Нашар көретіндерге
KZ
KZ

Выберите месяц

Все

18.03.2019 г.

"Global Finance" нұсқасы бойынша ForteBank биыл да үздік қаржы ұйымдарының қатарында

12 наурыз күні Нью-Йоркте "Global Finance" журналы жыл сайынғы дәстүр бойынша 26-шы рет әлемнің үздік банктерін салтанатты жағдайда марапаттады. "Global Finance" журналының ұжымы қарқынды өсу, инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу, сондай-ақ стратегиялық жобаларды іске асыру критерийлерін негізге ала отырып, жыл сайын 150-ден астам елдегі үздік қаржы институттарына зерттеу жүргізеді және таңдайды. Биыл да оңтайлы және ыңғайлы сервистерімен және керемет бизнес нәтижелерімен бірқатар банктер лауреат деп танылды. Халықаралық басылымның оң көзқарасына ие болған қаржы ұйымдарының арасында қазақстандық Forte банкі бар. Салтанатты рәсімде банктің басқарма төрағасы Гурам Андроникашвили былай деді: "Біз үшін Global Finance журналының марапатын алу – үлкен құрмет. Бұл марапатты екі жыл қатарынан иеленуіміз біздің тұтынушыларымызға тиімді қызметімізді және стратегиямыздың дұрыс таңдалғанын растайды. Банк өзінің клиенттеріне үздік инновациялық өнімдерін ұсына отырып, капиталының жеткіліктілігі мен өтімділігі бойынша нарықта көшбасшылық позициясын сақтап қалады. Біз 2018 жылы барлық қаржылық және операциялық көрсеткіштер негізінде айтарлықтай өсімге қол жеткізіп, активтер мөлшері бойынша Қазақстанның екінші деңгейлі банктерінің топ-3 құрамына кірдік. Ал бұл жетістігіміз халықаралық сарапшылар тарапынан бағаланғанына қуаныштымыз". Айта кетейік, "Global Finance" талдаушыларының пікірінше, ForteBank жеңісін анықтаған негізгі факторлар нарықтық позицияларының күшеюі, географиялық қамтуы және клиенттер үшін үздік инновациялық қызмет көрсетуі болып табылады.

15.03.2019 г.

Техникалық жұмыстар

Құрметті клиенттер, Банктік жүйелерге техникалық толықтыру жұмыстарын жүргізуге байланысты, жеке тұлғаларға арналған Интернет пен Мобильді банкинг 2019 жылғы «16» наурыз күні сағат 17-00-ден бастап сағат 22-00-ке дейінгі уақытша жұмыс істемейтіні туралы хабарлаймыз. Осы туындаған ыңғайсыздық үшін Сізден кешірім сұраймыз және де Сіз түсінушілікпен қарайды деп ойлаймыз. Құрметпен, ForteBank.

07.03.2019 г.

#

05.03.2019 г.

Техникалық жұмыстар 12.03.2019

Құрметті клиенттер, Банктік жүйелерге техникалық толықтыру жұмыстарын жүргізуге байланысты, жеке тұлғаларға арналған Интернет пен Мобильді банкинг 2019 жылғы «12» наурыз күні сағат 02-00-ден бастап сағат 04-00-ке дейінгі уақытша жұмыс істемейтіні туралы хабарлаймыз. Осы туындаған ыңғайсыздық үшін Сізден кешірім сұраймыз және де Сіз түсінушілікпен қарайды деп ойлаймыз. Құрметпен, ForteBank.

05.03.2019 г.

2019 жылғы 04 наурызда болған "ForteBank" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысындағы дауыс беру қорытындысы туралы

«ForteBank» АҚ (Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05P1P0/010017, Астана қаласы, Достық к-сі, 8/1, (әрі қарай – «Банк») 2019 жылғы 04 наурызда астана уақытымен сағат 10.00-ден 11.00 дейін келесі мекенжайда өткізілген: Қазақстан Республикасы, Z05P1P0/010017, Астана қаласы, Достық к-сі, 8/1, 8-ші қабат, "Astana" мәжіліс-залы, Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысындағы (әрі қарай – «Жиналыс») дауыс беру қорытындысы туралы хабарлайды. Жиналыстың бекітілген күн тәртібіне сәйкес, жиналыста «Банктің Директорлар Кеңесінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін анықтау, оның мүшелерін сайлау, сондай-ақ Банктің Директорлар кеңесі мүшелерінің сыйақы мөлшерін анықтау» қаралды Жиналыстағы дауыс беру қорытындысы бойынша келесі шешімдер қабылданды: – Банктің Директорлар Кеңесі Ауэзов Магжан Муратовичтің, Утемуратов Ануар Булатовичтің, Исатаев Тимур Ризабековичтің, Бектуров Рустем Сабитовичтің, Хуберт Альберт Пандзаның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды; – Банктің Директорлар Кеңесінің құрамы бес адамнан тұратын, оның өкілеттігі Банк акционерлерінің 2022 жылы болатын жылдық жалпы жиналысы өткізілгенде аяқталатын мерзіммен анықталды; – Банктің акционері Б.Ж. Утемуратовтың мүддесінің өкілдері ретінде, Банктің Директорлар Кеңесінің мүшелері болып Ауэзов Магжан Муратович, Утемуратов Ануар Булатович және Исатаев Тимур Ризабекович сайланды; – Банктің Директорлар кеңесінің мүшелері – Банктің тәуелсіз директорлары болып Бектуров Рустем Сабитович, Хуберт Альберт Пандза және Абдразаков Ельдар Советович сайланды; – "ForteBank" АҚ Директорлар Кеңесінің мүшелеріне сыйақыны және олардың шығындарының орнын толтыру саясатында анықталған мөлшерде және тәртіпте, Банктің Директорлар Кеңесінің мүшелеріне ай сайынғы тіркелген сыйақының мөлшері анықталды, онымен қоса өзге де төлемдер тағайындалды, сондай-ақ Банктің Директорлар Кеңесінің мүшелеріне шығындардың орнын толтырулар анықталды. Анықтамалық. Жиналыстың жүргізілу барысында ұсынылған, Банктің дауыс беруші қарапайым акцияларының жалпы саны 73 714 244 310 (Банктің дауыс беруші қарапайым акцияларының жалпы санының 97,4038 %). On voting results at the extraordinary general meeting of ForteBank JSC shareholders held on March 04, 2019 ForteBank JSC (Management Board is located at: 8/1, Dostyk str., Astana city, Z05P1P0/010017, Republic of Kazakhstan) (hereinafter the “Bank”) hereby announces the voting results at the extraordinary general meeting of the Bank shareholders (hereinafter the “Meeting”) held on March 04, 2019 from 10.00 to 11.00 by Astana standard time, at the following address: “Astana” Conference Room, 8th floor, 8/1, Dostyk str., Astana city, Z05P1P0/010017, Republic of Kazakhstan. According to the approved agenda, the following issue was considered at the Meeting: “On determining the number of members, term of appointment of the Bank’s Board of Directors, election of the members thereof, and determining the amount of remuneration thereto”. Based on the results of voting at the Meeting, the resolutions were passed as follows: – the powers of the Board of Directors of the Bank composed of Magzhan Auezov, Anuar Utemuratov, Timur Issatayev, Rustem Bekturov, Hubert Albert Pandza were terminated ahead of time; – the composition of the Board of Directors of the Bank has been determined in the number of six persons with a term of office that expires at the time of the annual general meeting of shareholders of the Bank in 2022; – Mr. Magzhan Auezov, Mr. Anuar Utemuratov and Mr. Timur Issatayev were elected as members of the Board of Directors of the Bank – representing interests of Mr. B. Utemuratov, a shareholder of the Bank; – Mr. Rustem Bekturov, Mr. Hubert Albert Pandza and Mr. Yeldar Abdrazakov were elected as members of the Board of Directors of the Bank – independent directors of the Bank; – the amount of monthly fixed remuneration of the members of the Board of Directors of the Bank has been determined, and it was established that other payments, as well as reimbursement of expenses to the members of the Board of Directors of the Bank, shall be carried out in the amount and in the manner set by the Policy of Remuneration of members of the Board of Directors of ForteBank JSC, and reimbursement of expenses thereof. For reference. Total common voting shares of the Bank represented at the Meeting during the whole time thereof – 73,714,244,310 (97.4038 % of the total common voting shares of the Bank).
ForteBank-ті таңдағаныңызға рахмет!Бізге хабарласыңыз, көмектесуге қуаныштымыз.



Барлық құқықтар сақталған © Forte 2024