінің 4-сұрағы "Акционерлердің Банктің және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне өтініші және оларды қарастыру қорытындысы туралы" бойынша** Банк Басқармасының 2019 жыл ішінде Банк алған 23 өтініштің ішінде 17-сі өз акционерлерінен Банк акциялары бойынша дивиденд есептеу, төлеу мәселелері бойынша, сонымен қатар Банк акционерлеріне тиесілі акцияларға иелік ету және сату мәселелері бойынша болды, оларға түсініктемемен жауап берілді, акционерлердің Банктің және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне өтініші 2019 жылы болған жоқ деген ақпараты назарға алынсын. * * * **Күн тәртібінің 5-сұрағы "Директорлар кеңесінің және Банк Басқармасының мүшелеріне төленетін сыйақы мөлшері және құрамы туралы" бойынша** 2019 жылы Директорлар кеңесінің және Банк Басқармасының мүшелеріне төленетін сыйақы мөлшері және құрамы туралы ұсынылған ақпарат назарға алынсын. * * * **Күн тәртібінің 6-сұрағы "Банкте аудит жүргізетін және 2020–2022 жылдарда 2020–2022жж. үшін қаржылық есебін шолуды жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды анықтау туралы" бойынша** "Эрнст энд Янг" ЖШС 2020-2022 жылдары 2020-2022 жылдар үшін Банктің қаржылық есебіне аудит және шолу жүргізетін аудиторлық ұйым ретінде белгіленсін. * * * **Күн тәртібінің 7-сұрағы "Банк Жарғысына енгізілетін № 6 өзгертуді бекіту туралы" бойынша** 1. Банк Жарғысына енгізілетін № 6 өзгерту осы шешімнің 1-қосымшасындағы редакцияда бекітілсін, осы шешім қабылданған күннен бастап күшіне енгізілсін. 2. Банк Басқармасының төрағасы Г. Андроникашвилиге (немесе оның міндетін атқарушы тұлғаға) Банк Жарғысына енгізілетін № 6 өзгертуге оның акционерлерінің атынан қол қою және Банк Жарғысына енгізілетін № 6 өзгертуді бекітумен байланысты басқа әрекеттерді орындау өкілеттігі берілсін. * * * *Жиналысқа оның өткізілген уақыты бойы ұсынылған Банктің дауыс беруші жай акцияларының жалпы саны – 73 714 243 282 (жай акциялардың жалпы санының 98,7032%).*

29.04.2020 г.

ForteBank өз қызметінің 2019 жылғы нәтижесін жариялады

**БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ** Нұр-Сұлтан қаласы 2020 жылғы 28 сәуір **ForteBank өз қызметінің 2019 жылғы нәтижесін жариялады ** ForteBank өз қызметінің аудиттелген шоғырландырылған қаржы есебіне негізделген 2019 жылғы нәтижесін жариялады. 2019 жыл қорытындысы бойынша ForteBank барлық басты қаржылық және операциялық көрсеткіштер бойынша сапалы өсім көрсетуде және Қазақстанның ең ірі банктерінің үштігіне кіреді. **Активтер** Активтер 23%-ке өсті және жыл соңында 2 070 млрд теңгені құрады. Өсім негізінен банктің клиенттік базасының өсімімің және клиенттердің ағымдағы шоттары мен салымдарының айтарлықтай өсімінің арқасында қамтамасыз етілді. **Кредиттер** Кредиттік портфель 14%-ке өсті және 785 млрд теңгені құрады. Банк кредит берудің консервативтік саясатын ұстанады және ол портфельдің сапасына әсер етеді. 90 күннен астам мерзімі өткен кредиттер үлесі 2019 жылы 1%-ке азайды және жыл соңында 6% құрады. Шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту ForteBank үшін маңызды бағыт болып табылады. Банктің кредиттік портфелінің 18% шағын және орта бизнес құрайды. 2019 жылы ForteBank Еуропа Қайта Құру және Даму Банкімен және Азия Даму Банкімен шағын және орта бизнеске кредит беру бағдарламалары бойынша қаржыландыру алу туралы келісім бекітті. Банктің корпоративтік кредиттік портфелі Банктің кредиттік портфелінің 26% құрады, бұл ретте банк 10 ірі қарыз алушыға берген кредит шоғыры кредиттік портфель жиынтығының 14% құрады (2018 жылғы 31 желтоқсандағы жағдайы бойынша 18,4%). **Депозиттер** Депозиттік портфель 24%-ке өсті және 1 337 млрд теңгені құрады. Өтімділік деңгейі нарықтағы ең жоғарғылардың бірі, ағымдағы өтімділік коэффициенті К4 (ағымдағы айналымдағы