30.12.2019 г.
Мобильді банкингідегі операциялар кезінде интернет трафикті қолдануға қатысты
Құрметті клиенттер, Beeline абоненттерінің «Мобильді банкинг нөлдік баланста қолжетімді» деген қызметі бар, ол кезде интернет трафигі шығындалмайтын, енді бұл қызмет аталған абоненттер үшін 2020 жылғы «01» қаңтардан бастап қолжетімсіз болатыны туралы хабарлаймыз. Осы қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсінгеніңіз үшін алғыс білдіреміз. Құрметпен, ForteBank.20.12.2019 г.
ForteBank 236 570 000 АҚШ долларына евробонд шығаруды мерзімінен бұрын өтеді
ForteBank оның 2014 жылғы 15 желтоқсанда өтеу мерзімі – 2024ж., 236 570 000 АҚШ доллары сомасына шығарған облигацияларды мерзімінен бұрын толығымен өтегендігі туралы хабарлайды. Бұл жаңалықты ForteBank Басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили толығырақ мәлімдеп өтті: «Forte капиталының жеткіліктілігі және өтімділігінің жоғары деңгейіне байланысты, евробондтарды мерзімінен бұрын өтеу меншікті қаражат есебінен жүзеге асырылды. Осы жылы банк барлық қаржы және операциялық көрсеткіші бойынша айтарлықтай өсімге қол жеткізді және активтерінің мөлшері бойынша еліміздегі ең ірі банктердің алғашқы үштігіне кірді. Бұл өтеумен біз инвесторлар 5 жылға салған қаражатты өзара тиімді талаптарда, көрсетілген мерзімнен бұрын қайтарамыз». 2019 жылы Fitch Ratings халықаралық рейтингілік агенттігі ForteBank бойынша рейтінгілер болжамын «Тұрақты»-дан «Позитивті»-ге жақсартты. Сондай-ақ Moody’s Investors Service ForteBank депозиттері бойынша ұзақ мерзімді рейтингін В3-тен В1-ге көтерді, болжамы - «Тұрақты», ал S&P Global Ratings рейтингілік агенттігі ForteBank рейтингтерін «В»-дан «B+» дейін көтерді, болжамы - «Тұрақты». Осы мерзімінен бұрын өтеу банкке өзінің артық долларлық өтімділігін қолдана отырып, қорландыру құнын едәуір төмендетуге мүмкіндік береді.13.12.2019 г.
Банк бөлімшелерінің 14.12.2019-17.12.2019 жұмыс тәртібі
Құрметті клиенттер, Сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! [ForteBank-тің жеке тұлғалармен жұмыс істейтін бөлімшелерінің 14.12.2019-17.12.2019 жұмыс кестесі](https://cdn-1.forte.kz/assets/forte-admin/e8177cc4dcdb4db5a2a74c1697dd56f7.pdf)