14.01.2020 г.
Абайлаңыз, алаяқтар шықты
Құрметті клиенттер, Осы аптада алаяқтар белсенді әрекеттенуде, сондықтан сіздің абай болуыңызды өтінеміз. Банк нөмірлерін қайталайтын виртуалды нөмірлерден қоңырау шалуы мүмкін, сондай-ақ атымен жоқ акцияларда жеңіске жеткеніңіз туралы хабарлама алуыңыз мүмкін. Сондай-ақ, алаяқтар әлеуметтік желілерде, әсіресе Инстаграмдағы парақшалар мен аккаунттарды пайдаланады, олар ForteBank ұтыс ойынының ұйымдастырушысы болып көрінеді: ұтысқа қатысу үшін билеттерді сатады да, сізден карта мәліметтерін жіберіп, комиссия төлеуді сұрайды. Жадыңызда сақтауыңызды сұраймыз: Біздің қызметтер, карталар және лотереялар туралы барлық ақпарат осы сайтта және Инстаграмдағы ресми аккаунттарда: @fortebankkz, @market.forte, @iamfortekz жарияланады. Біздің конкурстар мен ұтыс ойындарына қатысу үшін біз ешқашан ақша аударуды немесе жеке деректеріңізді: карта нөмірлері, пин-код және CVC / CVV кодтарын сұрамаймыз. Toyota Camry 70 ұтысы аяқталды, қазірше басқасы жоқ. Жаңа ұтыс болған кезде біз барлық ақпаратты сайтта және әлеуметтік желілерде орналастырамыз. Құрметпен, ForteBank10.01.2020 г.
Техникалық жұмыстар
Құрметті клиенттер, Банктік жүйелерге техникалық толықтыру жұмыстарын жүргізуге байланысты, жеке тұлғаларға арналған Интернет пен Мобильді банкинг 2020 жылғы «14» қантар күні сағат 05:00-ден бастап сағат 05:30-ға дейін уақытша жұмыс істемейтіні туралы хабарлаймыз. Осы туындаған ыңғайсыздық үшін Сізден кешірім сұраймыз және де Сіз түсінушілікпен қарайды деп ойлаймыз. Құрметпен, ForteBank.