активтердің қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы) 165% құрайды, норматив 30%-тен кем емес. **Капитал және пайда** 2019 жылы таза пайда 45%-ке өсті және 42 233 миллион теңгені құрады. Екі есеге дерлік өсім таза проценттік табысты 59%-ке және таза комиссиялық табысты 54%-ке өсіру есебінен болды. Банктің таза проценттік маржасы (NIM) 2018 жылғы 4,2%-тен 2019 жылы 5,5%-ке дейін өсті. Банк капиталының рентабельділігі (ROAE) 19,7% құрады, 2018 жылы бұл көрсеткіш 14,8% құрады. Банктің жеке капиталы 15%-ке өсті және 229 млрд теңгені құрады. Капиталдың жеткіліктілік коэффициенті К1 (банктің жеке капиталының тәуекел деңгейі бойынша өлшенген активтерге қатынасы) 17,0% құрады, норматив 7,5%-тен кем емес. *«ForteBank жағымды қаржылық және операциялық нәтижелер көрсетуін жалғастыруда. Депозиттік портфельді сапалы өсірудің арқасында банк активтерінің көлемі 2019 жылы 23%-ке өсті. ForteBank екінші деңгейдегі банктердің активтерінің сапасын тәуелсіз бағалау рәсімінен сәтті өтті. AQR нәтижесі банктің жоғары сенімділігі мен тұрақтылығын және жиі және пруденциялық капитал талаптарына қатысты капиталдың айтарлықтай өсімін растады», - деп түсіндірді басқарма төрағасы **Гурам Андроникашвили**.* 2019 жылы банк 2020-2024 жж. даму стратегиясын бекітті және өз миссиясы ретінде Қазақстандағы сұранысы ең жоғары қызметтер экожүйесі болу деп белгіледі. Өз мақсатын жүзеге асыру үшін ForteBank 2019 жылы One Technologies компаниясының 100% үлесін сатып алу бойынша мәмілені аяқтады. One Technologies компаниясын сатып алу цифрландыру және кленттерге ең жақсы инновациялық қызметтерді ұсыну бойынша өз позициясын күшейту жолындағы ForteBank-тің маңызды қадамы болды. 2019 жылы жеке тұлғаларға арналған интернет банкинг клиенттерінің саны 65%-ке, заңды тұлғалар саны - 36%-ке өсті. Банктің шығарылған карточкалар саны 36%-ке өсті және 1,1 млн-нан асты. ForteBank инновациялық сервис жасауды және банктік емес қызметтер тізімін кеңейтуді жалғастырады. Бұндай өнімдердің алғашқылары – Forte Market цифрлық дүкені, онда ұсақ электроникадан үй жиһазына дейін мыңдаған әртүрлі тауар сатылады және Forte Travel —туристік турлар мен авиабилеттер сатып алу сервисі. **2019 жылдың басты оқиғалары: ** - Moody’s Investors Service (“Moody’s”) агенттігі ForteBank депозиттері бойынша ұзақ мерзімді рейтингіні В3-тен В1-ге өсірді (бірден екі сатыға), болжам «Тұрақты»; - S&P Global Ratings агенттігі ForteBank рейтингін «В»-ден «B+»-ке өсірді, болжам «Тұрақты»; - Fitch Ratings агенттігі ForteBank рейтингі бойынша болжамын «Тұрақтыдан» «Позитивтіге» жақсартты - KassaNova банкінің жай акцияларын 100% сатып алу бойынша мәміле аяқталды; - Кәсіпкерлікті қаржыландыруға ЕҚДБ-дан $60 млн тартылды; - Микро, шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруға Азия Даму Банкінен 31 млрд теңге тартылды; - 2014 жылы 236 570 000 АҚШ доллары сомасына шығарылған 11,75% купонымен және өтеу мерзімі 2024 ж. дейінгі облигацияларды мерзімінен бұрын толық өтеді; - AQR қорытындысы ForteBank-тің жоғары сенімділігі мен тұрақтылығын растады. AQR нәтижесі бойынша түзетулерді қолданған соң капиталдың жеткіліктілік коэффициенті К1 16,6% құрады, норматив 7,5%. БАҚ үшін байланыс нөмірі Байланыс қызметі Эльвира Пелтола Тел.: +7 (7172) 59 99 99 (ішкі 10868) epeltola@fortebank.com

02.04.2020 г.

Хабарлама: 2020 жылғы 4 мамырда "ForteBank" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтеді

