08.04.2020 г.
Жеке тұлғаның банктік (ағымдағы/арнайы ағымдағы) шотының шартына (Жалпы шарттар) өзгерістер енгізу
Құрметті клиенттер, Сізге «ForteBank» АҚ 2020 жылғы 08 сәуірде «ForteBank» АҚ Уәкілетті органы бекіткен (Жалпы талаптар) Жеке тұлғаның банктік (ағымдағы/арнайы ағымдағы) шоты шартына өзгерістері енгізілгені туралы хабарлайды. Құрметпен, ForteBank02.04.2020 г.
Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді аударуға арналған шот
Төтенше жағдай режимі кезінде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты табысынан айрылғандарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ай сайын 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлем төленеді. Бұл көмекті алу үшін ForteBank бөлімшелерінде жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есептеуге арналған «арнайы» шотты ашуды ұсынамыз. Бұл «арнайы» шоттағы ақшаға үшінші тұлғалар тарапынан ауыртпалықтар салынбайды және өндіріп алу жүргізілмейді – яғни тыйым салынбайды, төлем талаптары, инкассолық өкімдер және басқалары қойылмайды.27.03.2020 г.
Банк бөлімшелерінің 2020 жылдың 30 наурыз-30 сәуір аралығындағы жұмыс кестес
Құрметті клиенттер, 30 наурыздан бастап 30 сәуірге дейін біздің Нұр-сұлтан мен Алматы қаласындағы бөлімшелеріміз жұмыс істемейді. Бұл төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешіміне байланысты — осы кезеңде Нұр-сұлтан және Алматы қалаларында барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін тоқтата тұрады. Егер сізге ақша жіберу сияқты қандай да бір операцияны жүргізу керек болса, оны біздің Қосымша қолданба арқылы жасаңыз. Онда ақша аударымдары, қызметтерді төлеу, картаға тапсырыс беру, кредит алу және т.б. бар, оның барлығын бөлімшеге бармай-ақ жасауға болады. [Жеке тұлғалар үшін жұмыс кестесі](https://cdn-1.forte.kz/assets/forte-admin/1aef4b07b2314f9eb920daec285e9606.pdf) [Заңды тұлғалар үшін жұмыс кестесі](https://cdn-1.forte.kz/assets/forte-admin/65eefbc3b4c841f2813baca063c978d2.pdf) Құрметпен, Сіздің Forteban26.03.2020 г.
Қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу тәртібіне енгізілген өзгерістер
Құрметті клиенттер! 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүргізу қағидаларының 2020 жылғы 23 наурыздан бастап күшіне енуіне байланысты, "ForteBank" АҚ қолма-қол ақшасыз шетел валютасын ұлттық валютамен сатып алу тәртібіне енгізілген өзгерістер туралы хабарлайды. Келесі мақсаттарда қолма-қол шетел валютасын ұлттық валютамен сатып алу: (100 000 АҚШ долларының орнына) 50 000 АҚШ долларындағы баламасынан аспайтын сомаға – шетел банктеріндегі жеке шоттарына шетел валютасын аудару, шетел валютасындағы ақшаны ақысыз аудару, сондай-ақ шетел валютасын уәкілетті банктердегі шоттарға орналастыру. (100 000 АҚШ долларының орнына) 50 000 АҚШ долларынан асатын сомаға сауда жасау өтінімін ресімдеу кезінде валюталық шарт және шот/төлеу туралы өзге құжат қоса беріледі. Қолма-қол ақшасыз шетел валютасын ұлттық валютамен сатып алу өтінімімен қатар, ол 10 жұмыс күні ішінде жұмсалмаған жағдайда, оны 3-күндік мерзімде сату туралы банкке берілетін нұсқау қоса берілуі қажет. Бұған осы заңды тұлға – резидент оның акционерлері, құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза табыстың немесе оның бір бөлігінің төлемі мақсатында сатып алынған шетел валютасы қосылмайды.21.03.2020 г.
ForteBank қазақстандықтарды үйдегі Наурыз үшін марапаттайды
ForteBank #SaveNauryz атты флешмоб жариялап, қазақстандықтарды көшеге шықпауға, Наурызды үйде мерекелеуге және сол үшін сыйлыққа ақша алуға шақырады. Наурызды қазақстандықтар халықтық сауық-сайран, серуендермен тойлап үйренген. Алайда, коронавирус салдарынан концерттер мен фестивальдар тоқтатылды. Енді бәрі карантинде отырып, тойды үйде тойламақ. Үйде отырудан адамдардың еңсесі түспеуі үшін ForteBank оларды #SaveNauryz атты флешмоб жариялап, онда 10 000 000 теңге ұтысқа салу арқылы қолдауға шешті. Флешмоб мәні ұғынықты: ол үшін 22 наурызда үйде қалу, Наурыз мейрамымен бейнеқұттықтау түсіру, оны әлеуметтік желілерде #SaveNauryz хэштегімен орналастыру қажет. Банк барлық қатысушылардың арасында әрқайсысы 100 000 теңгеден 100 ақшалай ұтыс ойнатады. Оның шарттары туралы банктің әлеуметтік желілердегі мына парақшаларынан толығырақ оқып біліңіздір: <a rel="nofollow" target="_blank" href="https://www.instagram.com/fortebankkz/">https://www.instagram.com/fortebankkz/</a> <a rel="nofollow" target="_blank" href="https://www.facebook.com/fortebank/">https://www.facebook.com/fortebank/</a> <a rel="nofollow" target="_blank" href="https://vk.com/fortebank ">https://vk.com/fortebank</a> ForteBank өкілдері #SaveNauryz флешмобының көмегімен қазақстандықтарды біріктіре алады және олардың көңіл-күйін көтереді деп сенеді.