Нашар көретіндерге
KZ
KZ

Выберите месяц

05.06.2019 г.

«ForteBank» АҚ Басқармасының құрамындағы өзгерістер туралы

Банк Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 31 мамырдағы шешіміне сәйкес (отырыстың № 24(з) хаттамасы) 2019 жылғы 01 маусымнан бастап Басқарма мүшесі – Банк Басқармасы Төрағасының орынбасары Р. Омаровтың өкілеттігі оның өзінің бастамасы бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылды.

04.06.2019 г.

Техникалық жұмыстар

Құрметті клиенттер, Банктің автоматандырылған банктік ақпараттық жүйесіне жоспарлы техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты, 2019 жылғы 04 маусымда, Заңды тұлғалар үшін Интернет-банкинг ішіндегі Fortex қолжетімсіз болады Осы қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Құрметпен, ForteBank

04.06.2019 г.

Чекті талап етіңіз де, жүлде ұтып алыңыз

Осы арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер комитетінің «Чекті талап етіңіз де, жүлде ұтып алыңыз!» деген науқанды бастағаны туралы хабарлаймыз. 2019 жылғы 1 мамыр мен 8 тамыз аралығында кез келген сауда жасаңыз немесе кез келген ақылы қызметтерді алыңыз да, iPhone 7 смартфонын ұтып алыңыз. Ол үшін сізге мыналар қажет: • Кез келген сауда жасаңыз немесе кез келген ақылы қызметтерді алыңыз; • Чекті бекiту және (немесе) деректердi беру функциясы бар кассалық-бақылау машиналарынан алыңыз; • Фискалды чекті «Таңдау» мобильді қосымшасында тіркеңіз. Науқанның шарттары: 1) Қазақстан Республикасының 18 жастан асқан барлық азаматтары қатыса алады; 2) Науқанға жарнаманың басталу күнінен берілген чектер арқылы қатысуға болады; 3) Бір қатысушының тіркейтін чек санына шектеу жоқ; 4) Жарнамалық науқан кезінде IPhone 7 смартфоны күн сайын ойнатылады. Толық ақпарат www.trebui.kz сайтында

30.05.2019 г.

2019 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР валюталық заңнамасына өзгерістер енгізілді

«Fortebank» АҚ 2019 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына өзгерістер енгізілгендігі туралы хабарлайды: 1. Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 2 шілдедегі Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы Заңы. 2. Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидалары 10.04.2019 жылғы № 64. 3. Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидалары 30.03.2019 жылғы №40. 4. Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидалары 30.03.2019 жылғы №42. Жаңа нормативтік құжаттар Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында орналастырлған https://nationalbank.kz/?docid=36&switch=kazakh. Сұрақтарыңыз бойынша «Fortebank» АҚ филиалына хабарласыңыз. 2019 жылғы 1 шілдеден бастап валюталық заңнамадағы негізгі өзгерістер. Заңды тұлғалар үшін 1. Резидент-заңды тұлғалардың теңгеге қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу тәртібі сатып алу мақсатына қарай өзгертілді. 2. Талаптарында тауарды Қазақстан Республикасының аумағынан өткізу, жұмыстарды орындау, қызмет көрсету қарастырылған экспорт/импорт бойынша валюталық шарттар бойынша есептік нөмір алу. 3. Тіркеу және хабарлау тәртібінің орнына Капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттарды ҚР Ұлттық Банкінде есептік тіркеу: 500 000 АҚШ долларынан жоғары сомадағы валюталық операциялар бойынша. 4. Шетелдік қаржылық емес ұйымдар филиалдарының резиденттігі. Жеке тұлғалар үшін 1. Жеке тұлғаның шот ашусыз төлемдері және (немесе) ақша аударымдары – 10 000 АҚШ долларына дейін ғана (қоса алғанда). 2. Тіркеу және хабарлау тәртібінің орнына Капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттарды ҚР Ұлттық Банкінде есептік тіркеу: 500 000 АҚШ долларынан жоғары сомадағы валюталық операциялар бойынша. 3. Баламасы 50 000 АҚШ доллары және одан жоғары сомаға төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша валюталық операция туралы деректерді уәкілетті банкке беру.

27.05.2019 г.

Техникалық жұмыстар

Құрметті клиенттер, Банктік жүйелерге техникалық толықтыру жұмыстарын жүргізуге байланысты, жеке тұлғаларға арналған Интернет пен Мобильді банкинг 2019 жылғы «28» мамыр күні сағат 03-00-тен бастап сағат 05-00-ке дейінгі уақытша жұмыс істемейтіні туралы хабарлаймыз. Осы туындаған ыңғайсыздық үшін Сізден кешірім сұраймыз және де Сіз түсінушілікпен қарайды деп ойлаймыз. Құрметпен, ForteBank.
1
21
23
75
ForteBank-ті таңдағаныңызға рахмет!Бізге хабарласыңыз, көмектесуге қуаныштымыз.



Барлық құқықтар сақталған © Forte 2024