Нашар көретіндерге
KZ
KZ

#

20.01.2020 г.

#

#

Похожие новости

Похожие новости

14.01.2020 г.

Абайлаңыз, алаяқтар шықты

Құрметті клиенттер, Осы аптада алаяқтар белсенді әрекеттенуде, сондықтан сіздің абай болуыңызды өтінеміз. Банк нөмірлерін қайталайтын виртуалды нөмірлерден қоңырау шалуы мүмкін, сондай-ақ атымен жоқ акцияларда жеңіске жеткеніңіз туралы хабарлама алуыңыз мүмкін. Сондай-ақ, алаяқтар әлеуметтік желілерде, әсіресе Инстаграмдағы парақшалар мен аккаунттарды пайдаланады, олар ForteBank ұтыс ойынының ұйымдастырушысы болып көрінеді: ұтысқа қатысу үшін билеттерді сатады да, сізден карта мәліметтерін жіберіп, комиссия төлеуді сұрайды. Жадыңызда сақтауыңызды сұраймыз: Біздің қызметтер, карталар және лотереялар туралы барлық ақпарат осы сайтта және Инстаграмдағы ресми аккаунттарда: @fortebankkz, @market.forte, @iamfortekz жарияланады. Біздің конкурстар мен ұтыс ойындарына қатысу үшін біз ешқашан ақша аударуды немесе жеке деректеріңізді: карта нөмірлері, пин-код және CVC / CVV кодтарын сұрамаймыз. Toyota Camry 70 ұтысы аяқталды, қазірше басқасы жоқ. Жаңа ұтыс болған кезде біз барлық ақпаратты сайтта және әлеуметтік желілерде орналастырамыз. Құрметпен, ForteBank

10.01.2020 г.

Техникалық жұмыстар

Құрметті клиенттер, Банктік жүйелерге техникалық толықтыру жұмыстарын жүргізуге байланысты, жеке тұлғаларға арналған Интернет пен Мобильді банкинг 2020 жылғы «14» қантар күні сағат 05:00-ден бастап сағат 05:30-ға дейін уақытша жұмыс істемейтіні туралы хабарлаймыз. Осы туындаған ыңғайсыздық үшін Сізден кешірім сұраймыз және де Сіз түсінушілікпен қарайды деп ойлаймыз. Құрметпен, ForteBank.

31.12.2019 г.

Банктік шот шарттарын орындаудан бас тарту туралы хабарлама

«ForteBank» АҚ-ның 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап 2016 жылғы 10 қыркүйекке дейінгі кезеңде ашылған, төлем карточкалары арқылы қолданылатын жеке тұлғаларға арналған ағымдағы шоттары бар клиенттері үшін. Осы хабарлама орналастырылған кейін 3 ай өткен соң, егер Сіздің шоттарыңызда бір жылдан аса ақша болмаса, онда Банк оларды жабады. Біз бұны ҚР «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес жасауымызға тура келеді. 29-бабының 1-тармағының 1-тармақшасы: клиенттің банктік шотында 1 (бір) жылдан аса ақша болмаған жағдайда, банктік шот шартын орындаудан бас тартуға құқылы. 29-баптың 7-тармағы: клиенттің банктік шотында ақша болмаған жағдайда, Банк банктік шот шартын орындаудан бас тарту туралы хабарланған күннен бастап 3 (үш) ай өткеннен кейін банктік шот шартын бұзады және банктік шоттарды жабуды жүзеге асырады, егер өзге тәртіп банктік шот шартында қарастырылмаса. Егер сұрақтарыңыз болса, 7575 нөміріне қоңырау шалыңыз
ForteBank-ті таңдағаныңызға рахмет!Бізге хабарласыңыз, көмектесуге қуаныштымыз.



Барлық құқықтар сақталған © Forte 2024