Нашар көретіндерге
KZ
KZ

Выберите месяц

27.05.2020 г.

ForteMarket серіктестері үшін комиссияны жояды және жаңа сатып алушыларға 10 000 теңге сыйлайды

Forte Digital Week-тің соңғы күні бизнес және кәсіпкерлерге Forte-мен көбірек табыс табуға көмектесу жолдары туралы айтылды. Компания үшін банкті таңдау ол әрқашан сенім туралы әңгіме. Кәсіпкерлер бұл мәселеге барлық банктегі детальдарды салыстыра отырып, үлкен мұқияттылықпен қарайды. Шоттар қаншалықты жылдам ашылады, ақша аудару және алу үшін комиссиялар қандай, интернет-банкингі қаншалықты ыңғайлы, бөлімшелерде жақсы қызмет көрсетіледі ме, валютада төлем қабылдауға болады ма осының барлығы өте маңызды. *«Осыдан 5 жыл бұрын Forte актив саны бойынша бантердің отыздығының ішінде болды, ірі компаниялар бізбен жұмыс істеуді ұйғарады деу мүмкін емес секілді көрінген. Алайда, біз сол күнге жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық. Бүгінгі күні біз еліміздегі үшінші ең ірі банкпіз және ірі компаниялармен жұмыс жасаймыз. Өткен жылы бизнес шоттарды басқаруға арналған жаңа интернет-банкингіні іске қостық. Қазіргі күні оның біздің клиенттеріміздің көңілінен шыққандығын көреміз – бір жылдан аз уақыт ішінде оған 16 000 астам кәсіпкерлер ауысты»*, — деп бөлісті жобалық офис басшысы **Елдос Қырбасов**. Осы жылдан бастап кәсіпкерлер бизнес үшін шот ашуға өтінімді бөлімшеге келмей-ақ бере алады. Ал жаңартылған интернет-банкингіде шоттарыңыздағы валютаны қазынашылық ұсынған дербес бағам бойынша айырбастауға болады. Кәсіпкерлерге бұның барлығын қолдану тиімді болуы үшін банк өзінің жаңа тарифтік пакеттерімен таныстырды, оған барлығы кіреді: карта, шот, эквайринг, ақша аудару және басқалары. *«Өткен жылы шығарылған және кәсіпкерлердің көңілінен шыққан тағы бір қолайлы өніміміз — ForteKassa, бұл сіздің сауда орныңызды автоматтандыратын, кассаны, қызмтекерлерді, қойманы бақылауға, түсімді көруге, жеке кабинетте аналитиканы қарауға мүмкіндік беретін құрылғы. Бұның барлығы үшеуі біреуінде – кассалық аппарат, чектер принтері және POS-терминал. Саудагерлер үшін мінсіз шешім»*, — деп баяндады **Елдос**. Бұл құрылғы қазақстандық кәсіпкерлер арасында танымалдылыққа ие болды, ал осы жылы ол жаңа функциялармен толықты: аралас төлем, кассалық аймақта жеңілдіктер, мобильді қосымшада тауарды қабылдау. Жақында Forte оның кішірейтілген нұсқасы – ForteKassa смарт-терминалын шығарды. Үлкен нұсқасы секілді функционалды, орнатылған штрих-код сканері бар. Өзіңізбен бірге алып жүруге ыңғайлы болуы үшін сөмкеге оңай сыяды. *«Көп қызметкер жұмыс жасайтын және әрқайсысы төлем қабылдауы тиіс бизнестер үшін әрқайсысына POS-терминал сатып алмас үшін біз қарапайым әрі көркем шешім қабылдадық. Бұл NFC-модуль арқылы смартфоныңызды жанасусыз төлемдер қабылдайтын құрылғыға айналдыратын Tap on Phone технологиясы. Бұл ірі желілер үшін де, мысалы, такси, жеткізу, мейрамханалар саласы, үлкен кассаны қажет етпейтін шағын бизнестер үшін де, мысалы, шаштараздар немесе гүл сатушылар үшін де қолайлы»*, — деп түсіндірді **Елдос**. Бір жылдан аса уақыт бұрын Forte экожүйесі Forte Market цифрлы дүкенмен толықты, онда ұсақ электроникадан үй жиһазына дейін мыңдаған тауарлар сатылады. Бүгінгі күні бұл алаңда 100-ден аса санатта 100 мың дана тауар ұсынатын 200-ден астам сатушы бар. Бұл жерден сіз үй техникасын, гаджеттерді, автоаксессуарларды, спорт заттарын және басқа да көптеген тауарларды онлайн сатып ала аласыз. *«Қазір біздің басты назар аударатынымыз – отандық кәсіпкерлерді қолдау, сондықтан біздің маркетплейсте «Қазақстанда жасалған» деген арнай бөлімін пайда болды. ForteMarket-тің барлық серіктестері үшін 2020 жылдың шілде айының соңына дейін тауар сатылымынан комиссия алмаймыз — бұл карантин кезеңінде бизнесті дамытуға жақсы ынталандыру болады және кәсіпкерлерге үнемделген қаражатты бизнестерін дамытуға бағыттауға көмектеседі»*, - деді ForteMarket басшысы **Дмитрий Комиссар**. Сондай-ақ, бизнесті дамыту үшін кәсіпкерлерге Forte-нің маркетингілік ресурстары беріледі – сайтта жарнама орналастыру, пуш-хабарлама, әлеуметтік желілерде және басқа каналдарда жарнамалау. Барлығы олардың бизнесі туралы неғұрлым көп адам білуі үшін жасалады. Таныстырым соңында әдеттегідей барлығын тосынсый күтіп тұрды – Forte барлық клиентке маусым айының соңына дейін кез келген саудаға 10 000 теңгеге ForteWeek промокодын сыйлады.