"ForteBank" АҚ (бұдан әрі – "Банк") оның атқарушы органының (Басқарманың) орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05P1P0/010017, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 8/1, өз акционерлеріне Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" заңының (бұдан әрі – "Акционерлік қоғамдар туралы" заң) 35-бабының 1-тармағының, 37-бабының 3-тармағының 3) тармақшасының және 41-бабының негізінде Банк Директорлар кеңесінің бастамасымен (2020 жылғы 31 наурыздағы № 10 отырыс хаттамасы) шақырылып жатқан, Банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) өткізілетіндігі туралы хабарлайды. Жиналыс **2020 жылғы 4 мамырда** Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 10.00-ден бастап келесі мекенжайда өткізіледі: Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 8/1, 8-қабат, "Astana" мәжіліс-залы. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2020 жылғы 4 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 09.00-ден бастап 09.45-ке дейін жүргізіледі. Жиналысқа қатысуға құқы бар Банк акционерлерінің тізімі 2020 жылғы 20 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 00.00-гі жағдайы бойынша жасалады. Кворум болмаған жағдайда, Банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы 2020 жылғы 5 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағ. 10.00-ден бастап сол мекенжай бойынша қайтадан өткізіледі. Қайтадан өткізілетін Банктің акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу 2020 жылғы 5 мамырда Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 09.00-ден бастап 09.45-ке дейін жүргізіледі. **Жиналыстың күн тәртібі:** 1. Банктің 2019 жылы үшін жылдық қаржылық есебін бекіту туралы. 2. Банктің 2019 жылғы таза табысын үлестіру тәртібін бекіту, Банктің бір қарапайым акциясына есептегендегі дивиденд мөлшері туралы. 3. Банк Директорлар кеңесінің өткен қаржылық жылына есеп беруі туралы. 4. Акционерлердің Банктің және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне қатысты жолдаулары және оны қарастырудың нәтижелері туралы. 5. Директорлар кеңесі мүшелерінің және Банк Басқармасының 2019 жыл үшін сыйақысының мөлшері және құрамы туралы. 6. Банкте аудит жүргізетін және 2020–2022 жылдарда 2020–2022жж. үшін қаржылық есебін шолуды жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды анықтау туралы. 7. Банк Жарғысына енгізілетін № 6 өзгерістерді бекіту туралы. "Акционерлік қоғамдар туралы" заңның 43-бабының 1-тармағының екінші бөліміне сәйкес Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін, мұндай толықтырулар туралы қоғам акционерлеріне жылдық жалпы жиналыс өткізілетін күнге дейін 15 күннен кешіктірілмей немесе "Акционерлік қоғамдар туралы" заңның 43-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен хабарланған жағдайда, қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан да көп пайызын дербес немесе басқа акционерлермен жиынтықта иеленген акционер немесе директорлар кеңесі толықтыруы мүмкін. "Акционерлік қоғамдар туралы" заңның 44-бабының 4-тармағына сәйкес жиналыстың күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдар акционерлер танысуы үшін Банк Басқармасы орналасқан жерде жиналыс өткізілетін күннен 10 күнтізбелік күн бұрын дайын әрі қол жетімді болады. Банк акционерінің сауал салуы болған кезде жиналыстың күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдар оған сауал салу алынғаннан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жіберіледі, бұл ретте құжаттар көшірмелерін жасауға және құжаттарды жеткізуге кеткен шығындарды Банк көтереді. Жиналыс өткізуге байланысты қосымша ақпаратты келесі телефон арқылы біле аласыз: +7 (7172) 59 99 99, ішкі 10200. Осы арқылы Банк акционерлеріне жиналыс өткізудің келесі тәртібін танысуға ұсынамыз: Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" заңының 17-бабының 5-тармағына сәйкес "оффшорлық аймақтарда тіркелген, тізбесін уәкiлеттi орган белгілейтін заңды тұлғалар (Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар қызметінің және микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдар қызметтерінің мақсаттары үшін