Нашар көретіндерге
KZ
KZ

Выберите месяц

29.11.2018 г.

#

20.11.2018 г.

#

06.11.2018 г.

"ForteBank" АҚ Басқармасы құрамының өзгерісі туралы ақпарат

Баспасөз хабарламасы "ForteBank" АҚ Басқармасы құрамының өзгерісі туралы ақпарат Астана, 2018 ж. 06 қараша – "ForteBank" акционерлік қоғамы, орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010017, Астана қаласы, Достық көшесі, 8/1, (әрі қарай – "Банк") Банк Басқармасы құрамының өзгерісі туралы хабарлайды. Банк Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 02 қарашадағы шешіміне сәйкес (отырыстың № 30 хаттамасы) 2018 жылғы 02 қарашадан бастап Омаров Руслан Женісұлы Басқарма мүшесі – Банк Басқармасы Төрағасының орынбасары болып cайланды. * * * Press release Information on changes in the Management Board of ForteBank JSC Astana city, 06 November 2018 – ForteBank Joint Stock Company located at: 8/1, Dostyk str., Astana city, 010017, Republic of Kazakhstan (hereinafter referred to as the “Bank”), hereby informs on changes to the composition of the Management Board of the Bank. In accordance with resolution of the Board of Directors of the Bank, dated November 2, 2018 (minutes of meeting No. 30), Omarov Ruslan has been elected as a member of the Bank’s Management Board - Deputy Chairman of the Bank’s Management Board starting from November 2, 2018.

15.10.2018 г.

#

12.10.2018 г.

ForteOpen теннис турнирі алғаш рет Астанада өтті

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ Астана қаласы 15.10.2018 ж. ForteOpen теннис турнирі алғаш рет Астанада өтті Алматыда дәстүрге айналған ForteOpen теннис турнирі алғаш рет Астана қаласында өтіп, көптеген қатысушылар мен жанкүйерлерді жинады. Турнирге Қазақстан, Өзбекстан, Украина, Ресей елдерінен 65-тен аса әуесқой спортшысы қатысты. Жарыс ерлер арасында жеке және жұптық түрде өтті. Жүлде қоры 3 млн 540 мың теңгені құрады. «Әлеуметтік жобаларды, сонымен қатар балалар спортын дамытуға бағытталған жобаларды қолдау қызметіміздің маңызды бөлігі болып табылады. Теннис турнирлерін өткізу біз үшін игі дәстүрге айналуда. Осы жылы біз Алматыда турнирді үш мәрте өткіздік, ал осы демалыс күндері ForteOpen алғаш рет Астанада өтіп, бұл есте қаларлық оқиға бәрімізге ерекше көңіл-күй сыйлады», - деп айтып өтті ForteBank Басқармасының Төрағасы Гурам Андроникашвили. Турнирден түскен қаражаттың бәрі балалар теннисін дамытуға жұмсалады. Ағымдағы жылдың қараша айында үлкен тенниспен кәсіби айналысатын балаларға арналған республикалық турнир өтетін болады. «Біз болашақ чемпиондарды тәрбиелеудеміз. Біздің балалар жақында өткен Азия жарыстары мен басқа турнирлерде қанжығаларына үш медаль байлады. Бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасын табатындығына сенемін, федерация бұл үшін көп күш жұмсап, аянбай еңбек ететін болады», - деп айтып өтті Қазақстан Теннис федерациясының атқарушы директоры Юрий Польский. Турнирге қатысушы Сергей Сычёв Астанаға Орск қаласынан келген. Ол кәсіби футболшы, ал тенниске көптен бері аса әуесқойлық танытып жүр. «ForteBank турниріне алғаш қатысып отырмын. Астана қаласында өтетін ауқымды турнирлерге төрт жыл бойы келіп жүрмін. Әрдайым осылай тамаша жағдай жасалады, жылы шыраймен қарсы алады. Өзіме жақсы достар таптым. Астаналық әуесқой теннис туралы біліп, өзім үшін жаңалық ашқаныма ризамын. Қарапайым әуесқой спортшының осындай теннис орталығында ойнауы өте сирек кездесетін жағдай. Мен, тіпті, Бірінші Президент турнирінде ойнау құрметіне де ие болдым», - деп қуанышымен бөлісті Сергей Сычёв. _________________________________________________________________________________ ForteBank еліміздің ең тұрақты, өтімді және жақсы капиталдандырылған банктерінің бірі, бізге 2 000 000 аса клиент сенеді, біздің 19 филиалымыз және 100-ге жуық бөлімшеміз бар. Банктің мобильді қосымшасы Markswebb ресейлік аналитикалық агенттігінің нұсқасы бойынша Қазақстандағы №1 және ТМД бойынша 10 үздіктің қатарында деп танылды. ForteBank 2017 жылы The Banker нұсқасы бойынша «Қазақстанның жыл банкі» және «Global Finance» нұсқасы бойынша Қазақстанның үздік банкі болып танылды.
1
22
24
36
ForteBank-ті таңдағаныңызға рахмет!Бізге хабарласыңыз, көмектесуге қуаныштымыз.



Барлық құқықтар сақталған © Forte 2024