Нашар көретіндерге
KZ
KZ

Выберите месяц

04.12.2019 г.

Fitch Ratings ForteBank бойынша рейтингілер болжамын «Тұрақты»-дан «Позитивті»-ге жақсартты

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ Нұр-Сұлтан қаласы 04.12.2019 ж. Fitch Ratings ForteBank бойынша рейтингілер болжамын «Тұрақты»-дан «Позитивті»-ге жақсартты 2019 жылғы 3 желтоқсанда Fitch Ratings халықаралық рейтингілік агенттігі ForteBank бойынша рейтінгілер болжамын «Тұрақты»-дан «Позитивті»-ге жақсарту және эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингісін (ЭДР) «В» деңгейінде растау туралы шешімі жайында хабарлады. Fitch аналитиктерінің хабарлауынша: «ForteBank соңғы бірнеше жыл бойы тұрақты және негізді табыстылықты көрсетіп келеді (ROAA және ROAE – 2019 жылдың 9 айы үшін 2,3% және 20%), бұл біздің пікірімізше тұрақты көрсеткіш. Forte активтері сапасының қауіп-қатері төмен. Қорландыру және өтімділік сапасы – рейтингінің біршама күшті жағы». Бұл жаңалықты ForteBank Басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили толығырақ мәлімдеп өтті: «Fitch-тің ForteBank рейтінгілері бойынша болжамын жақсартуы біз үшін де, клиенттеріміз үшін де маңызды оқиға болып табылады және банктің тұрақтылығы мен сенімділігін тағы бір мәрте растайды. Біз клиенттеріміз тарапынан банкке деген жоғары сенімділікті білдіретін оң қаржы көрсеткіштерін көрсетуді жалғастырамыз». Еске сала кетсек, бұдан бұрын Moody’s Investors Service (“Moody’s”) халықаралық рейтингілік агенттігі ForteBank депозиттері бойынша ұзақ мерзімді рейтингін В3-тен В1-ге (бірден екі сатыға) көтерді, болжамы - «Тұрақты», ал S&P Global Ratings рейтингілік агенттігі ForteBank рейтингтерін «В»-дан «B+» дейін көтерді, болжамы - «Тұрақты». 2019 жылы ForteBank негізгі қаржы көрсеткіштері бойынша сапалы өсуді көрсетеді:* · жыл басынан бастап активтерінің өсуі +15,8% (+280,7 млрд тг), бұл банктің еліміздегі ең ірі банктердің алғашқы үштігіне кіруіне мүмкіндік берді; · банктің кредиттік портфелінің өсуі +5% (+32,6 млрд тг); · банктің депозиттік портфелінің өсуі +7,5% (+83,3 млрд тг); · 2019 жылдың 9 айы үшін банктің комиссиялық табысының өсуі, 2018 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда, +49,9% (+5,2 млрд тг) құрады; · 2019 жылдың 9 айы үшін қызмет нәтижелері бойынша таза кірістің өсуі, 2018 жылдың 9 айымен салыстырғанда, +46,5 %; · Банк нарықта капиталдың жеткілікті болуының ең жоғары көрсеткіштерін көрсетуді жалғастыруда – 17,4% (К2) – (ҚР ҰБ деректері); · Өтімділік көрсеткіші жоғары деңгейде қала береді және 156% құрайды. *деректер 01.10.2019ж. жағдайы бойынша ұсынылды _____________________________________________________________________________________ 2018 жылдың қорытындысы бойынша ForteBank активтерінің мөлшері бойынша Қазақстаннның ең ірі үш банкінің қатарына кіреді және капиталдандыру және өтімділік деңгейі бойынша көшбасшылық орынға ие. Ресейлік Markswebb аналитикалық агенттігінің пікірі бойынша ForteBank мобильді қосымшасы Қазақстандағы № 1 және ТМД-дағы үздік ондықтың бірі болып танылды. The Banker және Global Finance пікірі бойынша ForteBank екінші жыл қатарынан «Қазақстанның жыл банкі» деп аталды. Хабарласу үшін: Инвесторлармен қарым-қатынас Тел. +7 (7172) 58 75 75 (ішкі 10249) E-mail: IR@fortebank.com Баспасөз қызметі: Тел.: +7 (7172) 59 99 99 (ішкі 10868) E-mail: epeltola@fortebank.com

15.11.2019 г.

ForteBank 236 570 000 АҚШ доллары сомасына шығарылған облигацияларын мерзімінен бұрын өтеуді жоспарлауда

«ForteBank» АҚ Банк пен BNY Corporate Trust Services Limited (бұдан әрі – Сенімді басқарушы) арасында бекітілген Сенімді басқару туралы 2014 жылғы 15 желтоқсандағы шартқа (бұдан әрі – Сенімді басқару туралы шарт) сәйкес «ForteBank» АҚ (бұрынғы – «Альянс Банк» АҚ) 236 570 000 АҚШ доллары сомасына шығарған, 11,75 процент табысымен, өтеу мерзімі 2024 жылға дейінгі облигацияларды мерзімінен бұрын толық өтеу құқығын қолданатындығы туралы хабарлайды. Банк Сенімді басқару туралы шартқа 4-қосымшаның 8-тармағының (с) тармақшасына сәйкес Банк опционы бойынша 108%-пен облигацияларды толық өтеу құқығын қолданады (Мерзімінен Бұрын Өтеу Сомасы). Бұл ретте Мерзімінен Бұрын Өтеу Сомасы Облигациялар бойынша ағымдағы негізгі борыштың әрбір 1,00 АҚШ долларына 1,08 АҚШ долларын құрайды. Облигацияларды толық өтеу 2019 жылғы 15 желтоқсанға сәйкес келетін Проценттерді Төлеудің Екінші Датасында жүзеге асырылады. Проценттерді Төлеудің Екінші Датасы жұмыс күніне сәйкес келмегендіктен Сенімді басқару туралы шартқа 4-қосымшаның 7-тармағының (f) тармақшасында белгіленгендей өтеу 2019 жылғы 15 желтоқсан валюталау күнімен 2019 жылғы 16 желтоқсанда жүргізіледі. Облигациялар бойынша әрбір төлем бұндай төлемнің тиісті датасына (бұдан әрі – Тізілімді Тіркеу Датасы) дейінгі екі жұмыс күні бұрын жұмыс күні аяқталған сәтте (Тіркеушінің атлған офисінің орнында) Тізілімде ұстаушы ретінде көрсетілген тұлғаға төленеді. Тиісті хабарлама Облигацияларды ұстаушыларға клирингтік жүйелер арқылы жіберілді. Осы мерзімінен бұрын өтеу Банкке өзінің артық долларлық өтімділігін қолданып, қорландыру құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласыңыз: «ForteBank» АҚ Инвесторлармен жұмыс Тел.: +7 (727) 244 09 73 E-mail: IR@fortebank.com

22.10.2019 г.

#

27.09.2019 г.

#

27.09.2019 г.

#
1
15
17
36
ForteBank-ті таңдағаныңызға рахмет!Бізге хабарласыңыз, көмектесуге қуаныштымыз.



Барлық құқықтар сақталған © Forte 2024