оффшорлық аймақтардың тізбесін бекіту туралы» 2020 жылғы 24 ақпандағы №8 қаулысын қараңыз) Қазақстан Республикасының резидент банктерінің дауыс беретiн акцияларын тiкелей немесе жанама иелене және (немесе) пайдалана алмайды және (немесе) оларға билiк ете алмайды". Аталған баптың 5-1 тармағына сай "Акционерлердің жалпы жиналысына қатысатын акционер, егер оның өз акционерлерінің (қатысушылардың) тіркелген елі туралы ақпарат банкте жоқ болса, өтінішті табыс етеді, онда осындай акционерлердің (қатысушылардың) осы баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің талаптарын орындағаны туралы көрсетеді". Осы тармақтың екінші абзацында "көрсетілген өтінішті табыс етпеген акционер акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға жіберілмейтіні көзделген". Осыған байланысты тіркеу кезінде жиналысқа қатысушылар өздерінің жиналысқа қатысу және жиналыста қаралатын мәселелер бойынша дауыс беру құқығын растайтын құжаттарды берулері қажет. Жиналыс ашылғанға дейін келген акционерлерді (олардың өкілдерін) тіркеу жүргізіледі. Өзімен бірге жеке куәлігі болуы тиіс. Акционердің өкілі оның жиналысқа қатысу және дауыс беру өкілеттігін растайтын сенімхатты немесе сенімхатсыз акционердің атынан әрекет ету немесе оның мүддесін таныту құқығын растайтын құжатты беруі тиіс. Тіркеуден өтпеген акционер (оның өкілі) кворумды анықтауда есептелмейді және дауыс беруге қатыса алмайды. Жиналыс кворум болған жағдайда белгіленген уақытта ашылады. Жиналыста жиналыс төрағасы мен хатшысы сайланады, дауыс беру түрі – ашық немесе құпия (бюллетень бойынша) анықталады. "Акционерлік қоғамдар туралы" заңның 50-бабының 1-тармағына сәйкес акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіндегі сұрақтары бойынша дауыс беру "бір акция - бір дауыс" принципі бойынша жүзеге асырылады, акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында дауыс беру құқығы бар әрбір тұлғаға акционерлерінің жалпы жиналысын өткізудің процедуралық сұрақтары бойынша бір дауыс беруді қоспағанда. Төрағаның күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға қатысуға құқығы бар адамдардың сөз сөйлеуіне, мұндай сөздер акционерлердің жалпы жиналысының регламентін бұзуға әкеп соғатын немесе осы мәселе бойынша жарыссөз тоқтатылған жағдайларды қоспағанда, бөгет жасауға құқығы жоқ. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өзінің жұмысында үзіліс жариялау туралы және жұмыс мерзімін ұзарту туралы, оның ішінде акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіндегі жекелеген мәселелердің қаралуын келесі күнге ауыстыру туралы шешім қабылдауға құқылы. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысын күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, олар бойынша шешімдер қабылданғаннан кейін ғана жабық деп жариялауға болады. "Акционерлік қоғамдар туралы" заңның 52-бабының 1-тармағына сәйкес акционерлердің жылдық жалпы жиналысының хаттамасы жиналыс жабылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жасалып, қол қойылуға тиіс. Жиналыс "Акционерлік қоғамдар туралы" заңның 35-37, 39-48, 50-52 баптарына, Банк және банк қызметтері туралы заңның 17-бабының 5 және 5-1 тармақтарына және Банк Жарғысының 15-бабына сәйкес өткізіледі. Банк акционерлерін Банктің акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына қатысуға шақырамыз. **Notice: on May 4, 2020, the Annual General Meeting of ForteBank JSC shareholders will take place** ForteBank JSC (hereinafter referred to as the “Bank”), the executive board (Management Board) is located at: bldg. 8/1, Dostyk str., Yessil district, Nur-Sultan city, Z05P1P0/010017, Republic of Kazakhstan, hereby notifies its shareholders on Annual General Meeting of shareholders of the Bank (hereinafter the “Meeting”) convened at the initiative