26.05.2020 г.

ForteBank жаңа ForteMobile мобильді байланысының іске қосылатындығы туралы жариялады

«Сәлем! Сөйлесе аласыз ба?» Жыл сайын өтетін Forte-нің жаңа өнімдері мен сервистерін таныстыру осы жолы дәл осы сөйлеммен басталды. Осы жылы Forte таныстырылымды жаңа форматта жасады және оны Forte Digital Week деп атады. Қазақстандықтар өмірді оңайлататын банктің жаңа өнімдерімен және сервистерімен онлайн-режимде танысты. Forte экожүйесі үнемі жаңа қызметтермен және сервистермен толықтырылып отырады, ал бейбанктік өнімдер қатары кеңейіп келеді. *«ForteMarket цифрлық дүкенінде ұсақ электроникадан үй жиһазына дейін тауарлардың мыңдаған түрлері сатылады, ForteTravel — бұл туристік турлар мен әуе билеттерін сатып алу қызметі, Forte клиенттеріне басқа да көп нәрселер таныс болды»*, - деп айтады ForteBank Басқармасының Төрағасы **Гурам Андроникашвили.** — Және бүгін мен сіздерге банк өнімдеріне жатпайтын бірегей өнімімізді ұсынғым келеді, оның көмегімен сөйлесу ыңғайлы — *бұл біздің жаңа мобильді байланысымыз ForteMobile*». Forte-ден эксклюзивті мобильді байланыс екі тарифпен, яғни «Gold» және «Platinum» тарифтерімен ұсынылады, олардың атаулары төлем карточкалары түрлерінен алынған. *«Біз серіктесіміз Beeline Қазақстан-мен бірлесіп сіздер үшін күшті ұсыныстар жасадық. Біздің тарифтерімізбен сіздерде минут және интернет жетіспеушілігі туындамайды. Ал егер сіз біздің банктік өнімдерді белсенді қолдансаңыз, онда ерекше бонустар мен сервистерге ие боласыз»* - деп айтып өтті жоба менеджері **Алена Ахметова.** Тарифтер шығыс қоңырауларға тегін минуттардың көп мөлшерінен, интернет-трафик көлемінен, сондай-ақ әлеуметтік желілерге, мессенджерлерге, KAZNET және басқа сервистерге лимитсіз трафиктен құралады. Тарифтердің тағы бір құндылығы - ForteMobile мен серіктесіміз Beeline Қазақстан арасында қоңырау шалу тегін әрі шектеусіз. Жаңа мобильді байланыста басқа ешкімде жоқ бір сервис бар — роумингте банктің қолдау қызметіне тегін қоңырау шалу. Айтпақшы, қосымша да интернет трафиктерін тарифтеусіз тегін жұмыс жасайды. Бұл сіз сапар үшін карта бойынша лимитіңізді ұлғайтқыңыз келгенде немесе жақындарыңызға ақша аударғыңыз келген жағдайда керек. ForteMobile-мен кез келген елден ForteBank-ке қоңырау шалып, оператормен уақытты есептемей, қанша сөйлескіңіз келсе, сонша сөйлесе аласыз. Ол үшін +7 705 921-21-21 телефон нөмірі бойынша қоңырау шалсаңыз болады. Егер клиент айына 100 000 теңге және одан көп сомаға сауда жасап, ақысын ForteBank төлем карточкасымен төйлесе, онда клиент тағы бір жақсы бонусқа ие болады – мобильді байланыс үшін абоненттік төлем нөлге айналады. ForteMobile нөмірін ресімдеуді немесе өзіңіздегі нөмірді ForteMobile-ге ауыстыруды Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы банктің кез келген бөлімшесінде жүзеге асыра аласыз. Тағы бір жақсы жаңалық – ForteMobile сим-картасы мен ForteBank төлем карточкасынан құралған жинақтың лимиттелген жиынтығы, бұл ретте абоненттік нөмір мен карточка нөмірі сәйкес келеді. Forte бұл жобаны іске қосуға орай кішігірім сыйлық әзірледі. ForteMobile сим-картасына https://mobile.forte.kz/ сайтында тапсырыс берген адамдарға сол сим-картаны жеткізіп береміз. Ертең сағат 15:00-де Forte Digital Week-тің екінші күні өтеді, онда көптеген қызықты жаңалықтар мен сыйлықтар болады.

23.05.2020 г.

#

21.05.2020 г.

Жеке тұлғаларға қызмет көрсету тарифтерінің өзгерісі

Құрметті клиенттер, Сізге «ForteBank» АҚ 2020 жылғы «01» маусымнан бастап «ForteBank» АҚ жеке тұлғалар – клиенттері үшін тарифтік жоспардың өзгерістері күшіне енетіндігін хабарлайды. Құрметпен, ForteBank

15.05.2020 г.

Техникалық жұмыстар

Құрметті клиенттер, Банктік жүйелерге техникалық толықтыру жұмыстарын жүргізуге байланысты, жеке тұлғаларға арналған Интернет пен Мобильді банкинг 2020 жылғы «17» мамыр күні сағат 16-00-ден бастап сағат 18-00-ге дейін және «19» мамыр күні сағат 04-00-ден бастап сағат 06-00-ге дейін уақытша жұмыс істемейтіні туралы хабарлаймыз. Осы туындаған ыңғайсыздық үшін Сізден кешірім сұраймыз және де Сіз түсінушілікпен қарайды деп ойлаймыз. Құрметпен, ForteBank.
1
6
8
75
ForteBank-ті таңдағаныңызға рахмет!Бізге хабарласыңыз, көмектесуге қуаныштымыз.



Барлық құқықтар сақталған © Forte 2024