20.03.2019 г.
Жеке тұлғалармен жасалған қолданыстағы банктік қарыз шарттарының талаптарын бір жақты тәртіпте жақсарту туралы хабарлама
Құрметті қарыз алушылар, Осы арқылы «ForteBank» АҚ (бұдан әрі – Банк) Сізге жеке тұлғалармен жасалған қолданыстағы банктік қарыз шарттарының талаптарын біржақты тәртіпте жақсарту туралы хабарлайды. Банк 2019 жылғы 4 сәуірден бастап банктік қарызға қызмет көрсетуге байланысты ай сайынғы комиссияларды есептеуді тоқтатады *. Сонымен, - Қарыз алушылар бұдан әрі қарызды өтеуді банктік қарызға қызмет көрсетуге байланысты ай сайынғы комиссиясыз жүзеге асырады; - Комиссияның аталған күшін жоюы ** 2019 жылғы 4 сәуірден бастап өтелетін әрбір ай сайынғы төлемге қолданылады. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабының 3-тармағында көзделген құқыққа сәйкес хабардар етілген күннен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде қарыз алушы банктік қарызға ұсынылатын жақсарту талаптарын (банктік қарызға қызмет көрсетуге байланысты комиссияны жою) Банкке жазбаша түрде хабарлау арқылы қабылдамауға құқылы. Егер қарыз алушы банк қарызын жақсарту талаптарымен келіссе және / немесе Банк 2019 жылғы 4 сәуірден бастап, 14 күнтізбелік күн ішінде қарыз алушының жазбаша бас тартуын алмаса, қарызды өтеу АЙ САЙЫНҒЫ КОМИССИЯСЫЗ төленеді. Сіз жаңа өтеу кестесін Банктің бөлімшесінен ала аласыз. Барлық сұрақтарыңызды 7575 нөмірі арқылы хабарласып, сұрауыңызға болады. * банктік қарызға қызмет көрсетуге байланысты комиссия әртүрлі кезеңдерде қарызға қызмет көрсету үшін комиссия, банктік шотты жүргізу үшін комиссия, несиелік шотты жүргізу үшін комиссия деп аталған болатын. ** аталған комиссияны жоюы - комиссияны жою күніне дейінгі кезең үшін төленген ай сайынғы комиссияларға қолданылмайды. Құрметпен, «ForteBank» АҚ19.03.2019 г.
24 наурыз - Техникалық жұмыстар
Құрметті клиенттер, Банктік жүйелерге техникалық толықтыру жұмыстарын жүргізуге байланысты, жеке тұлғаларға арналған Интернет пен Мобильді банкинг 2019 жылғы «24» наурыз күні сағат 06-00-ден бастап сағат 08-00-ке дейінгі уақытша жұмыс істемейтіні туралы хабарлаймыз. Осы туындаған ыңғайсыздық үшін Сізден кешірім сұраймыз және де Сіз түсінушілікпен қарайды деп ойлаймыз. Құрметпен, ForteBank.19.03.2019 г.
Бөлімшелердің демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс кестесі
Құрметті клиенттер, Сіздерді келе жатқан НАУРЫЗ мерекесімен құттықтаймыз! [ForteBank-тің жеке тұлғалармен жұмыс істейтін бөлімшелерінің демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс кестесі.](https://cdn-1.forte.kz/assets/forte-admin/76932269898b469d9afd694351020919.pdf)18.03.2019 г.
"Global Finance" нұсқасы бойынша ForteBank биыл да үздік қаржы ұйымдарының қатарында
12 наурыз күні Нью-Йоркте "Global Finance" журналы жыл сайынғы дәстүр бойынша 26-шы рет әлемнің үздік банктерін салтанатты жағдайда марапаттады. "Global Finance" журналының ұжымы қарқынды өсу, инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу, сондай-ақ стратегиялық жобаларды іске асыру критерийлерін негізге ала отырып, жыл сайын 150-ден астам елдегі үздік қаржы институттарына зерттеу жүргізеді және таңдайды. Биыл да оңтайлы және ыңғайлы сервистерімен және керемет бизнес нәтижелерімен бірқатар банктер лауреат деп танылды. Халықаралық басылымның оң көзқарасына ие болған қаржы ұйымдарының арасында қазақстандық Forte банкі бар. Салтанатты рәсімде банктің басқарма төрағасы Гурам Андроникашвили былай деді: "Біз үшін Global Finance журналының марапатын алу – үлкен құрмет. Бұл марапатты екі жыл қатарынан иеленуіміз біздің тұтынушыларымызға тиімді қызметімізді және стратегиямыздың дұрыс таңдалғанын растайды. Банк өзінің клиенттеріне үздік инновациялық өнімдерін ұсына отырып, капиталының жеткіліктілігі мен өтімділігі бойынша нарықта көшбасшылық позициясын сақтап қалады. Біз 2018 жылы барлық қаржылық және операциялық көрсеткіштер негізінде айтарлықтай өсімге қол жеткізіп, активтер мөлшері бойынша Қазақстанның екінші деңгейлі банктерінің топ-3 құрамына кірдік. Ал бұл жетістігіміз халықаралық сарапшылар тарапынан бағаланғанына қуаныштымыз". Айта кетейік, "Global Finance" талдаушыларының пікірінше, ForteBank жеңісін анықтаған негізгі факторлар нарықтық позицияларының күшеюі, географиялық қамтуы және клиенттер үшін үздік инновациялық қызмет көрсетуі болып табылады.15.03.2019 г.
Техникалық жұмыстар
Құрметті клиенттер, Банктік жүйелерге техникалық толықтыру жұмыстарын жүргізуге байланысты, жеке тұлғаларға арналған Интернет пен Мобильді банкинг 2019 жылғы «16» наурыз күні сағат 17-00-ден бастап сағат 22-00-ке дейінгі уақытша жұмыс істемейтіні туралы хабарлаймыз. Осы туындаған ыңғайсыздық үшін Сізден кешірім сұраймыз және де Сіз түсінушілікпен қарайды деп ойлаймыз. Құрметпен, ForteBank.