Нашар көретіндерге
KZ
KZ

Выберите месяц

24.04.2019 г.

#

18.04.2019 г.

Жеке тұлғаларға 08.01.2018 ж. дейін шығарылған төлем карточкалары бойынша тарифтерге өзгерістер

Құрметті клиенттер! Сіздерге «Classic plus», «Gold/ Gold Solo», «Platinum/ Platinum Solo» пакеттері шеңберінде "ForteBank" АҚ-ның жеке тұлғалар үшін 08.01.2018 ж. дейін шығарған/ қайта шығарған төлем карточкалары бойынша негізгі тарифтеріне енгізілген өзгерістер 2019 жылғы 15 мамырдан бастап күшіне енетіні туралы хабарлаймыз, атап айтқанда: [Жеке тұлғалар үшін төлем карточкалары бойынша негізгі тарифтерге өзгерістер.](https://cdn-1.forte.kz/assets/forte-admin/0ef1fe53007a445cb73b814ec3915fae.pdf) «Classic plus», «Gold/ Gold Solo», «Platinum/ Platinum Solo» пакеттері шеңберінде 08.01.2018 ж. дейін шығарылған/ қайта шығарылған төлем карточкалары бойынша қалған тарифтері өзгеріссіз қалады. Құрметпен, ForteBank

16.04.2019 г.

"ForteBank" АҚ Басқармасы құрамының өзгерісі туралы ақпарат

Банктің Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі шешіміне сәйкес (отырыстың № 14 хаттамасы) 2019 жылғы 15 сәуірден бастап Дыканбаева Алия Маратовна – Басқарма мүшесі –Басқарма төрағасының орынбасары (CFO) болып cайланды.

15.04.2019 г.

ForteBank Павлодар қаласында 500 тал отырғызуға кіріст

Бүгін ForteBank қызметкерлері және олардың отбасылары Павлодар қаласындағы Усолка ықшам ауданында тал отырғызуды бастады. Аумақты көгалдандыру шаралары облыста елді мекендерді санитарлық тазалау, көгалдандыру және абаттандыру бойынша 13 сәуірде басталған айлық шеңберінде өтуде. «Павлодар – ForteBank үшін маңызды өңір. Біз бұл өңірдің экономикасы мен тұрғындарын белсенді кредиттеудеміз, жергілікті бизнесін дамытуға көмектесудеміз. Сондай-ақ, банк үшін қала өміріне белсенді араласып, әлеуметтік жауапты бизнес болу өте маңызды. Сондықтан біз облыс әкімдігінің бастамасын белсенді қолдап, қала аумағында 500 тал отырғызуға шешім қабылдадық», - деп ForteBank Басқарма Төрағасы Гурам Андроникашвили аталмыш шараға түсінік беріп өтті. Тал отырғызуға ForteBank-тің 60 қызметкері және олардың отбасылары қатысты. Банкирлер Усолка ықшам ауданын қоқыстан тазартып, ағаш отырғызды. Тал отырғызу технологиясын сақтау үшін банк сырттан тартқан көгалдандыру бойынша мердігер компаниялардың құзыретті мамандары көмектесті. Бүгін ішінара отырғызылған бес жүз ағаштың құрамы мынадай: 60 көк шырша, 260 жасыл шырша, 60 терек, 60 қайың және 60 шаған. Бүгінгі күні көгалдандыру үшін бөлінген аумақ дайындалған 500 талдың 247-ін отырғызуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, ForteBank талдардың біраз бөлігін, яғни филиал ғимаратының салынуына байланысты құлатылуы және қайта отырғызылуы тиіс 52 ағашты құрылыс орнынан «Денсаулық» саябағына қайта отырғызды.

10.04.2019 г.

Техникалық жұмыстар 13.04.2019

Құрметті клиенттер, Банктік жүйелерге техникалық толықтыру жұмыстарын жүргізуге байланысты, жеке тұлғаларға арналған Интернет пен Мобильді банкинг 2019 жылғы «13» сәуір күні сағат 17-00-ден бастап сағат 22-00-ге дейінгі уақытша жұмыс істемейтіні туралы хабарлаймыз. Осы туындаған ыңғайсыздық үшін Сізден кешірім сұраймыз және де Сіз түсінушілікпен қарайды деп ойлаймыз. Құрметпен, ForteBank.
1
24
26
75
ForteBank-ті таңдағаныңызға рахмет!Бізге хабарласыңыз, көмектесуге қуаныштымыз.



Барлық құқықтар сақталған © Forte 2024