17.06.2019 г.
"ForteBank" АҚ акционерлерінің 2019 жылғы 13 маусымда өткен кезектен тыс жалпы жиналысындағы дауыс беру қорытындылары
"ForteBank" АҚ акционерлерінің 2019 жылғы 13 маусымда өткен кезектен тыс жалпы жиналысындағы дауыс беру қорытындылары "ForteBank" АҚ-та (Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05P1P0/010017, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық к-сі, 8/1) (бұдан әрі – "Банк") 2019 жылғы 13 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 10.00-ден 11.00-ге дейін келесі мекенжайда өткен Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысындағы (бұдан әрі – "Жиналыс") дауыс беру қорытындылары туралы хабарлайды: Қазақстан Республикасы, Z05P1P0/010017, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық к-сі, 8/1, 8-қабат, "Astana" конференц-залы. Жиналыста бекітілген күн тәртібіне сәйкес "Банктің Директорлар кеңесінің құрамы және Банктің Директорлар кеңесінің мүшелерін сыйақыландыру деңгейін белгілеу туралы" мәселе қарастырылды. Жиналыста дауыс беру нәтижелері бойынша келесі шешімдер қабылданды: – Мағжан Мұратұлы Әуезовтің Банктің Директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттігі және Рустем Сәбитұлы Бектұровтың Банктің тәуелсіз директоры- Банктің Директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын 2019 жылғы 13 маусымнан бастап тоқтатылды; – Марлен Оразбекұлы Мырзабеков және Рустем Сәбитұлы Бектұров - 2019 жылғы 14 маусымнан бастап Банктің акционері Болат Жәмитұлы Өтемұратовтың мүддесін білдіруші ретінде Банктің Директорлар Кеңесінің мүшелері болып сайланды; – Марлен Оразбекұлы Мырзабеков пен Рүстем Сәбитұлы Бектұровтың Банктің Директорлар кеңесінің мүшелері ретіндегі өкілеттік мерзімі бір мезгілде - Банктің Директорлар кеңесі өкілеттік мерзімінің аяқталуымен, яғни, 2022 жылы Банктің акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өткізілген кезде аяқталатындығы белгіленді; – Банктің Директорлар кеңесінің мүшелеріне ай сайынғы белгіленген сыйақы мөлшері белгіленді, сондай-ақ өзге төлемдер, Банктің Директорлар кеңесі мүшелерінің шығындарын өтеу "ForteBank" АҚ Директорлар кеңесі мүшелерін сыйақыландыру саясатында белгіленген мөлшерде және тәртіпте жүзеге асырылатындығы белгіленді. Анықтамалық. Жиналыстың жүргізілу барысында ұсынылған Банктің дауыс беруші қарапайым акцияларының жалпы саны 73 722 738 810 (дауыс беруші қарапайым акцияларының жалпы санының 98,5982 %). Results of voting at the Extraordinary General Meeting of Shareholders of ForteBank JSC held on June 13, 2019 ForteBank JSC (Management Board is located at: bldg. 8/1, Dostyk str., Nur-Sultan city, Z05P1P0/010017, Republic of Kazakhstan) (hereinafter the "Bank") reports on the results of voting at the Extraordinary General Meeting of Shareholders of the Bank (hereinafter the "Meeting") held on June 13, 2019, from 10.00 to 11.00 by Nur-Sultan city time at: "Astana" Conference Room, 8th floor, bldg. 8/1, Dostyk str., Nur-Sultan city, Z05P1P0/010017, Republic of Kazakhstan. In accordance with the approved agenda, the Meeting considered the issue “On the composition of the Board of Directors of the Bank, and on determining the level of remuneration of members thereof.” Based on the results of voting at the Meeting, the following resolutions were passed: – from June 13, 2019, the powers of Mr. Magzhan Muratovich Auezov as a member of the Board of Directors of the Bank, and Mr. Rustem Sabitovich Bekturov as a member of the Board of Directors of the Bank – an Independent Director of the Bank, were terminated early; – from June 14, 2019 the followings were elected members of the Board of Directors of the Bank as representatives of the interests of Mr. Bulat Zhamitovich Utemuratov, a shareholder of the Bank: Mr. Marlen Orazbekovich Mirzabekov and Mr. Rustem Sabitovich Bekturov; – it has been established that the terms of office of Mr. Marlen Orazbekovich Mirzabekov and Mr. Rustem Sabitovich Bekturov as members of the Board of Directors of the Bank shall expire simultaneously with the expiration of the term of office of the Board of Directors of the Bank as a whole, that is, at the time of the Annual General Meeting of Shareholders, in 2022. – the amounts of monthly fixed remuneration of the members of the Board of Directors of the Bank have been determined, as well as it has been established that other payments and reimbursement of costs to the members of the Board of Directors of the Bank shall be made in the amount and in the manner established by the Policy of Remuneration of Members of ForteBank JSC Board of Directors and Reimbursement of Costs thereof. For reference. Total common voting shares of the Bank represented at the Meeting during the whole time thereof – 73,722,738,810 (98.5982 % of the total common voting shares of the Bank).05.06.2019 г.