of the Board of Directors of the Bank (Minutes of Meeting No.10 dated March 31, 2020) on the basis of Article 35.1, Article 37.3.3 and Article 41 of the Republic of Kazakhstan Law “On Joint Stock Companies” (hereinafter the Law “On Joint Stock Companies”). The Meeting will be held on **May 4, 2020** at 10.00 a.m. (Nur-Sultan time), at the following address: Conference Room “Astana”, 8th floor, bldg. 8/1, Dostyk str., Nur-Sultan city. The participants shall be registered on May 4, 2020 from 09.00 a.m. to 09.45 a.m. (Nur-Sultan time) at the venue of the meeting. The register of the Bank shareholders eligible to participate at the Meeting will be compiled as at 00.00 a.m. (Nur-Sultan time) on April 20, 2020. In the absence of a quorum, the adjourned Annual General Meeting of the Bank shareholders will be held on May 5, 2020 at 10.00 a.m. (Nur-Sultan time) at the same address. The participants of the adjourned Annual General Meeting of the Bank shareholders will be registered on May 5, 2020 from 09.00 a.m. to 09.45 a.m. (Nur-Sultan time) at the venue of the meeting. **Agenda of the Meeting** 1. On approval of the 2019 annual financial statements of the Bank. 2. On approval of the procedure for distribution of the Bank’s 2019 net income, the amount of the dividend per common share of the Bank. 3. On the Report of the Board of Directors of the Bank for the past financial year. 4. On the appeals of shareholders to the actions of the Bank and its officials, and the results of consideration thereof. 5. On the amount and composition of remuneration of members of the Board of Directors and the Management Board of the Bank in 2019. 6. On appointment of an audit organization for performance of an audit and review of the financial statements of the Bank in 2020-2022 and for 2020-2022. 7. On approval of an amendment № 6 to the Charter of the Bank. In accordance with part two of Article 43.4.1 of the Law “On Joint Stock Companies”, the agenda of the annual general meeting of shareholders may be supplemented by a shareholder owning, independently or together with other shareholders, five or more percent of the voting shares of the company, or by the board of directors, provided that shareholders of the Bank have been notified of such amendments not later than 15 days prior to the date of the annual general meeting. Pursuant to Article 44.4 of the Law “On Joint Stock Companies”, the materials on issues of the agenda of the meeting shall have been prepared and available for familiarization of shareholders not later than 10 calendar days before the date of the General Meeting of shareholders at the location of the Management Board of the Bank. Upon request of a shareholder of the Bank, the materials on issues of the agenda of the meeting shall be sent thereto within three business days of the day of receipt of the request, provided that the costs for making copies of documents and delivery of documents shall be borne by the Bank. For more information on holding the meeting, please call: +7 (7172) 59 99 99, extension 10200. We hereby offer the shareholders of the Bank to acquaint themselves with the following procedure for holding the meeting. In accordance with article 17.5 of the Republic of Kazakhstan Law “On Banks and Banking Activities in the Republic of Kazakhstan”, “legal entities incorporated in offshore zones the list whereof is established by the competent authority (see: resolution of the Management Board of the Agency of the Republic of Kazakhstan for regulation and development of financial market dated February 24, 2020, № 8 On establishing a list of offshore zones for the purposes of banking and insurance business, business of the professional