19.04.2019 г.
"ForteBank" АҚ Басқармасы құрамының өзгерісі туралы ақпарат
Баспасөз хабарламасы "ForteBank" АҚ Басқармасы құрамының өзгерісі туралы ақпарат Нұр-Сұлтан қ., 2019 ж. 15 сәуір – «ForteBank» акционерлік қоғамы, орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05P1P0/010017, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 8/1, (әрі қарай – «Банк») Банк Басқармасы құрамының өзгеруі туралы хабарлайды. Банктің Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі шешіміне сәйкес (отырыстың № 14 хаттамасы) 2019 жылғы 15 сәуірден бастап Дыканбаева Алия Маратовна – Басқарма мүшесі –Басқарма төрағасының орынбасары (CFO) болып cайланды. Press release Information on changes in the composition of ForteBank JSC Management Board Nur-Sultan city, 15 April 2019 – ForteBank Joint Stock Company located at: bldg. 8/1, Dostyk str., Nur-Sultan city, Z05P1P0/010017, Republic of Kazakhstan (hereinafter referred to as the “Bank”), hereby informs of changes in the composition of the Management Board of the Bank. In accordance with the resolution of the Board of Directors of the Bank dated 11 April 2019 (Minutes of Meeting No.14), from 15 April 2019, Ms. Aliya Maratovna Dykanbayeva was elected a member of the Bank’s Management Board – Deputy Chairwoman of the Bank’s Management Board (CFO).15.04.2019 г.
ForteBank Павлодар қаласында 500 тал отырғызуға кірісті
Нұр-Сұлтан қаласы 15.04.2019 ж. БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ ForteBank Павлодар қаласында 500 тал отырғызуға кірісті Бүгін ForteBank қызметкерлері және олардың отбасылары Павлодар қаласындағы Усолка ықшам ауданында тал отырғызуды бастады. Аумақты көгалдандыру шаралары облыста елді мекендерді санитарлық тазалау, көгалдандыру және абаттандыру бойынша 13 сәуірде басталған айлық шеңберінде өтуде. «Павлодар – ForteBank үшін маңызды өңір. Біз бұл өңірдің экономикасы мен тұрғындарын белсенді кредиттеудеміз, жергілікті бизнесін дамытуға көмектесудеміз. Сондай-ақ, банк үшін қала өміріне белсенді араласып, әлеуметтік жауапты бизнес болу өте маңызды. Сондықтан біз облыс әкімдігінің бастамасын белсенді қолдап, қала аумағында 500 тал отырғызуға шешім қабылдадық», - деп ForteBank Басқарма Төрағасы Гурам Андроникашвили аталмыш шараға түсінік беріп өтті. Тал отырғызуға ForteBank-тің 60 қызметкері және олардың отбасылары қатысты. Банкирлер Усолка ықшам ауданын қоқыстан тазартып, ағаш отырғызды. Тал отырғызу технологиясын сақтау үшін банк сырттан тартқан көгалдандыру бойынша мердігер компаниялардың құзыретті мамандары көмектесті. Бүгін ішінара отырғызылған бес жүз ағаштың құрамы мынадай: 60 көк шырша, 260 жасыл шырша, 60 терек, 60 қайың және 60 шаған. Бүгінгі күні көгалдандыру үшін бөлінген аумақ дайындалған 500 талдың 247-ін отырғызуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, ForteBank талдардың біраз бөлігін, яғни филиал ғимаратының салынуына байланысты құлатылуы және қайта отырғызылуы тиіс 52 ағашты құрылыс орнынан «Денсаулық» саябағына қайта отырғызды. ForteBank активтерінің мөлшері бойынша Қазақстаннның ең ірі үш банкінің қатарына кіреді және капиталдандыру және өтімділік деңгейі бойынша көшбасшылық орынға ие. Ресейлік Markswebb аналитикалық агенттігінің пікірі бойынша ForteBank мобильді қосымшасы Қазақстандағы № 1 және ТМД-дағы үздік ондықтың бірі болып танылды. The Banker пікірі бойынша ForteBank екінші жыл қатарынан «Қазақстанның жыл банкі» деп танылды.