"ForteBank" АҚ Басқармасы құрамының өзгерісі туралы ақпарат
Баспасөз хабарламасы "ForteBank" АҚ Басқармасы құрамының өзгерісі туралы ақпарат Астана, 2019 ж. 05 маусым – "ForteBank" акционерлік қоғамы, орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010017, Астана қаласы, Достық к-сі, 8/1, (әрі қарай – "Банк") Банк Басқармасы құрамының өзгерісі туралы хабарлайды. Банк Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 31 мамырдағы шешіміне сәйкес (отырыстың № 24(з) хаттамасы) 2019 жылғы 01 маусымнан бастап Басқарма мүшесі – Банк Басқармасы Төрағасының орынбасары Р. Омаровтың өкілеттігі оның өзінің бастамасы бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылды.24.05.2019 г.
ForteBank Kulanshi ArtSpace галереясында «Тосын көзқарас» көрмесі ашылды
Нұр-Сұлтан қаласы 24.05.2019 ж. ПРЕСС-РЕЛИЗ ForteBank Kulanshi ArtSpace галереясында «Тосын көзқарас» көрмесі ашылды 2019 жылғы 23 мамырда ForteBank Kulanshi ArtSpace галереясында «Тосын көзқарас» көрмесі ашылды. Фото өнеріне арналған экспозиция жұртшылыққа Польшаның белгілі фотографы Марта Виечоректің жұмыстарын ұсынады. Көрменің салтанатты ашылуына Қазақстанның және шетелдің өнер қайраткерлері, жетекші өнертанушылары және шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты. «Марта Виечорек әлемнің 50-ден астам елдерінде болған, сапарлары барысында ол композицияны қызықты ерекшеліктерді аңғарта және әсемдікке көмкере отырып, адамдардың өмірін, қоғамдық өмірді бейнелейді. Фотосуретшінің өз кейіпкерлерінің ішкі дүниесін ашуы және сол арқылы оларды ерекшелендіруі оның жұмыстарының бірегейлілігін көрсетеді», - деп айтып өтті ForteBank Басқармасының Төрағасы Гурам Андроникашвили. Антрополог, кәсіби және сұранысқа ие фотограф Марта Виечорек Польшаның ең әдемі жері – Лодзь қаласында туып-өскен. Мәдени және әлеуметтік антропология саласында білім алған Марта адамдарды зерттеп қана қоймайды, сонымен қатар адам жаратылысының сұлулығын көрсетеді. «Мартаның жұмыстарының мәнін түсінуге деген құштарлық пен медитативті пайымдау көрерменнің жүрегіне тыныштық пен сенім ұялатады. Бір өзіңнен басқа ешкім көрмейтін әдемілікті көру мүмкіндігін береді. Бұл үшін Марта Виечорек сияқты қай жерде болмасын өмірді, адамдарды сүю керек» - деп «Құланшы» заманауи өнер орталығы кураторлық кеңесінің төрағасы Лейла Махат түсінік берді. Экспозицияның екінші бөлігінде қазақстандық жас фотографтардың жұмысы ұсынылған. Әнел Құрбанова, Анар Мергенбаева, Вероника Лернер, Данил Потапов, Дарья Демиденко, Екатерина Заечковская, Жақсылык Байғазы, Натали Карпушенко, Наталья Болгарова, Назира Қожанова және Оспан Әли туындыларын алғаш рет ұсынып отыр. Көрмеде 100-ден аса жұмыс ұсынылған. Галерея үнемі жұмыс істейді, экспозициялар жүйелі түрде ауыстырылып отырады. Қала тұрғындары мен қонақтары галереяға келіп, өнер жауһарларын тамашалай алады. «Тосын көзқарас» экспозициясы 2019 жылғы 31 тамызға дейін келесі мекенжай бойынша ForteBank ғимаратында көрсетіледі: Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 8/1. Көрме күн сайын сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін ашық, кіру тегін. Фотограф туралы ақпарат: Марта Виечорек Польшаның Лодзь қаласында дүниеге келген. Марта – Дубай қаласындағы (Біріккен Араб Әмірліктері) шейх Заед атындағы Мәдени антропология университетінің доценті. Ол 2013 жылы антропология бойынша докторлық диссертациясын қорғаған. Оның ғылыми мүдделер салалары визуалды және қалалық антропологиядан тұрады, ол оны өзінің фотография мен ғылыми жұмысқа деген ерекше әуестігімен байланыстырады. Ол – поляк және бұдан бұрын өзінің фотожұмыстарын көрерменге 2008 және 2010 жылдарда Лодзь қаласында ұсынған. Марта әлемнің 50-ден аса елінде болған, сапарлары барысында ол адамдардың өмірлік тәжірибелерін қағазға түсіруге тырысады. Ол белгілі стильде жұмыс істейтін, Еуропа, Азия және Таяу Шығыста тәжірибе жинаған ғалым, жариялайтын зерттеуші және креативті суретші. 2018 жылдың қорытындысы бойынша ForteBank активтерінің мөлшері бойынша Қазақстаннның ең ірі үш банкінің қатарына кіреді және капиталдандыру және өтімділік деңгейі бойынша көшбасшылық орынға ие. Ресейлік Markswebb аналитикалық агенттігінің пікірі бойынша ForteBank мобильді қосымшасы Қазақстандағы № 1 және ТМД-дағы үздік ондықтың бірі болып танылды. The Banker және Global Finance пікірі бойынша ForteBank екінші жыл қатарынан «Қазақстанның жыл банкі» деп танылды.03.05.2019 г.
