Нашар көретіндерге
KZ
KZ

Выберите месяц

Все

01.02.2019 г.

Астанада «Әсемдік әлеміне 112 жыл. Pin-up & fashion» көрмесі ашылды

«ӘСЕМДІК ӘЛЕМІНЕ 112 ЖЫЛ. PIN-UP & FASHION» көрмесінің салтанатты ашылуы 2019 жылдың 31 қаңтарында ForteBank Kulanshi ArtSpace галереясында өтті. Шараға өнер қайраткерлері, жетекші өнертанушылар және шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты. Экспозицияда Esquire (1930-1950 жж.), Cosmopolitan (1933-1934 жж.) және Playboy (1960 жылдар) журналдарының винтажды өрістеу кезеңдері, сонымен қатар пин-ап стилінде жасалған плакаттар, күнтізбелер, гравюралар және басқа көркем туындылар ұсынылды. Көрмеге барлығы 23 суретшінің жұмысы қойылды. Экспонаттардың көп бөлігі ART BANK петербургтік жинағынан келді. «Көрме бұл бағыттың өмір сүруінің әртүрлі кезеңдерін – пайда болуы, джаз дәуірінде таралуы, екінші дүние жүзілік соғыс кезеңінде дамуы, 1960 жылдары танымалдылығының төмендеуі және 1990 жылдардың соңында қайта өркендеуін көрсетеді. Көрермендер Джил Элвгрен, Джордж Петти, Чарльз Дана Гибсон, Эрл Моран секілді суретшілердің шығармашылығымен танысады», - деді ForteBank Басқармасының Төрағасы Гурам Андроникашвили. Сонымен қатар көрмеде ShakerBay қазақстандық брендінің Eastern Stream жаңа топтамасы көрсетіледі. Бұл марканы заманауи еуразиялық әйел образын және ырғағын жасауды мақсат еткен апалы-сіңілі Меруерт пен Күнайым Шакербаевалар шығарды. «Тарихы жүздеген жылдардан асатын шекпендер мен кимоно – қазіргі заманауи әйелдің киім-кешегінің ажырамас бір бөлігіне айналды. Біз енді сәнді журналдардан суреттерді (to Pin-Up) қиып алмаймыз, біз өзіміз заманауи еуразиялық әйел образын және ырғағын жасаймыз. Сапаға, өзіндік ерекшелікке және бірегейлікке баса назар аударылады» - деп мәлімдеді «Құланшы» заманауи өнер орталығының тәлімгерлік кеңесінің төрағасы Лейла Махат». «ӘСЕМДІК ӘЛЕМІНЕ 112 ЖЫЛ. PIN-UP & FASHION» экспозициясы Астана қаласы, Достық көшесі 8/1 мекенжайындағы ForteBank ғимаратында 2019 жылғы 16 наурызға дейін жұмыс жасайды. Көрме күн сайын сағат 9:00 бастап 20:00 дейін ашық, кіру тегін.

31.01.2019 г.

ForteBank активтерін көбейтті және Қазақстанның үздік банктерінің 3-не кірді

Нарық активтерінің 4,5%-ке өсуі аясында Банк активтері 18,1%-ке өсті және 1 776,7 млрд теңгені құрады. Осы арқылы 2019 жылдың 1 қаңтарында ForteBank 2 сатыға көтеріліп, активтерінің көлемі бойынша Қазақстанның үздік ЕДБ-нің 3-не кірді. Өтімділік деңгейі нарықтағы ең жоғарғылардың бірі күйінде қалды, ағымдағы өтімділік коэффициенті К4 (ағымдағы айналым активтерінің қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы) 154%, ал норматив 30%-тен кем болмауы тиіс). ForteBank Moody’s Investors Service және Standard & Poor’s әлемдік рейтинг агенттіктері рейтингілерінің өзгеруі болжамын тұрақтыдан позитивтіге қайта қарастырған Қазақстанның санаулы банктерінің бірі. ForteBank халықаралық беделді басылымдарда танылуда. The Banker пікірі бойынша екінші жыл қатарынан ForteBank «Қазақстанның жыл банкі» марапатына ие болды. Сонымен қатар 2018 жылы «The International Banker» банкке «Бөлшек бизнестегі ең үздік инновациялық банк» марапатын берді. Бұл жаңалыққа ForteBank Басқармасының Төрағасы Гурам Андроникашвили түсініктеме берді. «Егер алдыңғы жылдың қорытындысымен салыстырсақ, біз өткен жылға қарағанда 45-50% жоғарымыз. Бұл жерде 2 құраушы фактор бар – бөлшек бизнесте, сонымен қатар ШОБ-та жаңа клиенттерді тарту бойынша белсенді жұмыс. Бұл ретте жоғары сапалы қызмет көрсету және банк нарығындағы турбуленттілік клиенттерді ForteBank-ке жүгінуге итермелейді. Бұл комиссиялық табыстың айтарлықтай өсуіне және еркін өтімділікке әкеледі. Бұдан басқа кепілсіз кредит беруге баса назар аудара отырып, бөлшек кредит беруді қайта іске қостық, сонымен қатар ForteX валюталық онлайн алаңды дамытуды жалғастырудамыз және заңды тұлға клиенттердің қолма-қол ақшасыз конвертациясынан түсетін табысты айтарлықтай ұлғайттық».

11.01.2019 г.

Техникалық жұмыстар

Құрметті клиенттері, Банктің автоматандырылған банктік ақпараттық жүйесіне жоспарлы техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты, 2019 жылғы 12 қаңтарда, 21:30 кейін Заңды тұлғалар үшін Интернет-банкинг қолжетімсіз болады, техникалық жұмыстарды жүргізудің орташа уақыты – 3 сағат. Сіздің аталған күндерге Заңды тұлғалар үшін Интернет-банкингі жүйесіндегі жұмыстарыңызды жоспарлауыңызды сұраймыз. Осы қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз! Құрметпен, ForteBank

10.01.2019 г.

Түркістан қаласындағы филиалы

Құрметті клиенттер, «ForteBank» АҚ Шымкент қаласындағы филиалының Түркістан қаласы, Тәуке хан көшесі, 371 мекенжайдағы бөлімшесінің 2019 жылғы 14 қаңтардан бастап жабылатындығы туралы хабарлаймыз. 2019 жылғы 14 қаңтардан бастап Түркістан қаласы, Тәуке хан көшесі, 371 мекенжайы бойынша «ForteBank» АҚ Түркістан қаласындағы филиалы қызмет жасайды. Қосымша ақпарат алу үшін Банктің Түркістан қаласындағы филиалына немесе 7575 нөмірі бойынша байланыс орталығына хабарласуыңызды сұраймыз.
ForteBank-ті таңдағаныңызға рахмет!Бізге хабарласыңыз, көмектесуге қуаныштымыз.



Барлық құқықтар сақталған © Forte 2024