participants of stock market and other licensable types of activity on the stock market, business of the joint stock investment funds and business of organizations performing micro-financial activities), shall not be able to directly or indirectly own and (or) use, and (or) dispose the voting shares of the Republic of Kazakhstan resident banks”. According to para.5-1 of the named article, “the shareholder participating at the general meeting of shareholders shall submit a statement which indicates the compliance with para.5 of this article by its shareholders (participants), in case the bank has no information on country of residence of such shareholders (participants)”. The second subparagraph of current para. stipulates that “a shareholder who has not submitted the above statement is not allowed to participate at the general meeting of shareholders”. In this regard, at registration, participants of the Meeting shall submit documents confirming their eligibility to participate at the Meeting and vote on issues considered at the Meeting. The shareholders (representatives thereof) arrived shall be registered before opening of the meeting. It is required to have an identity document. A representative of the shareholder must submit a power of attorney confirming the authority thereof to participate and vote at the meeting, or a document confirming the eligibility to act on behalf of the shareholder or represent interests thereof without a power of attorney. A shareholder (representative of a shareholder) who has not been registered shall not be counted in determining the quorum and shall not be entitled to vote. The meeting opens at the announced time if a quorum is present. The meeting shall hold elections of the chairperson and secretary of the meeting, determine the form of voting – open or secret (by poll). In accordance with Article 50.1 of the Law “On Joint Stock Companies”, voting on the agenda of the annual general meeting of shareholders is carried out under the principle of “one share – one vote”, except for cumulative voting when electing members of the Board of Directors and providing each person eligible to vote at an annual general meeting of shareholders, with one vote on the procedural issues of holding the general meeting of shareholders. The chairperson shall not be entitled to interfere with the speeches of those eligible to participate in the discussion of the agenda issue, except for cases when such speeches result in violation of the rules of the meeting or when the dispute on this issue is over. The annual general meeting of shareholders shall be entitled to take a decision on suspension of its work and on extension of the period of work, including postponement of consideration of certain issues of the agenda of the general meeting of shareholders to the following day. An annual general meeting of shareholders may be declared closed only after consideration of all issues of the agenda and adoption of resolutions thereon. In accordance with Article 52.1 of the Law “On Joint Stock Companies”, the minutes of the annual general meeting of shareholders shall be drawn up and signed within three business days after the closing of the general meeting of shareholders. The meeting shall be held in accordance with Articles 35-37, 39-48, 50-52 of the Law “On Joint Stock Companies”, Articles 17.5 and 17.5-1 of the Law “On Banks and Banking Activities”, and Article 15 of the Bank Charter. We look forward to welcoming the shareholders of the Bank to participate in the Annual General Meeting of shareholders of the Bank.
1
12
14
36
ForteBank-ті таңдағаныңызға рахмет!Бізге хабарласыңыз, көмектесуге қуаныштымыз.



Барлық құқықтар сақталған © Forte 2024