"ForteBank" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысындағы дауыс беру қорытындысы туралы
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ "FORTEBANK" АҚ АКЦИОНЕРЛЕРІНІҢ ЖЫЛДЫҚ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫНДАҒЫ ДАУЫС БЕРУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ "ForteBank" АҚ (Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05P1P0/010017, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық к-сі, 8/1, (бұдан әрі – "Банк") 2019 жылғы 29 сәуірде Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 10.00-ден 11.00 дейін келесі мекенжайда өткен: Қазақстан Республикасы, Z05P1P0/010017, Нұр-Сұлтан қ., Достық көшесі, 8/1, 8-қабат, "Astana" мәжіліс-залы, Банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысындағы (бұдан әрі – "Жиналыс") дауыс беру қорытындысы туралы хабарлайды. Бекітілген күн тәртібіне сәйкес Жиналыста келесі мәселелер қаралды және дауыс беру нәтижелері бойынша келесідей шешімдер қабылданды. * * * Күн тәртібінің 1-мәселесі бойынша "Банктің 2018 жылғы жылдық қаржылық есебін бекіту туралы" Қосымша тіркелген, "ForteBank" АҚ-тың 2018 жылғы аудиттелген жылдық қаржылық есебі бекітілсін. * * * Күн тәртібінің 2-мәселесі бойынша "Банктің 2018 жылғы таза табысын үлестіру тәртібін бекіту, Банктің бір жай акциясына есептегендегі дивиденд мөлшері туралы" 1. "ForteBank" АҚ-тың 2018 жылғы үлестірілмеген табыс бөлігін үлестірудің келесі тәртібі бекітілсін: - 2018 жылғы дивидендтерді төлеуге 11 600 000 000,00 (он бір миллиард алты жүз миллион) теңгеден аспайтындай мөлшердеге сома бөлінсін; - Банктің билігінде дивидендтерді төлегеннен қалған, таза табыс сомасы қалдырылсын. 2. "ForteBank" АҚ-тың бір қарапайым акциясына 0,127 теңге (сегіз бүтін оннан бес тиын) мөлшерінде есептеумен, онымен қоса Қазақстан Республикасы заңнамасында анықталған тәртіпте төлеуге тиісті салық сомасымен дивиденд мөлшері бекітілсін. Бұл ретте әрбір акционерге төленетін дивидендтердің жалпы сомасы бүтін тиынға дейін нақты анықталады (дөңгелектеу математикалық дөңгелектеу ережесі бойынша орындалады). Математикалық дөңгелектеу ережесі дегеніміз бүтіннен кейінгі сан 0-ден 4-ке дейін болса, бүтін мәні өзгермейді және бүтіннен кейінгі сан 5-тен 9-ға дейін болса, бүтін бір бірлікке көбейеді. 3. Дивидендтерді алуға құқы бар акционерлердің тізімі 2019 жылғы 02 мамырдағы Нұр-Сұлтан қ. уақытымен 00 сағат 00 минуттағы жағдайы бйынша тіркеп бекітілсін. 4. "ForteBank" АҚ-тың қарапайым акциялары бойынша дивидендті төлеуді бастау күні - 2019 жылғы 02 мамырдан бастап анықталсын. 5. Төлеу тәртібі – бір жолғы бір төлеммен бекітілсін. 6. "ForteBank" АҚ-тың қарапайым акциялары бойынша дивидендті төлеу нысаны – Банк акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесіндеге акционерлердің деректемелері бойынша қолма-қол ақшасыз тәртіпте бекітілсін. Қоғамның деректемелері: атауы "ForteBank" АҚ, тіркеу туралы куәлік № 4241-1900-АО, орналасқан мекенжайы: Z05P1P0 (010017), Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ. қаласы, Достық көшесі, 8/1, банктік деректемелері: БСН 990740000683, БСК IRTYKZKA, корреспонденттік шот KZ23125KZT1001300204 "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі" ММ-де. *** Күн тәртібінің 3-мәселесі бойынша "Банктің Директорлар кеңесінің өткен қаржы жылына Есеп беруі туралы" "ForteBank" АҚ Директорлар кеңесінің өткен қаржы жылына есебі бекітілсін. * * * Күн тәртібінің 4-мәселесі бойынша "Акционерлердің Банктің және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне қатысты жүгінулері және оны қарастырудың нәтижелері туралы" Банк 2018 жылы ішінде өзінің акционерлерінен "ForteBank" АҚ акциялары бойынша дивидендті есептеу және төлеу мәселелері бойынша, сондай-ақ Банктің акционерлеріне тиесілі акцияларды сату мәселелері туралы 24 өтініштер алғанын, "ForteBank" АҚ аталған өтініштерді қарау нәтижелері бойынша акционерлеріне тиісті түсініктемелермен хаттарды жібергені туралы "ForteBank" АҚ Басқармасының ақпараты ескерілсін. * * * Күн тәртібінің 5-мәселесі бойынша "Директорлар кеңесі мүшелерінің және Банк Басқармасының 2018 жылғы сыйақы мөлшері және құрамы туралы" Қосымшада тіркеген Директорлар кеңесі мүшелерінің және Банк Басқармасының 2018 жылғы сыйақы мөлшері және құрамы туралы ақпараты ескерілсін. * * * Күн тәртібінің 6-мәселесі бойынша "Банк Жарғысының өзгерістерін бекіту туралы " 1.«ForteBank» акционерлік қоғамының Жарғысына №5 өзгерісі осы шешімді қабылдаған күннен бастап күшіне енумен, осы шешімнің 1-қосымшасының редакциясында бекітілсін. 2. «ForteBank» акционерлік қоғамының Жарғысына №5 өзгерістерді бекітуге байланысты, Банктің Басқарма Төрағасы (немесе оның міндетін атқарушы) Г.Андроникашвилиге акционерлердің атынан «ForteBank» акционерлік қоғамының Жарғысына № 5 өзгеріске қол қою және басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асыру жүктелсін. 3. Акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен бекітілген Банктің барлық қолданыстағы ішкі құжаттарының өзгеруі бекітілсін: Қазақстан Республикасының астанасының «Астана» атауы толық, қысқартылған және басқа да әртүрлі жазу нұсқаларында, әртүрлі әріптік регистрлерде және әр түрлі септік жалғауларында «Нұр-Сұлтан» деген атауға тиісті әртүрлі әріптік регистрлерде және әр түрлі септік жалғауларында ауыстырылсын. 4. Акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен бекітілген Банктің барлық қолданыстағы ішкі құжаттарының өзгеруі бекітілсін: Алматы қаласындағы «Фурманов көшесінің» көше атауы толық, қысқартылған және басқа да әртүрлі жазу нұсқаларында, әртүрлі әріптік регистрлерде және әр түрлі септік жалғауларында «Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы» деген атауға тиісті әртүрлі әріптік регистрлерде және әр түрлі септік жалғауларында ауыстырылсын. * * * Жиналысқа оның өткізілген уақыты бойы ұсынылған Банктің дауыс беруші жай акцияларының жалпы саны – 73 714 243 282 (жай акциялардың жалпы санының 98,5976 %). PRESS RELEASE ON VOTING RESULTS AT THE ANNUAL GENERAL MEETING OF SHAREHOLDERS of FORTEBANK JSC ForteBank JSC (Management Board is located at: bldg. 8/1, Dostyk str., Nur-Sultan city, Z05P1P0/010017, Republic of Kazakhstan) (hereinafter the “Bank”) hereby announces the voting results at the Annual General Meeting of the Bank Shareholders (hereinafter the “Meeting”) held on April 29, 2019 from 10.00 to 11.00 by Nur-Sultan standard time, at the following address: “Astana” Conference Room, 8th floor, bldg. 8/1, Dostyk str., Nur-Sultan city, Z05P1P0/010017, Republic of Kazakhstan. In accordance with the approved agenda, the following issues were considered at the Meeting, and following resolutions were passed based on the voting results. * * * Issue 1 of the Agenda “On approval of the 2018 annual financial statements of the Bank” To approve the attached audited annual financial statements of ForteBank JSC for the year ended December 31, 2018, including consolidated ones. * * * Issue 2 of the Agenda “On approval of the order of distribution of the Bank’s 2018 net income, the amount of the dividend per common share of the Bank” 1. To approve the following treatment of a part of undistributed profit of ForteBank JSC for 2018: – the amount up to a maximum of KZT 11,600,000,000.00 (eleven billion six hundred million tenge) to be allocated for payment of dividends; – the amount of net income remaining after the payment of dividends to be retained at the disposal of the Bank. 2. To approve the amount of dividend per common share of ForteBank JSC in the amount of KZT 0.127 (twelve point seven tiyn), including the amount of taxes payable in accordance with the laws of the Republic of Kazakhstan. The total amount of dividends payable to each shareholder must be accurate to the integer tiyn (rounding is performed according to the mathematical rounding rules). The rule of mathematical rounding is the method of rounding, when the value of an integer tiyn (integer tiyns) does not change if the first digit after the one being rounded is from 0 to 4, and changes by increasing by one if the first digit after the one being rounded is from 5 to 9. 