11.02.2019 г.
Руслан Омаров ForteBank Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Руслан Омаровты Басқарма мүшесі, ForteBank Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымына мақұлдады. Руслан Омаров IT бағытына жетекшілік етеді, сонымен қатар IT ONE компаниясын басқарады. ForteBank Басқарма Төрағасы Гурам Андроникашвили: «Руслан Омаровты банктің басшылық құрамында көруге қуаныштымыз. Русланның кәсіби біліктілігі мен жоғарғы деңгейдегі құзыреттілігі цифрландыру жолындағы банк бағдарын нығайтуға және клиенттер үшін ең үздік инновациялық қызметтер ұсыну бойынша бағдарын күшейтуге әсер ететіндігіне сенімдіміз». Руслан Омаров, биометрикалық шешімдер, төлем құралдары, цифрлік платформалар құрау саласында сарапшы, мансаптық жолын ҚР Ұлттық Банкінде бастады. «Казкоммерцбанк» АҚ инновациялық технологиясын дайындауға қатысты. 2012 жылдан 2018 жылға дейін Бірінші кредит бюросының Бас директоры болды. Оның басқару кезеңінде Бірінші кредит бюросы кредит тарихы картотекасынан кредит нарығына арналған толыққанды қаржылық-технологиялық хабқа дейін өсті. Қазіргі таңда Бірінші кредит бюросының Бақылау кеңесінің Төрағасы, «Атамекен» ҰКП жанындағы ІТ-кеңестің және Алматы қаласы бойынша аймақтық ІТ-кеңестің мүшесі, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы жанындағы Қаржы технологиялары комитетінің мүшесі.11.02.2019 г.
Техникалық жұмыстар
Құрметті клиенттер, Банктік жүйелерге техникалық толықтыру жұмыстарын жүргізуге байланысты, жеке тұлғаларға арналған Интернет пен Мобильді банкинг 2019 жылғы «13» ақпан күні сағат 02-00-ден бастап сағат 04-00-ке дейінгі уақытша жұмыс істемейтіні туралы хабарлаймыз. Осы туындаған ыңғайсыздық үшін Сізден кешірім сұраймыз және де Сіз түсінушілікпен қарайды деп ойлаймыз. Құрметпен, ForteBank.08.02.2019 г.
Техникалық жұмыстар
Құрметті клиенттер, Банктік жүйелерге техникалық толықтыру жұмыстарын жүргізуге байланысты, жеке тұлғаларға арналған Интернет пен Мобильді банкинг 2019 жылғы «09» ақпан күні сағат 17-00-ден бастап сағат 22-00-ге дейінгі уақытша жұмыс істемейтіні туралы хабарлаймыз. Осы туындаған ыңғайсыздық үшін Сізден кешірім сұраймыз және де Сіз түсінушілікпен қарайды деп ойлаймыз. Құрметпен, ForteBank.08.02.2019 г.
Техникалық жұмыстар
Құрметті «ForteBank» АҚ клиенттері! Банктің автоматандырылған банктік ақпараттық жүйесіне жоспарлы техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты, 2019 жылғы 9-10 ақпанда Заңды тұлғалар үшін Интернет-банкинг қолжетімсіз болады. Сіздің аталған күндерге Заңды тұлғалар үшін Интернет-банкингі жүйесіндегі жұмыстарыңызды жоспарлауыңызды сұраймыз. Осы қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз! Құрметпен, ForteBank.06.02.2019 г.
«Fortebank» АҚ қарыздардың пулдары бойынша талап ету құқығын басқаға беру мүмкіндігін қарастырады.
«Fortebank» АҚ 11 миллиард теңгеден артық сомаға проблемалы кепілсіз қарыздардың және 6 миллиард теңге сомаға жылжымалы мүлікпен (автокредит) қамтамасыз етілген қарыздардың пулдары бойынша талап ету құқығын басқаға беру мүмкіндігін қарастырады. Талап ету құқын сатып алу бойынша ұсыныстарды мына мекенжайға: Қазақстан Республикасы, 050001, Астана қ., Достық көш., 8/1, «Fortebank» АҚ-ға жіберулеріңізді сұраймыз.