3. To record the list of shareholders eligible to receive dividends as of May 02, 2019, 00:00 by Nur-Sultan standard time. 4. To determine the date of commencing of dividend payment on common shares of ForteBank JSC – starting from May 03, 2019. 5. To approve the payment procedure – at a time by one payment. 6. To approve the form of payment of dividends on common shares of ForteBank JSC – in non-cash form to the banking details of shareholders in the system of the Bank share holder registers. Banking details: name ForteBank JSC, Certificate of Incorporation No.4241-1900-AO, location: bldg. 8/1, Dostyk str., Nur-Sultan city, Republic of Kazakhstan, Z05P1P0 (010017), BIN 990740000683, BIC IRTYKZKA, correspondent account KZ23125KZT1001300204 with National Bank of the Republic of Kazakhstan Republican State Institution. * * * Issue 3 of the Agenda “On the Report of the Board of Directors of the Bank for the past financial year” To approve the report of the Board of Directors of ForteBank JSC for the expired fiscal year. * * * Issue 4 of the Agenda “On the appeals of shareholders to the actions of the Bank and its officials, and the results of consideration thereof” To take in consideration the information provided by the Management Board of ForteBank JSC that during 2018, the Bank received 24 appeals from its shareholders regarding accrual and payment of dividends on ForteBank JSC shares, as well as on the sale of ForteBank JSC shares owned by its shareholders, and that following the consideration of these appeals, ForteBank JSC sent letters to shareholders with appropriate explanations. * * * Issue 5 of the Agenda “On the amount and composition of remuneration of members of the Board of Directors and the Management Board of the Bank in 2018” To take into consideration the attached information on the amount and composition of remuneration of members of the Board of Directors and the Management Board of the Bank in 2018. * * * Issue 6 of the Agenda “On approval of an amendment to the Charter of the Bank” 1. To approve Amendment No.5 to the Charter of ForteBank Joint Stock Company as amended by Annex 1 hereto, which will enter into force on the date of adoption of the present resolution. 2. To authorize G. Andronikashvili, Chairman of the Management Board (or the person acting as such) to sign Amendment No.5 to the Charter of ForteBank Joint Stock Company on behalf of its shareholders and fulfill other actions associated with the approval of Amendment No.5 to the Charter of ForteBank Joint Stock Company. 3. To approve in all effective internal documents of the Bank as approved by resolutions of the general meeting of shareholders the change of the name of the Republic of Kazakhstan capital, Astana city, in its full, abbreviated and other names in various spelling variants, various letter cases and various grammatical cases to the name of “Nur-Sultan” in the respective letter cases and grammatical cases. 4. To approve in all effective internal documents of the Bank as approved by resolutions of the general meeting of shareholders the change of the name of the street in Almaty city “Furmanov street”, in its full, abbreviated and other names in various spelling variants, various letter cases and various grammatical cases to the name of “Nursultan Nazarbayev avenue” in the respective letter cases and grammatical cases. * * * Total common voting shares of the Bank represented at the Meeting during the whole time thereof – 73,714,243,282 (98.5976 % of the total outstanding common shares).